«Өткен мен болашақтың арасы көзді ашып-жұмғанша» тақырыбында дебаттық ойын

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 464
  • Тәрбие сағаты
  • 02/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19160


Тақырыбы: «Өткен мен болашақтың арасы көзді ашып-жұмғанша»
Мақсаты: білім алушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Уақыты күні: 15.02.16 жыл
Өткізілген топ: 4 Бастауыш білім беру
Күтілетін нәтиже: Білім алушылардың жақсы көңіл күйде кетулері.
Көрнекіліктер: А4 қағаз беттері, фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар
Жоспары:
І. Кіріспе сөз
ІІ. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
ІІІ. «Есте қалған қызықты оқиға» жаттығуы
ІV. «Мен саған сенемін»
V. «Сиқырлы сөздер» ойыны
VІ. Қорытынды

Кіріспе сөз
Өткен мен болашақтың арасы көзді ашып-жұмғанша өте тез. Өмір бізге бір-ақ рет берілетін өте керемет құндылық. Өмірімізді өзіміз жақсы да, жаманда қылатын. Адам болып дүниеге келген соң, адам болып қалыптасу үшін барлық әрекеттерді орындаумыз қажет. Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады. Барлығымыз топтық жаттығу жасаймыз.
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: білім алушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Қатысушылар кез-келген өтінішті айтады, ал оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Гүлшат, дәптерді бер. «Гүлшат, өтінемін дәптерді берші». Талқылау: жақсы сөздермен жағымды айту керек.
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, білім алушылар бір-бірінің жақсы қасиетін айтады.
Қорытынды
Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін барлық әрекеттер жасалсын деп тілеймін. Әр адамның жақсылық үшін күресуге қақы бар. Сәттілік тілеймін! Тәрбие.орг сайтынан «Өткен мен болашақтың арасы көзді ашып-жұмғанша» тақырыбында дебаттық ойын Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утепова Светлана Андреевна

Жаңаөзен политехникалық колледжі Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar