Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 503
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22512


Тәрбие сағат тақырыбы: Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Мақсаты:
-Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу,көше қатынас ережелерін меңгеру.
- Сұрақтар қою,жұмбақ,өлең айту, ойын арқылы ойларын дамыту.
-Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті,транспорт модельдері,жол белгілері.

Тәрбие сағат барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
(бағдаршам)

Мәди: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа,дәрігерге,басқа да баратын жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

Аяжан: Көшенің екінші бетіне өту үшін,арнайы өткелден өту керек. Ал,қалалық жерлерде аспалы көпірлерден,жер асты жолымен өтеді.

Дамир: Көшеде келе жатып,қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,сақтанып,күте тұр.Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Аяулым:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.

ІІ Мағынасын ашу.

Мұғалім: Жиекжол деген не?

Оқушылар:(бірге) Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

Мұғалім: Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?

Оқушылар: (бірге) Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

Елнар: Жиекжол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Өт бірақ,тар ғой,
Шықпа жолға таяу.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

Оқушылар: (бірге)Бағдаршам.

Алтынай: Бағдаршам аты
Көп көзді батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.

Ерасыл: Бағдаршам - өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Азамат: Көреген дәу көзі,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әрдайым
Ашса кезек үш көзін –
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Мұғалім: (Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)

Томирис: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім: (Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)

Райымбек: Сары көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта .
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім: (Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)

Әсел: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық.
Жүре бергін батыл,
Керегі жоқ сасып.

Үміт: Сөйлегенді білмей.
Бірақ,“тоқта”,”жүр”дейді.

Бекайдар: Менің үш көзім бар:
Бір көзім “кідір”-дейді,
Бір көзім “абайла”-дейді.
“Қарап ал маңайға”-дейді

Ұлдана: Әйгілеп үш көзді,
Бір дәу тұр үшкөзді.
Оған жас-кәріміз.
Бағындық бәріміз.

Енесхан: Айтқан сөзді құптап,
Тек абайлап атта.
Ережені мықтап,
Есіңе ылғи сақта.

Мұғалім: Балалар, көшеде жүру ережесін сақтамағандықтан кездейсоқ жағдайлар болып жатады.Сондықтан оқушылар көшеде жүру ережесін білу керек.
Амиржан: Бағдаршам жоқта,
Асықпағын текке.
Ондай жерде тоқта,
Жолды қиып өтпе.

Жібек: Жаяу үшін белгі
Қойылады арнай.
Тауып сондай жерді,
Өткін еппен аңдай.

Ернұр: Көлік жүрер жолда,
Ойнау тіптен шатақ.
Әйтеуір бір онда,
Кезігеді апат.

Мұғалім:Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

Оқушылар: (бірге)Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

Әділбек: Бес жас емес,
Болсаң-дағы кетпе.
Жолға шығып дәндеп,
Велосипед теппе.

Шұғыла:Қозғамасаң – құлайды,
Сүйемесең – сұлайды.
Құймышақта ері бар,
Бұл не деген жануар?

Оқушылар:(бірге)Ве-ло-си-пед.

Дамир:Автобусқа мінерде аялдама күт.Тәртіп сақтай біл.Басқаға кедергі жасама.

Нұрмұхамед: Есігінен артқы,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салтты,
Құлағыңа ілгін.

Аяжан:Кезекте сен әлгі,
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен ылғи,
Түсеріңді білгін:

ІІІ Ой толғаныс.

Мұғалім: Трамвай, автобус, машина артына жабысуға бола ма?

Оқушылар:Транспорттың артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

Жания: Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

Мәди: Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

Қарақат: Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр.

«Бағдаршам» ойыны

1. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету
Оқушылар орындарынан тұрады
Тоқта!

2.Бағдаршамның сары түсін көрсету
Оқушылар екі жаққа кезек –кезек қарап дайындалады

Дайындал!

3.Бағдаршамның жасыл түсін көрсету
Аяқтарын топ-топ басады.

ІҮбөлім. Қорытынды
Мұғалім: Біз бүгін жолда жүру ережесімен танысып, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.
Айналайын, абайла!
Жан-жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда.
Осымен тірбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Камырова Светлана Канатаевна

Алматы облысы Іле ауданы М.Мақатаева атындағы №13 орта мектеп мектепалды даярлық мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar