Тақырыбы:Сыпайылық – адамгершілік айнасы

  • Жүктеулер: 24
  • Көрсетілім: 587
  • Тәрбие сағаты
  • 28/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23633


№49 орта мектеп

Тақырыбы:Сыпайылық – адамгершілік айнасы

Күні: 24.11.17ж
Сынып 3 «Ә»
Сынып жетекшісі Биманова

Күні: 24.11.17ж
Тақырыбы:Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Мақсаты: Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.
Міндеттері:
а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңірту;
ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;
б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
І. «Сыпайылық» ассоцация
ІІ. Ақын, жазушылардың ойлары
ІІІ. Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал-мәтелдер
ІҮ. «Құпия хаттарға» жауап беру
Ү. «Әдепті бала – арлы бала»
ҮІ. Адамгершіліктің негізгі қағидалары
М: Сыпайылық тәрбиенің белгісі. Сыпайылық адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет қыз баласының бойынан табылуы қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы өте зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелілікке жатады? Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапйымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі…
І топ: «Әдептілік»
ІІ топ: «Әдемелік»
ІІІ топ: «Тәрбиелік»
І. «Сыпайылық» ассоцация
Әр топ «сыпайылық» туралы өз ойларын айтып, ассоцация жасайды.
ІІ. Ақын, жазушылардың ойлары
Оқушылар ақын, жазушылардың өлең жолдарымен, шығармаларымен бөліседі.
ІІІ. Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал-мәтелдер
1. Тіріде сыйласпаған ағайын құм құйылсын көзіңе.
2. Туғаныңмен туыспасаң кең дүниеге сыйыспассың.
3. «Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
4. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
5. Кішіден ізет-үлкеннен құрмет.
6. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
7. Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
8. Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек.
9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
10. Бала тәрбиесі бесіктен
11. Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
12. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
13. Әдеп басы – тіл.
14. Әйел – әдептің белгісі.
15. Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде білесің.
ІҮ. «Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар әр түрлі қаладан жазған балалардың хаттарына жауап береді.
1-хат. Ақтөбе қаласы: құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ол бос үй тапсырмасын орындамайды, бірақ көп ойнайды. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» — дейді. Достар, мен не істеуім керек?
2-хат. Лондон: мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды.кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3-хат. Париж: Саған ата-анаң үй тапсыомасын орындау керектігін ескертті немес сұрап тексерді. Кенеттен жан досың қоңыраушалып, оған бір топ балалар тиісіпжатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?
4-хат. Нью-Йорк: Көптен күткен әншінің концертіне билет алуға бара жатырсың. Қалтаңда 2000 тг бар, билет құны 2000тг. Жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек блоып тұрғанын айтып, қарызға 1000тг беруін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
5-хат. Дубай: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығады?
6-хат. Туркия: Сен Алгебрадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың
7-хат. Астана: Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қасысын таңдайсың немесе достарыңмен қандай қарым-қатынаста болар едің?
Ү. «Әдепті бала – арлы бала»
1. Айнур көрші апайды күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап өте шықты. Сонда көрші апай… Жалғастыр…
2. Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр…
3. Сіз қоғамдық көлікте отырсыз. Көлікке үлкен қатр адам мінді. Бос орын жоқ. Сіз не істер едіңіз?
4. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз. Алдағы әрекетіңіз қандай болмақ?
5. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздің артыңызда әжей тұр… Жалғастыр…
6. Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе…. жалғастыр..
7. Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр.. сіздің әрекетіңіз?
ҮІ. Адамгершіліктің негізгі қағидалары
1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызм
етте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады. Тәрбие.орг сайтынан Тақырыбы:Сыпайылық – адамгершілік айнасы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Биманова Дариға Кенжебекқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая ауылы Бастауыш мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar