ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 180
  • Тәрбие сағаты
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21561


Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Нуртаева Айнаш Аленовна

Класс сағатының тақырыбы: Толеранттылық қағидаттары
Мақсаты: Білімділік: оқушылардың арасында жағымды қарым- қатынас орнату, бір-бірін
сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету,
коммуникативті өрісті дамыту, толеранттылық дегенді ұғындыру.
Дамытушылық: Адамдар арасындағы жеке қарым-қатынастарды көруге үйрету;
Толеранттылықты қандайда бір кикілжің кезінде дұрыс пайдалануға үйрету
Тәрбиелік: адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды
сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Достық пен бірлікке арналған слайдтар, ұлағатты сөздер, маркерлер , түсті қағаздар,
Өткізілу түрі: Ашық тәрбие сағаты
Барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі
 Сәлемдесу.
 Психологиялық даярлық. "Мен тілектеспін!"
- Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір- бірімізге тілек айту арқылы ұсынып отрайық. (Оқушылар"мен тілектеспін!" ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады. Мысалы: Бес алуыңа тілектеспін! Көңілді болуыңа тілектеспін! Ата-анаңда бәрі жақсы болуына тілектеспін! Жақсы бала болуыңа тілектеспін!т.б)

ІІ. Класс сағатының тақырыбын хабарлау: Достық пен бірлік- толеранттылық
1.Қызығушылықты ояту:-
- Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар?
- Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер?
Ендеше мен сіздерге толеранттылық деген сөздің мағынасын білдіретін сөздерді табуды ұсынамын.( Әр топ алдына сөздер таратылады. Соның ішінен тауып тақтаға жапсыру)
Керекті сөздер: Бірлік, татулық, шаңырақ, тыныштық, татулық, тұрақтылық, бейбітшілік, мерейтой, халық, ел , тағдыр, бауыр, болашақ, ынтымақтастық, патриотизм, этнос, жанжал, реформа, үйлесімділік, шыдамдылық, мәдени мұра, сенімділік, қамқорлық, төзімділік, еркіндік достық, сабырлық, агрессия, өшпенділік, ашу, адал, мейірімді, шыншыл қайырымды, ұқыпты. жанашыр. қамқор. түсіністік, сыйластық.

2. Толеранттылық мағынасын ашу. Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-. құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада
ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады.
Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.
Толеранттылықтың негізгі маңызы - әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи - мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды. Қабан жырау Асанұлы өсиет өлеңдерінде:
-Бақыт қайда барасың?
-Соғысқа құмар ойы жоқ,
Ұлан-асыр тойы көп,
Бейбіт елге барамын!
-Бақыт қайда барасың?
-Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі,
Ұйымшыл елге барамын!-деп, өрелі жұртты өрге сүйрейтін негізгі құндылық бейбітшілік пен бірлік екенін еске салады.
Бүгінгі таңда толеранттылық - қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі қағидатына айналуда. Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде :қазақ,орыс,өзбек, ұйғыр, тәжік,украин,татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.

3. Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал-мәтелдердің мәнін ашып көрелік. (слайдпен көрсету)
«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

«Алтау ала болса-ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі мықты ел озады

Бір ананың баласындай

«Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді

Бірлік бар жерде - тірлік бар"
Еліміз табиғи ресурстарға бай.

Ал байлықтың ең үлкені - халықтар достығы.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

4. Толеранттылық бағытындағы Қазақстан мемлекетінің саясатымен таныстыру
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстан¬ның әлеуметтік жаңғыртылуы: « Жалпы¬ға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» инте¬рактивті дәрісінде қазақстандық та¬быс¬қа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені қарастыруының да, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен тео¬риялық және практикалық мән жатыр. Бұл,
біріншіден, 135 этностың басын бі¬рік¬тіруші бүкіл қазақстандықтардың ын¬тымақтастығы,
екіншісі – толерант¬тылық болса,
үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес .Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді. Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.

Жаугершілік замандарды басынан кешіріп, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында болған қазақ "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін танытып, бауырына сан ұлттың баласын басып, дастарқанын бөлісіп, талайға баспана беріп отыр. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен қазақтың ұлылығын танытса керек.
Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып ,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

5. «Толерантты адам» тезистерін құрастырайық.
 Толеранттылық- жеке қасиет.
 Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

 Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам.
 Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды.

6.«Толеранттылар үйін » жасау. Барлық әлем мен үшін.
1 кезең. Әрбір топ бұл газетке толеранттылар үйін саласыздар. Толеранттылар жаңа айтып кеткеніміздей бәріне дос, қандай жағдайға да шыдамды, кез келген жағдайдың келісімін таба алатын, қамқор. Ендеше сендер осындай адамдарға арналған үй тұрғызасыздар. Үйлеріңіз әр түрлі формада болуы мүмкін.. Тек ұстанатын нәрсе –үй іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіздер өздеріңіздің үйлеріңіздің көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн.
Қолдарыңызға қағаз, фломастер, түсті қағаздарды алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі.
2 кезең. Берілген уақыт біткеннен кейін салынған үйлер тақтаға ілінуі керек. Топ мүшелері өз үйлерінің толеранттыларға арналғанын қорғап шығады.

7. Сергіту жаттығуы:
Төрт столды қатарлап қойып, бес оқушы шығарамыз. Бір - біріңе достық, ынтымақтастық сезімдеріңді тексеріп көрейік. Музыка біткенде барлығы да отыруы тиіс, әрине барлығы да. Досын сыйдыра ма екен? Көрейік. Стөлдер саны бірте - бірте азая береді. Ойынның шарты: соңғы қалған бір стөлге бес оқушы да сыйысып отыруы тиіс.

8.Мына бір аңызға тоқталайық
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

 Осы аңыздан қандай қорытынды жасауға болады? (Оқушылар пікірін тыңдау)
ІҮ. Қорытынды
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев атамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз - парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта Толеранттылық- бірлік, татулық, бір шаңырақ, тыныштық, тұрақтылық, бейбітшілік, тағдыр, ынтымақтастық, патриотизм, үйлесімділік, шыдамдылық, сенімділік, қамқорлық, достық екенін білдіңіздер. Толеранттылық- Қазақстан елінің басты мұраттарының бірі екенін түсіндіңдер. «Қазақ елі осындай» әнімен сабағымызды қорытындылаймыз.

Хормен : . «Қазақ елі осындай» әні Тәрбие.орг сайтынан ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуртаева Айнаш Аленовна

Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі Тарих және қоғамтану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar