Қыз-ұлт болашағы

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 777
  • Тәрбие сағаты
  • 08/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19185


«ҚЫЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

Мақсаты: Қыздарды әдептілікке, сыпайлыққа, кішіпейілдікке үйрету, өзін-өзі таныстыра білуге, мақал-мәтелдерді жатқа білу, ұлт-болашағы туралы түсінік беру.
Коррекциялық мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін байланыстырып сөйлеуін дамыту,сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, сай.
Көрнекіліктер: интернативтік тақта.
Сайыстың кезеңдері:
I - Таныстыру
II - Қол өнері
III- Білгенге маржан
а) салт-дәстүр бойынша
ә) Мықты болсаң, айтып көр. Ойлы болсаң, тауып көр
IV – Ас адамның арқауы
V - Өз өнерін көрсету
VI - Cымбатты қыз сәнімен

Кіріспе бөім: Қайырлы күн, қадірлі оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды іс болып табылатыны анық.
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт -дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру- басты мақсатымыз, сондықтан осы тәрбие сағатында қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өткізіледі.
Сайысымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға, төрелік ететін әділқазылар алқасын сайлап алайық. (әділқазылар сайланады)
Мұғалім: Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, алма мойын - бұлардың барлығы біздің қыздарға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас-ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға сәттілік тілейік.

I Кезең: Таныстыру
жүргізуші. Арулар келіп жетті ортамызға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға,-дей келе қыздарымыз өздерін
таныстырады.


II Кезең: Қол өнері
жүргізуші. Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
«Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер»,- демекші қыздарымыздың қол өнерін тамашалайық.
III Кезең : Білгенге маржан
жүргізуші: Жанарғаны сананың
Ұмытады мұны кім
Ата салтын бабаның
Алып келді осы күн- дей келе қыздарымыз сұрақтарға жауап
берсін.

А) Салт-дәстүр бойынша
1. Жүннен жасалған бұйым ( Киіз)
Тұсау кесу рәсімін қалай жасайды? (бала тәй-тәй басқан кезде ала жіпті аяғына байлап қайшымен қияды)

2. Сәндік бұйым жасайтын адам (Зергер)
Апта күндерін атап бер

3. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)
Шілдехана рәсімі қай кезде жасалады? (Бала дүниеге келген соң)

4. Түйенің сүті? (Шұбат)
Қыста жейтін малдың етін не деп айтады ? (Соғым)


5. Қазақ қыздарының бас киімі? (Сәукеле)
Екі ақынның сөз өнерімен сайысы? (Айтыс)

6. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам (Ана)
Теріден тігілетін сырт киім (Тон)

7. Төрт түліктің жайылымы (Өріс)
Рәміздерді атап бер (Ту, елтаңба, әнұран)

Ә) Мықты болсаң, айтып көр. Ойлы болсаң, тауып көр
жүргізуші. Тапсырманың орындау шарты: Екінші бағандағы үш сөздің біреуін үшінші бағандағы сөзбен байланыстыру. Мағынасына қарай мақал ойлап айту.

Мысалы:
1)
1 Аға
алысқа
2 Әже
3 Бала
Адам болар бала алысқа қарайды
1 қала
бай
2 елі
3 дала
Жері байдын ..... ...... .


2) 3)
1 Адам
өсер
2 Бала
3 Қыз
Шешеге қарап ….. …….
Әкеге қарап ұл өсер
1 Ештеңе
орасың
2 Бәрін
3 Соны
Не егесін, …. …. .



4) 5)
1 Отпен
ойнама
2 Сумен
3 Топырақпен
Сумен ойнама, батарсың
….. ……., күйерсің

1 ауа
ырысы
2 аспан
3 жер
Жақсы туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса - ..... ...... .




IV. Кезең: Ас-адамның арқауы
Дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, жайылады.
Ендеше біздің қыздарымыздың ас әзірлеу щеберлігін тамашалайық.

V.Кезең : Өз өнерін көрсету
жүргізуші . Мың бұралған арулар билей басып
Келеді міне, ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алып.
Қыздарымыздың мың бұрылған биін, тамылжыған әндерін тамашалайық.


VI. Кезең: Сымбатты қыз сәнімен
Біз қазақпыз өнерге бай жолы кең,
Сусындаған ақыл, білім нәріменен.
Арулардың талғамдарын байқайық,
Елдің көркі «Сымбатты қыз сәнімен»- деп қыздарымызды ортаға шақырамыз.

жүргізуші . Ару қыздар, ай көрік, қылығы-күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырын сұлулығын
Күн текті ұлылығын.
Бұл сендер құлпырған, құндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдыры.
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры.
Жүргізуші: Сайыс жеңімпазының ойға жүйрік, сөзге шешен екендігін айта келе жеңімпазымызға тиісті мараппаттарды тапсырамыз.(марапаттау рәсімі)

Қорытынды: «Адамға ең бірінші білім емес , тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп ұлағатты ойшыл ұстаз Әбунасыр әл-Фараби айтқандай білімді, ұлттық тәлім нәріммен сусындаған ұрпақты тәрбиелеу-біздің еншімізде. Тәрбие.орг сайтынан Қыз-ұлт болашағы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карабалина Гульфайраз Ерболатовна

БҚО Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar