Қыс қызығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 223
  • Тәрбие сағаты
  • 28/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22910


Қыс қызығы
Сабақтың мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, берілген сұраққа жауап беруге үйрету.
Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың таным белсенділіктерін дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, сөз жұмбақ, ойындар.
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан – жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Үлкендерге сіз, Кішілерге сіз. Құрметпенен сіздерге, Бас иеміз біз.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Аяз қысып, Өрнек сызып. Терезені торлайды, Қар омбығып. Бет домбығып, Балалар сырғанап ойнайды.
Айтыңыздаршы, балалар бұл қай кезде болады?
- Жарайсыңдар балалар,
- Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе ? (Қар жауады, аяз, боран соғады)
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? (қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? (қолдарын қусырып, аяқтарын топырлатады)
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер? (алақай деп, қолдарын көтереді)

Құрметті оқушылар, конақтар!
Бүгін сыныбымызда өтетін «Қыс қызығы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Қыста қанда ойындар ойнаймыз ?
- Қыста қандай мерекелер болады?
- Қыс айларын атайықшы.
Желтоқсан – жылдың аяғы, қыстың басы ол суық ызғарлы,
Қаңтар – жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады,
Ақпан – жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр әрі суық, дүлей боран болады.
Айналаның бәрі аппақ, күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Үйдің мұржасын түтіндер шығады. Құстар азаяды.
- Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз ?
Қане, іс – қимылмен көрсетейікші (бас киім, үстімізге тоң, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз)
Суретпен жұмыс. Сұрақ – жауап.
- Балалар, мынау ненің суреті ?
- Аққала неден жасалады?
- Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
- Қардың түсі қандай ?
- Қар мұздай ма, жылы ма ?
- Аққала неше бөліктен тұрады ?
- Оның бөлшектерінің пішіндері қандай ?

Суретпен жұмыс
- Қыс мезгілінің ұнайтын, ұнамайтын жақтарын атаңдаршы ? Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, боран соғады.

Балалар, қыстың құрметіне өлең тақпақтар айтайық.
1) О, алақай қыс келді,
Бізге қуаныш әкелді.
Дала қарға оранды,
Бала біткен қуанды.
2) Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
3) Мұз болады, қатады,
Жып – жылтыр боп жатады.
Сергіту сәті.
Ішік , пима, қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз, алақай.

Жұмбақтар
1. Аппақ, аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып. (қар)
2. Шымшып алады қолсыз,
Сырғанақ жоқ онсыз. (аяз)
3. Зулап түсті төменге,
Шықпас меннен төбеге.(коньки)

4. Тікен – тікен тіп пісте,
Қысы , жазы бір түсте. (шырша)
5. Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.(шана)
6. Қыста айна,
Көктемде су.(мұз)
Ойын: «Мұрынды аққалаға тос»
Ойынның шарты: Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.
Ал, енді балалар қыстың суретін салып, әдемі бояйық.
Мақтамен жұмыс
Балалар дайын көгілдір қағазға «Қар жауып тұр» жапсыруды ұсынамыз. Балалар, қарды мақта арқылы жапсырамыз.
Сөз жұмбақ. «Кім зейінді?»
Мына қызыл тор көзде құпия сөз бар. Сол сөзді табуымыз керек.
1) Қардың түсі ? (ақ)
2) Ең суық мезгіл ? (қыс)
3) Қыста не жауады ? (қар)
4) Шабысы жүйрік жануар ? (ат)
5) Ешкі төлі (лақ)
6) Балық аулайтын құрал ? (ау)
Қорытынды: Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
- Бүгін біз не үйрендік? ( қыс мезгілінің қызықтарын, аққала ойынын ойнадық, қыс мезгілінің суретін салдық).
- Не туралы тақпақ, жұмбақ, сөзжұмбақ ойын ойнадыңыздар? (қыс мезгілі туралы) . Бүгін күніміз сәтті өтті. Тәрбие.орг сайтынан Қыс қызығы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құспанова Бақыт Тлекқайырқызы

БҚО Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar