Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 671
  • Тәрбие сағаты
  • 02/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22932


Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Мақсаты: балаларды жан-жақты, білімді болуға үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдылыққа баулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд көрмелері.
Жоспары:
1- бөлім . Жедел жауап
2- бөлім. Тіл-өнер
3- бөлім. Сандар сөйлейді
4- бөлім. Мықты болсаң ,тауып көр
5- бөлім. Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Қайырлы күн,құрметті сайыскерлер,көрермендер!
Бүгінгі біздің «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»атты сайысымызға хош келдіңіздер.Сайысқа 2топ қатысып отыр.
Мұғалім:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,деп,қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Мұғалім:
Ал,кәнекей,келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер , - дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілейміз.
1-топ «Алғырлар»
Ұраны:Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»
2-топ «Тапқырлар»
Ұраны: Пайда ойлама.ар ойла,
Талап қыл артық білуге»
Бұл ойында балалар өз білімдерін пайдаланып,санасының өскенін, сөз байлығының молайғандығын көрсетеді.
1-бөлім: «Жедел жауап»
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге болады.
1-топқа:
1. Қазақстан астанасы қай қала?
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?
3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?
4. Қазақтың атақты күрес шебері кім?
5. Бірінші маусым қандай мереке?
6. Шығыстыңқос шынарын ата.
7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма.
8. Қазақстан Гимнінің авторлары кімдер?
9. Абайдың шын аты кім?
10. Ұлы жүздің биі.
2-топқа:
1. Қазақстан рәміздерін ата.
2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
3. Қазір қай жыл?
4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім?
5. Қазақтың үш биін ата.
6. Қазақстан Тәуелсіздік күні.
7. Қазақстанның атақты суретшісі
8. 6-шілде қандай мереке?
9. 2012жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары.
10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?
2-бөлім «Тіл-өнер»
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-топқа:
1. Ең тәтті де тіл, ...
2. Оқу білім бұлағы, ...
3. Өнер алды ...
4. Ашу –дұшпан,..
5. Тіл қылыштан ...
6. Отан ..
2-топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,...
2. Отансыз адам ...
3. Ер жігіт елі үшін туады,..
4. Мектеп кеме,...
5. Жақсы жолдас жанға серік,..
6. Қыз елдің көркі,...
3-бөлім: «Сандар сөйлейді»
3,5,30,16,7,9,22,1,8,
Қонақтарды сергіту
«Қызықты ұйқастар» Жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Жизнь – өмір,...
Число - сан,...
Молоко - сүт,...
Человек-адам,..
Зуб - тіс,...
Рыба - балық,...
Город - қала,...
Лето - жаз,...
4-бөлім : «Мықты болсаң,тауып көр»
1-топқа:
1. Үй үстінде ұсақ тас,
Алайын десем табылмас.(жұлдыз,звезда)
2. Тұмсығымен қозғалар,артында аппақ із қалар.
3. Қабат –қабат қаттама.ақылың болса аттама
4. Сырты тәтті,іші тәтті,ортасы сүйек қатты.
2- топқа:
1. Бар ма,жоқ па оны анық білмейсің,ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
2. Айдағаны ... ешкі ,ысқырығы жер жарады.
3. Жоқ өзінде бас та,қас та,
Жазулы тұр ұзындығы бойында.
4. Жылт-жылт еткен,жырадан өткен.
5. Өзі сөйлей білмейді,салған ізі сөйлейді.
5-бөлім «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы».
Әр топтың жетекшілері шығып,белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды .Бұл кезеңде тілдің тазалығы,мәнерлеп оқуы бағаланады.
ІІІ . Қорытынды:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те ,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Келесі кездескенше сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уелбаева Бибиля Нуржауовна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы. Боранқұл орта мектебі Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar