Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 467
  • Тәрбие сағаты
  • 09/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23038


«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Сабақтың барысы: Балалар әнмен екеу - екеу болып топқа кіреді.

Қазақ тілі мұғалімі: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық. Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз. Қане,бір – бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар:

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Досымыз көп болсын!

Балабақшамыз жайнап тұрсын!

Нанымыз көп болсын!

Қазақ тілі мұғалімі: Ия, балалар, осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық. Бүгін ерекше күн деп есептеп, тақырыбымызды «Тіл - тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз», - деп бастайық. Мақсатым балаларды тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

І Ғажайып сәт. Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

Шет мемлекеттен келген қонақ: Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Қазақ тілі мұғалімі: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік. Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Денис:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Ануар:

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек – ана

Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой – білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Айнура:

Ақыл – ойындананың,

Ана тілден аламыз.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Рината:

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Анеля:

Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі

Жарайсыңдар, балалар, рахмет сендерге. Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым, көп нәрсе біледі екенсіңдер. Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

Мұғалім: «Мақал - сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Марияша:

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Данил:

Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле.

Лиза:

Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Расул:

Өнер алды - қызыл тіл.

Адилжан:

Жақсы сөз - жарым ырыс.

Мұғалім: Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

Төле би:

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би:

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

Мұғалім: Рахмет, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.

ІV Жұмбақ шешу:

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай - жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не? (Отан)

Көкпеңбек еді көктемде,

  • күзге жеткенде (алма)

Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)

V Құрастыру ойыны.

Қорытынды. Сұрақ - жауап

Мұғалім: Балалар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Тәрбие.орг сайтынан Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касым Жулдыз Салиевна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, әдіскер,

Пікірлер: 0

avatar