Ы.Алтынсарин 175 жыл

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 3847
  • Тәрбие сағаты
  • 25/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19799


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған

«Тапқыр достар» ойыны.

Мақсаты:


Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің алғашқы сөзі:


Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 4 сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер!

Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала кетсек. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болады, үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі. 1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Алтынсаринның мектеп ашу, бала оқыту, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын алдына нысана етіп қойып, белгілі жүйемен жүргізу мәселесі өз алдына, сонымен қатар ол өзінің педагогтік, тәрбиешілдік міндетін бір минут ұмытпай, оны әрбір ісінде жүзеге асыруға тырысады.

Әр топта 4 оқушыдан: Эмблемасы, топтың аты.

Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады:

І Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру)

ІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

ІІІ Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)

ІҮ Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерін көрсету)

Ү Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау)

І кезең- Кім тапқыр?

Әр топ басшысы жетон таңдап алады. Қай топқа қызыл түс түссе, сол топ бірінші боп қойылатын сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтары: (әр топқа 7 сұрақтан қойылады)

1 топқа қойылатын сұрақтар.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?

2. Ыбырай неше жасында болған кезде әкесі қайтыс болады?
• (4 жасында)

3. Балқожа би деген кім? ( атасы)

4. Мектепті қай жылы бітіріп шығады? ( 1857 жылы)

5. 1864 жылы ашылған мектепке неше бала барады? (14 бала)

6. Ең алған шыққан кітабын атаңдар. ( қазақ хрестоматиясы)

7.Ы.Алтынсариннің өлеңдері,әңгімелері неге тәрбиелейді?

2 топқа қойылатын сұрақтар.

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Ыбырай қай жерде дүниеге келді?

3. Ыбырай қай жылы мектепке барады? ( 1850 жылы)

4. Ол қандай мектеп еді? ( орыс-қазақ мектебі)

5. Қай жылы мектепке Ыбырай ұстаз болады? ( 1864)

6. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар.

7.Қандай қалаларда мектеп ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)

ІI кезең –« Ойлан тап».

Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

10

20

30

10

20

30

10

20

30

Бірінші бағандағы 10 саны – Берілген мақалды аяқта.( Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.)

Бірінші бағандағы 20 саны – Бейне сұрақ.

Бірінші бағандағы 30 саны – Суреттегі жазушы кім?(Абай Құнанбаев)

Екінші бағандағы 10 саны – Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

Екінші бағандағы 20 саны – Бейне сұрақ.

Екінші бағандағы 30 саны – «Менің атым- Қожа» әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?

Үшінші бағандағы 10 саны – 10 ұпай сыйға беріледі.

Үшінші бағандағы 20 саны – Берілген өлең шумағын жалғастыр.

Үшінші бағандағы 30 саны – Бейне сұрақ.

III кезең – Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)

- иттің қимылын көрсетеді немесе бейнелеп айтады.

- кеме. - шырша.

- торт. -карта.

-тақта. - гүл.

Бейне клип Ы.Алтынсарин туралы.

IҮ кезең – Актерлік шеберлік.

2 топ өздері Ы.Алтынсариннің әңгімелерін сахналайды.

Ү кезең - Қорытынды:

Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.

- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.

- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін

ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың,

ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.

Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын әсем әнмен аяқтаймыз.

Соңында «Отан» туралы ән орындалады.

М.Ахметбеков атындағы орта мектебі

Ы.Алтынсарин 175 жыл

«Тапқыр достар» ойыны
4 сынып

Өткізген:Шаймерденова А.Е

2016-2017 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Ы.Алтынсарин 175 жыл Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шаймерденова Алма Ескаковна

СКО Шал акын ауданы Ыбыраев аулы М.Ахметбеков атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar