Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 249
  • Тәрбие сағаты
  • 04/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20770


Күні: 23.11.2016ж Сыныбы: 5 «В» Кабинет: 210
Тақырыбы Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Мақсаты • 1.Білімділік:Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып,өз ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.
• 2.Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту,логикалық ойларын,шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
• 3.Тәрбиелік:Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп,жеке тұлға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже • Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып,өз ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйренеді.
• Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту,логикалық ойларын,шығармашылық танымдық қабілеттерін артады.
• Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіреді.

Ресурстар Интерактивті тақта, Флипчарт, маркерлер, қайшы,желім, А 4 қағаздары
Ұйымдастыру Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы,топқа бөлу Әнұран орындату. Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады,қағаз түстеріне қарай топқа бөлінеді. Әнұран орындайды. Бір біріне тілек айтады,қағаз түсіне сәйкес екі топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлап, топтарына ат қояды.
Ой қозғау Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз –
бейбітшілік пен тыныштық. Күш қолдану
мен жанжал атаулыны болдырмауға бар
ерік-жігерімізді аямаймыз.
Н.Назарбаевтың сөзімен бастау Осы мақсат
жолында Қазақстандағы барлық ұлттар
өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір
қолдың саласындай күш біріктіруіне
мүдделіміз.

І бөлім:
«Фишбоун» әдісі Қазақстан-кеше... Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Қазақстанның ертеңіне туралы айтады
Бағалау Жұлдызша арқылы бағалау Әр топ жұлдызша жинайды
Ән «Туған жер» әнін тыңдау Оқушылар «Туған жер» әнін орындайды

ІІ бөлім
Қазақстан-бүгін...
Кім көп біледі? Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
Сұрақтарға жауап береді
Бағалау Жұлдызша арқылы бағалау Әр топ жұлдызша жинайды
ІІІ бөлім Қазақстан-ертең...
Қазақстанның болашағын көздеріңе қалай елестетесіңдер? Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ақ қағазға сурет салады
Ән «Қазақ елі» әнін тыңдау Ералы Нұрбек «Қазақ елі» әнін орындайды

ІV бөлім
“Бұл қай ғимарат?” кезеңі
Тақтадан ғимарат суреттерін көрсету
Астанадағы «Бейбітшілік пен келісім» сарайы
«Бәйтерек» Оқушылар суреттен қай ғимарат екенін табады
Қысқаша түсініктеме береді
V бөлім
Мәнерлеп оқу
Тәуелсіздік туралы өлеңді жатқа, мәнерлеп айту.
Тәуелсіздік туралы өлеңді жатқа, мәнерлеп айтады.

Сергіту сәті «Тамаша күн» би билеу Тақтаға қарап билейді
Қорытынды "Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса,
азаматтық намысың болса,
қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің
нығайып-көркеюі жолында
жан теріңді сығып
жүріп еңбек ет.
Жердің де, елдің иесі өзің
екеніңді ұмытпа!"

Бағалау Жұлдызшаны санап жеңімпаз топты анықтау Қол шапалақтайды
Рефлекция Стикер тарату Стикерге жазады

«Болашақ» мектеп-гимназиясы



5 «В» сынып жетекшісі: Аширбекова Рауан

2016-2017 о.ж. Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аширбекова Рауан Лесханқызы

ОҚО Қазығұрт ауданы "Болашақ" мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті

Пікірлер: 0

avatar