Тақырыбы: "Шылымның зияны"

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 348
  • Тәрбие сағаты
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20953


Тақырыбы: «Шылымның зияны»
Мақсаты:
1. Шылым шегудің тарихынан мағлұматтарберу.Шылым шегудің адам ағзасына зиянын ашып көрсету.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болуға,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
3. Оқушылардың темекіге әуес болмауының алдын алу.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін,тіл байлығын жетілдіру.
Көрнекілігі:Кітаптар,суреттер,слайдтар.
Барысы:-Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:«Шылымның зияны.» 1. Енді балалар алдымен зиянды әдеттерге тоқтап кетейік.Олар;есірткі,ішімдік,темекі.Бүгінгі сабағымызда осы темекі туралы айтатын боламыз.Шылым.Шылымшегу Америкадан тараған.Ол1942ж 12-қазаннда Христофер Колумб Америкаға келіп түст. «Санта Мария» кемесі апатқа ұшыраған соң,өзі Европаға аттанған.Х-Колумб 2-ші жорығынан кейін 1493-ж темекі Испанияға әкелінді.Темекі Европада алғаш рет өсірген Жан Никоның құрметіне темекіге «никотин» деген атау берген.Ол кейіннен ресейге әкелінді. Темекі ол кезде шипалы,түтүні ауруларды емдейді,жын-шайтанды аластайды,бас ауруын жазады деп есептеген.Бірақ кейіннен оның кейіннен оның зиянды екенін білген,және темекі тартқан адамдарды жазалаған. Шылымның зияны:а)Тіс эмалін бұзады. б)Темекі түтүні сілекей безін тітіркендіреді. в)Асқазанға зақым келеді. г)Шылымнан рак аурулары туындайды.(өкпеге зақым келеді) д)Жүрек аурулары.(инсульт,инфаркт) 2.Өлең шумағы:а) Күрк-күрк көк жөтел, Күркүлдеген не жөтел Жасыңнан шенсең темекі Түбіңе сенің сол жетер. б)Түтүнімен ыстап өкпені, Никотин уын төккені. Жүрегің ұстап талмасын, Мишықтың құрғап кетені. в) Будақтатып шығарасың сен түтүн, Салмақтылық дарытасың тұлғаңа Ал,аузыңның иісі сасық екенін Мойындауға дәтің шыдап тұрама. г) Шылымқоржан,жағымсыз ол түтүнің Бірақ,саған оны қалай айтамын, Есіңді жи! Сені алдап түсірді, Жазалайсың сен де бейкүнә жандарды. 3.Қанатты сөздер:а) Шылым шегіп әдемі болғанша, Қылығыңа сай кәделі бол. б) Ішпеген, шылым шекпеген, Жасайды жылдар көптеген. в) Шылымды әр тартқаның, Табытыңа темір шеге қаққаның. г) Шылым өзін ғана емес, Өзгелерді де улайды.4.Видеоролик: (слайд) 5.Дәрігердің сөзі: (мектеп дәрігері) 6.Мақал-мәтел: (слайд, жалғасын табу) а) Денсаулық-зор байлақ. б) Жарлының байлығы-денінің саулығы. в) Дені сау ұрпақ- ел болашағы. г) Ауруын жасырған- өледі. д) Дені сау адам-дәулетті адам. е) Шынықсаң-шымыр боларсың. 7.Көрініс: (баклажкадан жасап көрсетеді) 8.Қорытынды: а)Балалар тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай? б)Бүгінгі тәрбие сағатымызда не жөнінде әңгімеледік? в)Қандай зиянды әдеттер бар? г)Шылымның зияны қандай? Қандай аурулар туындайды? Ал,балалар барлығымыз салауатты өмір салтын ұстап,денсаулығымызды сақтау керекпіз.Зиянды әдеттерден аулақ жүрейік. Тәрбие.орг сайтынан Тақырыбы: "Шылымның зияны" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нагимова Раушан Талгатовна

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar