Тұғырлы тәуелсіздік және кемеңгер тұлға

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 233
  • Тәрбие сағаты
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20512


Тақырыбы: Тұғырлы тәуелсіздік және кемеңгер тұлға
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның шежірелі тарихына шолу жасау, оқушыларға патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөз, өлең шумақтары.
Сайыс барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 4- ші жыл тойланып отыр.
2-жүргізуші:
Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.
Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлға. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2-жүргізуші
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
1-жүргізуші: Қазіргі 5,6,7-сынып оқушыларымен ардагер ұстаздардың қатысуымен өтетін зияткерлік сайысымыз да осы мереке күніне арналмақ.
Сайыс үш кезеңнен тұрады. Сайыскерлердің міндеті: Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, Елорда-Астананың гүлденуіне, Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғибратты ғұмырына қатысты сұрақтарға жауап беріп, еліміздің дамуына байланысты өз болжам-ойымен бөлісу.

2-жүргізуші:
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
Ата-баба қанымен
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып
Қонды елге.

1-кезең. Тәуелсіздік шежіресі
Сайыскерлерге төмендегі сұрақтар қойылады, қайсысы бірінші әрі дұрыс жауап берсе, соған ұпай беріледі. Бір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991жыл.
2.Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл 4 маусым
3.Қазақстан компартиясы қашан таратылды? 1991жыл.
4.Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.
5.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы. 1993 жыл.
6. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық одақ құру»идеясы жарияланған жыл.
1994 жыл .
7. «Қазақстан-2030 даму стратегиялық» бағдарламасының қабылданған жылы. 1997 жыл.
8.Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ құрылтайы қашан болды?
2000 жыл.
9.Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау»заңының қабылданған жылы. 2001 жыл.
10.Қазақстан Республикасының екі палаталы тұңғыш парламентінің өз жұмысын бастаған жылы. 1996 жыл.
11. Қазақстан Республикасының қоспалаталы Парламентінің сайлауы қашан болды? 1995 жыл.
12. Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына қашан мүше болды?
1992 жылы.

2-кезең. Ғажайып қала- Астана,
Кемеңгер тұлға-шың дара.
Әр топқа Астана тарихынан және Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың ғибратты ғұмыр тарихынан сұрақтар қойылады
1-топ сайыскерлеріне қойылатын сұрақтар:
1. 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алған қала. Астана.
2. Тәуелсіз мемлекеттер достығы қашан, қайда құрылды?
1991 жылы Алматыда.
3. Н.Ә.Назарбаев қашан Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы болды? 1979-84 жылдары
4. Н.Ә Назарбаев қашан Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді?
1960-69 жылдары.
5. Н.Ә.Назарбаев қашаннан бастап КСО президенті болды? 1990ж сәуірінен.
2- топ сайыскерлеріне қойылатын сұрақтар:
1. Н.Ә.Назарбаев 1969-73 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласында қандай қызмет атқарды?
Партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
2. Н.Ә.Назарбаев қашан КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды?
1990 жылдың ақпан-сәуірінде.
3. «Астана»сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді?
Парсы тілінен алынған, «киелі орын, босаға» деген мағынаны білдіреді.
4. Астанамыз Ақмола мәртебесін қашан алды? 1862 жылы.
5. Юнесконың шешімі бойынша Астана қаласына қашан «Бейбітшілік қала» атағы берілді? 1998 жылы.
3-топ сайыскерлеріне қойылатын сұрақтар:
1.Н.Ә.Назарбаев қашан экономика ғылымдарының докторы болды?
1993 жылы.
2. Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсаукесері қашан болды? 1998 жылы 10 шілдеде.
3. Жаңа елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді? 6.09. 1998жылы

4. Н.Ә.Назарбаев қашан Қарағанды облысының партия комитетінің хатшысы болды? 1977-79жылы.
5. Қ.Р-ның халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа мүшелікке енген жыл. 1992 ж.
3-кезең. Азат елім! Тәуелсіз азаматым!
Сенсің ертең мінберде сөз алатын.
Аттан Барыс бейнелі болашаққа,
Барша Әлемге шығаршы қазақ атын!

2-жүргізуші:
Сіздің ойыңызша, еліміздің ертеңі болар қазақ жастары Қазақстанды барша әлемге қалай танытады? Түйін жазып, ой бөлісіңіз.
1-жүргізуші:
Халқым айтқан: «Жер көтерер ел даңқын»,
Елім айтқан: «Ел көтерер жер даңқын».
Аман болғай Президентіміз әрқашан,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Тауларың бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл-қызындай даламыз бар- ұлы кең.
Алдарыңызда басымды иіп, қазағым,
Құттықтаймыз Бірінші Президент күнімен!
/Әділ қазылар шешім шығарғанша, жанкүйерлерге Қазақстан тарихына байланысты сауалдар қойылды./
2-жүргізуші:
Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге,
Тура төрелік жасаған әділ қазыларға,
Жанкүйер болған тыңдармандарға,
Қадірлі қонақтарға
Үлкен рахметімізді айтамыз! Тәрбие.орг сайтынан Тұғырлы тәуелсіздік және кемеңгер тұлға Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтмагамбетова Ботагоз Исмангалиевн

СҚО Петропавл қаласы "Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі" КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar