Тақырыбы: Анасы бар адамдар , ешқашан қартаймайды

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 1210
  • Тәрбие сағаты
  • 21/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18761


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймады»
Мақсаты: Ата ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші: Құрметті, аналар, ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі құтты болсын!!!
-Ортамызға назік қыздарымызды шақырайық!(гүлдер таратылады)
2-жүргізуші: Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер, -деп «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Ана десем шешек алып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, -дей отырып, алғашқы мейрекелік құттықтау сөзді мектебіміздің тәрбие ісінің жетекшісі Салтанат Серікқанқызына береміз.
2-жүргізуші:
Анасыздар Ақ Еділ Жайықсыздар.
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүрекке от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
1-жүргізуші:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар! -дей, отырып Аналарымызға арналған видео роликке назар аударайық
2-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым
Қазірет пайғамбарға бір адам (Ата анаға құрмет видео)

1 жүргізуші :
Әнсіз өткен мереке мереке ме?! Өміріміздің мәні болған әйелдер қауымына әуезді әнімізді әуелетіп таң атқанша салсақ, артық емес, сірә да. Өйткені, 8 наурыз иелері мынау жарық жалғанның ең әсем әндеріне толығымен лайықты... Ақынға шабыт үстеп, сазгерге сезім қосқан сүйікті анамыз бен әжемізге арналған танымал әндер бар.
(Ән 4 сынып «Анашым ана жаным»
2-жүргізушісі:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар, -демекші, 4сыныптың орындауында Ана туралы жыр әнің қабыл алыныздар.
1-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. сыныбымыздың оқушыларынан аналарына арнаған видео ролликті тамашалаңыздар.
2- жүргізуші :
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекте
Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыздар?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
4. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
5. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
-Рахмет ал енді сізбен ойын ойнасақ. Сіз ұлыңызды қаншалықты білесіз ойыны?
Ұлыңыздың туған күні?
Сынып жетекшісінің толық аты жөні
Ұлыңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді
Ұлыңыз қандай түсті жақсы көреді
Ұлыңыздың парталас көршісі кім?
Спорттың қандай түрін жақсы көреді
1- жүргізушісі:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Жүректен шыққан жылы сөздер. Ана деген кім? (ой толғау)
2-жүргізуші:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ендеше қыздардың анал арына деген өлен шумақтарын тыңдайық.
1-Жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды,ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін аналар. Ендеше тәрбие сағатымызды қорытындылауға сөзді аналарымызға береміз.
Жүргізушілер:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Тәрбие.орг сайтынан Тақырыбы: Анасы бар адамдар , ешқашан қартаймайды Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арынгазина Мөлдір Дауренқызы

ШҚО Жарма ауданы Қапай Батыр ауылы Васильковка негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar