Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тазалық - денсаулық негізі
  • 07.02.2017
  • 37 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21569

Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық негізі»
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың тазалық, денсаулық түсініктері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
2. Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Тазалық»
Мұғалім: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер сол жұмбақтың жаубын айтып мына сөзжұмбақты шешулерін керек.
Т
а
З
А
Л
Ы
қ

1. Аузы жоқ, көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар. (тарақ)
2. Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың
Бұл не? (сабын)
3. Денсаулық - ... байлық. (зор)
4. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды ол кісіге
Сүйсіне ұқыпты ісіне.
Бұл не? (айна)
5. Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да
Бұл не? (сүлгі)
6. Ыдыс таза болса, ... асы дәмді. (асы)
7. Бірінші ... – денсаулық. (байлық)
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыз тазалық жөнінде болады. біздер әрдайым таза жүрсек, ауырмаймыз. Деніміз сау болады. әр бір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі әрдайым көтеріңкі, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Әрине, денсаулық.
Мұғалім: Балалар деніміз сау болу үшін таза жүрумен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар: Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек. Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсек, ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге, денімізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Балалар мен сендерге Болатжәне Самат деген екі бала туралы оқып беремін. Сендер осы екі баланың қандай екенін бөліп көрсетесіңдер. Мұқият тыңдаймыз.
1. Сағат шырылдайды. Болат ұйқыдан тұрады. Терезені ашады. Жаттығу жасайды. Жақсылап беті, қолын жуады. Мектепке келеді. Сабаққа белсенді қатысады.
2. Сағат шырылдайды. Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш тұрады. Беті қолын шала жуып мектепке асығады. Сабақ үстінде ұйықтар қалады.
Салыстыр. (балалар тақтаға шығып екі баланың қандай екенін бөліп көрсетеді).
Ойын «Жақсы-жаман»
Мұғалім: Балалар мен тақпақтар оқимын. Егер жақсы бала туралы болса ғана қолдарыңды шапалақтайсыңдар.
1. Шашымды тарадым.
Айнаға қарадым.
Ерте тұрып ұйқымнан.
Мен бақшаға барамын.
2. Анау бала, бетін қара.
Жуынбапты масқара!
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты масқара!
3. Мен кішкентай баламын.
Айтқан тілді аламын.
Көмектесем анама,
Үйді жинап қоямын.
4. Тұрысбектің түрін-ай.
Көйлегінің кірін-ай.
Жейдесі мен шалбары.
Бірі балшық, бірі лай.
Ой толғаныс
Денсаулық сақтау ережелері. (оқушылар айтады)
1. Таңертен жаттығу жасау.
2. Жуыну, бой-басын таза ұстау.
3. Спортпен шұғылдану.
4. Жақсы тамақтану.
5. Таза ауада демалу.
6. Ұйқыға ерте жату.
7. Теледидарды жақын көрмеу, уақытпен көру.
Мұғалім: Жарайсындар балалар. Денсаулық ережесін шығардыңдар, бір-біріне айтқан кеңестерінді орындап жүрсеңдер денсаулықтарың мықты болады.
Хормен айту.
Жадыраған күндейміз, күндейміз!
Жайнап өскен гүлдейміз, гүлдейміз!
Тұнық таза ауамыз, ауамыз!
Жадыраған сумыз біз, тазамыз, тазамыз! Тәрбие.орг сайтынан Тазалық - денсаулық негізі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Давлетова Алия Халилкызы

Ақтөбе қаласы №31 "Күншуақ" МДҰ логопеді

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 37 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar