Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тәуелсіздікке 25 жыл тәрбие сағаты
  • 19.12.2016
  • 269 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20583

Тәуелсіздікке 25 жыл.

Мақсаты :
1. Білімділігі: Бүгінгі жас ұрпақтың бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбиелік шараның барысы
1.Ұйымдастыру.
І.1723-1725 жылдар жонғар шапқыншылығы кезінде тойтарыс берген батыр Қаракерей Қабанбай.
2.Орта жүздің биі Қаздауысты Қазыбек.
3.1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
4. Тәуелсіздікке 25 жыл

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіздікке 25жыл” атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Қазіргі кезде біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Кошпенділерден үзінді. 2-26 дейін
БАТИМА.
Жапон тарихшысы Зокота «Ресей мен Орта Азия» деген кітабында қазақтардың осы күресі туралы былай деп жазады:сол кезде жонғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткенімен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойында жонғарлармен табан тірескен тек қазақтар болды».
Қазақ және жонғар хандықтары арасындағы күрес барған сайын кескілескен және қан төгісті сипат ала берді.
Жонғарлар – қазақ елінің оңтүстік шығысынан төнген ең қауіпті жау болды. Көшпелі жонғар қалмақтары қазақтардың оты, суы мол, құнарлы жайылымы көп, кең байтақ жеріне қызықты. Қазақ жерін жаулап алу үшін тынымсыз соғыстар жүргізген.
Қазақ халқы тарихында қайғы-қасіретке ұшыраған ең ауыр жылдар «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама», « Ақ қайың сауған, тышқан жыл»(1723-1727) деп аталады.
Қазақ елінің басынан өткен бұл қайғылы кезең «Қаратаудың басынан көш келеді» деген халық өлеңінде терең бейнеледі.
Қанша қиыншылық көрсе де, алайда басқыншы жау қазақ халқының сағын сындыра алмады. Қазақтар өздерінің атамекенін жоңғар шапқыншыларынан қорғап, дұшпанға кеткен есесін қайтару жолындағы күресін тоқтатпады.

ЕЛАМАН: Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);
қабанбай туралы видео
слайд
ЕЛАМАН;
Қабанбай батырдың басқа батырлардан ерекшелігі, ол – ұлтын сүйген ерекше нар тұлға. Ол 18-ші ғасырдағы қазақ батырларының ішіндегі дарасы.

Қазақ – жонғар соғысында аты әйгілі қазақ батырлары көп болған, бірақ солардың ішінде аты да, заты да бір бөлек, көп батырдың жетекшілік ету ретінде үздік қара болып көзге түскені Қаракерей Қабанбай еді.

Қабанбай батыр – қазақтың біріккен қолының қолбасшысы, данқты батыр.
Қабанбай – ержүрек, батыл батыр, талай ауыр соғыс сыннан өткен, оның бүкіл өмірі халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен.
Қазақ даласын, қазақ елін жонғар шапқыншыларынан құтқару барысында Қабанбай өзінің туыстарының барлығын ұйымдастыра білген. Қабанбай әулетімен батыр болған. Туған-туысқандарымен бірге жаумен шайқасқан.

ЖАНДОС;
Бүкіл қазақ даласында болып өткен ірі-ірі шайқастардың бәріне қатынасып, өзінің ерен ерлігі нәтижесінде Қабанбайдың есімі мен қаһармандығы аңызға айналып кеткен.
Қаракерей Қабанбай қатыспаған бірде-бір ірі шайқас болмаған. Қабанбай батыр осындай сұрапыл шайқастарға қатынасып, сол жекпе-жекке 103 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен.

Қазақ батырларына бас, ерлік істерге ұйытқы болған ұлы қолбасшы өз кезеңінде атты әскер соғысының мықты стратегі, жекпе-жектің тендесі жоқ шебері болған. Осылайша есімі елге танылған Қабанбай қазақ жерін жаудан азат етуде алпыс жыл ат үстінен түспеген.
Ұлтымыздың белгілі ақыны, ағартушысы Мәшһүр Жүсіп Көпей (1858-1931) дана : «Қазақта Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр болған емес» - десе,

ШҰҒЫЛА;
Қазақ халқының елі мен жерінің тұтастығы, бүтін ел, мемлекет болу арманы Қабанбайды Абылайға жақындастырады. Ол Абылай сұлтанның ең бірінші болып достық ықыласын білдірген. Тағдыр оған Қабанбай сияқты хас батырларды тұстас келтірді. Олар бір-біріне сүйеніш бола білді. Және Қабанбай батыр Абылай ханның саясатын қолдап, қалың Найман руына бас сардары болып, Абылай ханға бағындырып, бірлігін сақтау саясатын жүргізген. Абылай ханға үш жүздің тізгінін ұстатқан. Соғыс даласында үнемі Абылаймен ақылдасып, билер кеңесі арқылы шешім қабылдап отырған.
Қазанат – Қубас ат!
БАТИМА;
Қазақ пен жылқы біте қайнасқан ұғым. Бірінен-бірін бөліп алудың қажеті жоқ. Бұл туралы хиса-дастандар, аңыз-әңгімелерде айтылып жүр. Жылқы жануарының үстіне алғаш біздің бабаларымыз мінгені ғылымда дәлелденіп жатыр. «Ер қанаты-ат»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Жаугершілік заманда батырдың жан серігіне айналған арғымақтар аз емес.
Сол сәйгүліктердің бірегейі-Қубас ат . Қаракерей Қабанбай батырға серік болған, аруақты тұлпар -Қубастың орыны ерекше. Қабанбай батыр соғысқа аттанғанда көбіне аттың белі шыдамайды екен. Шешуші шайқастардың шебін бұзып жүрген Қабан батырға, өзіне сай тұлпар керек болғаны даусыз. Қалың ел жылқыға бай қазақ даласынан Қабанбай батырға ат іздепті. Бұл сөз Қабанбайдың нағашысы атақты Би Боранбайға жеткен екен. Боранбай бабамыз жиені Қабанбайды шақыртып, Ұланбай мен Бұланбайдың үйір-үйір жылқысының ішінен, арда еміп жүрген Қубасты таңдап берген екен.
Жылқышы алып келгенде тұлпарды көрген ел таңдай қағып, таңырқасыпты. Биіктігі нардай, кеуделі, кесек жылқыны Қабанбай бірден ұнатыпты. Атының өзі Қубас деп қойылуы да тегін емес, жүйрікке сай басында бір қырым ет болмаған дейді. Қубас Ақсуат жеріндегі, Тарбағатай жайлауында өскен құлын. Боғас, Талды-Базар, Қарғыба суын қанып ішкен қазанат. Өкпеті тауларының етегі мен Майлышат маңайында өскен.

НҰРЗАТ;
Батыр бабамыздың жан серігіне айналған Қубас атпен талай жорықтар жасалып, жекпе-жек шайқастар өткізіп, ел үшін елеулі соғыстарға қатысқан. Тұран дала төсінде Қабанбайды көтеріп , жеңіс туының желбіреуіне септігін тигізген Қубас аттың да еңбегі ерен. Қубас аттың еліміздің төрт бұрышында тұяғы тимеген жері жоқ. Дарабоз батырға қанат болған даңқты тұлпар жайлы әңгімелер, дастандар, жырлар жетерлік.

ЕЛАМАН;
Батырдың қубас ат пен серттесуі:
Мен келдім жетпіс сегізге,
Сен келдің отыз сегізге .
Сенен басқа ат мінсем ,
Мінгендей болдым өгізге.
Сені мініп шапқанда ,
Тартынбай түстім теңізге .
Ей,Қу басым, Қу басым,
Қабанбай өлді дегізбе!
Төрт арыстың баласын ,
Енді ешкімге жегізбе!
Шабалмасаң саған серт!
Қарсы келген жауыма,
Қара тамақ найзамды ,
Қадамасам маған серт !

АСАНАЛІ;
Қубас аттың соңғы күндері де туған жерінде өткен. Әбден қартайған шағында көз қырыңызды сала жүріңіз деп, аманат етіп Би Боранбайға әкеліпті. Қалың жылқының ішінде жүрген Қубас , бір күні орнынан тұра алмай жатып қалады. Бұны естіген Би Боранбай: «Ел үшін туған ерен ердің астында ұзақ жыл серік болған аруақты тұлпар ғой, қалың жылқыны «Қабанбайлап!» ұран салып, қиқулап қасынан айдап өтіңдер. Айғайға елігіп, тұрып кетер»-депті. Жылқышылар атақты бидің айтқанын істепті. Қиқулап, ұран салып бір топ жылқыны жанынан қуып өткенде, кәрі тұлпар дүбірге елігіп, ұшып түрегеліп, топқа ілесе жөнеліпті.
Қубас аттың бас сүйегі Тарбағатай тауының бір сілемі, Жағалбайлының ең биігіне қойылған екен. Бүгінгі таңда бұл өлкені қастерлеп «Қубас ат кезеңі» деп атайды. Етегіндегі бастауға ақтық байлап, ары-бері өткен ел аялдайды. Тұлпарға құрмет көрсетіп, ел азаматтары Қу бас атқа ескерткіш те орнатып қойған. Қубастың із қалған бұл өлкеде текті жылқылардың тамыры үзілген жоқ. Әлі талай Қубастай жылқылар туады, үстіне лайық батыр болса!
БАТИМА,
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);
слайд
АЙША;
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді.
БАТИМА; Көрніс;
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек барған екен.
Қалмақ ханы ( отырады)
Сахнаға әскерлері жүгіріп шығып;
-Қазақтардан елші келе жатыр 2 рет
Кіргізіңдер (Қалмақ ханы )
Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп
-Датың болса айт
Қазыбек би айтады;
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
БАТИМА;
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған, ізгілікті де аңғарған, әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып:
Қалмақ ханы басын шайқап; “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”,.
БАТИМА; Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Слайд
АЗАМАТ;
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Қандай дүние жетеді балауына!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.
1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Слайд
ЕЛАМАН; Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
ШҰҒЫЛА;
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
АРУЖАН;
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр-арқаңнан айрылып
Қонақ- Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
АЛУА
Қасиетті Қазақстаным,мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркен деді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
БАЛЖАН
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгілтүсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды
ЕЛАМАН;
Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй-тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім, жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға, алға тәуелсіз Қазақстан!!!
БАТИМА
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім

Флешмоб. Жаса қазақстан.

ШҚО.Семей қаласы.
"№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат"КММ
Тәрбиеші:Жунусханова Карлыгаш Кенесхановна Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздікке 25 жыл тәрбие сағаты Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жунусханова Карлыгаш Кенесхановна

ШҚО.Семей қаласы.№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Rai
Көрсетілім: 269 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar