Тарих қасіреті

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 171
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21070


Тақырыбы:Тарих қасіреті Мақсаты: Білімділілік: Қасіретті жылдар құрбандары, жазықсыз жапа шегіп,қуғын – сүргін көрген ел ардақтылары мен ел зиялылары туралы толық түсінік беріп, ашаршылық пен репрессия құрбандары туралы жаңа мәліметтермен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау, зерттеу,іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Жарқын болашақ үшін қызмет етіп, зұлмат заманның зардабын тартқан, халық жауы атанып жазықсыз құрбан болған ата, әкелеріміздің рухына бас иіп, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктері: АКТ, слайдтар,суреттер,мәліметтер Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру бөлімі Кіріспе сөз. №1 слайд. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Саяси қуғын – сүргіндерді еске алу күні аталып өтуде. Дәл осы жылы 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Бүгінде репессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ.Сондықтан да, ұлтын сүйген кешегі арыстардың тұлғасы уақыт өткен сайын ірілене түсуде. Қай қоғамның өмірінде де ұмытылмас қасіретті жылдар болады. Халқымыздың өмірінде де қасіретті жылдар болады. Халқымыздың басына түскен сондай оқиғалардың бірі – ХХ ғасырдың 30 – жылдарындағы қан құйлы заман еді. Ел басына қара бұлт үйірілген сол бір жан түршігерлік кезеңде қаншама боздақ тоталитарлық жүйенің құрбанына айналып атылды, асылды итжеккенге айдалып, түрмелердің тар қапастарында өмір мен өлім арасында шыбын жандары шырқырай арпалысты. Алайда, бейкүнә халықты зар жылатқан сол бір қасіретті халқымыз ұмытпақ емес. Демек, бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты сол бір қасіретті жылдар тарихы, ашаршылық пен репрессия құрбандары жайлы сыр шерту жаңа мәліметтермен танысу болып табылады. №2 слайд (видео) (Қасіретті жылдар көрінісі №3 слайд Топқа бөлу (Ауданымыздағы көшелердің атауы) 1- Топ. Ахмет Байтұрсынұлы 2- Топ. ТобаниязӘлниязұлы 3- Топ. Сәкен Сейфуллин 4- Топ. Жалау Мыңбаев №4 слайд Топтық жұмыс. 1- топ: Отызыншы жылдар зары 2- топ: Тобанияз ескерткіші ашылардағы ой. 3- топ: Алаштың арыстары. 4- топ: Ақкөз адай – Жалау Мыңбай (Әр топ тақырыпқа сай өлеңдер оқып, мағынасын түсіндіреді) №5 слайд. Зұламатты жылдар (Жаңа мәліметтермен танысу) 1-топ: Азаттықтың азапты жолы. 2-топ: Ашаршылық ақиқаты 3-топ: Көзден аққан қанды жас (Алжир лагері) 4-топ: Үрей формуласы №6 слайд Постер қорғау (Әр топ жаңа мәліметтерді өзара талқылап ортаға шығарып түсіндіреді) №7 слайд. 31 – мамыр – Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні Қорытындылау Тәрбие.орг сайтынан Тарих қасіреті Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кубегенова Мирамгул Калибаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу гимназиясы бастауыш сынып

Пікірлер: 0

avatar