Жайраңдаған құрбылар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 276
  • Тәрбие сағаты
  • 10/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22560


Ақтөбе қаласы
№ 48 ЖББОМ
Класс сағаты
Тақырыбы: Жайраңдаған құрбылар
Бастауыш класс мұғалімі
Коппағамбетова Ардақ Ғалымжанқызы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Түрі:байқау
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, мақал - мәтелдер,суреттер, шарлар, гүлдер
Өту барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
I. Ұйымдастыру бөлімі
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі «Жайраңдаған құрбылар» атты класс сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке, халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ.
2-Жүргізуші: Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар,аяулы ұстаздар,сүйкімді қыздар!
II. Негізгі бөлім:
1-Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
2-Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1-Жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
2-Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Арулары деп тобымыздың жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші.
1-Жүргізуші:
Бүгін біздің тобымызда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой
Ортаға аруларымызды шақырайық
2-Жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз сыны деп әлемге жар салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
1-Жүргізуші:
Уа, арулар, арулар!
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазың бағалар – деп,
Әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Класымыздың ұлдары: Әңгімелеу шебері-Әлішер
Байсалды-Бектас
Әдепті бала-Әлихан
2-Жүргізуші:
1. «Біз-қазақтың қыздарымыз...» таныстыру .
2.«Өнерлі-өрге жүзер...» өнер көрсету.
3. «Білімді мыңды жығар...» сұрақ – жауап.
4. «Бірігіп әзірлейік ...» дайындаған тағамды қорғау.
5. «Әдемі-ай...» сән үлгісін көрсету.
1-Жүргізуші:
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата - салтын ертеңге,
Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
2-Жүргізуші:
І кезең.
Бүлдіршін арулар келді танысуға,
Бойындағы бар дарынды танытуға.
Жүрексінбей ортаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1-Жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Аруларды бірі білсе, бірі білмес
Әрбір ару көрсін бір-бірін таныстырып.
2-Жүргізуші:
ІІ кезең.
Ұяңмын деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
Арулардың өз өнерлерін көрсетуі
1-Жүргізуші:
ІІІ кезең.
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.
1. Қыздардың сәндік бұйымдарын ата?
2. Көктемнің алғашқы гүлін ата?
3. Қыз жасауына нелер жатады?
4. Әжелер өнегесі қандай?
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
6. Қыздарға салынған тыйымдар қандай?
7. Қазақ қызының ұлттық киімдерін ата?
8. Қазақ қыздары қандай болу керек?
2-Жүргізуші:
ІV кезең.
«Бірігіп әзірлейік ...» дайындаған тағамды қорғау
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(Жемістер композициясын дайындау, атауын атау).
1-Жүргізуші:
V. кезең. Сән үлгісін көрсету.
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар өз құрбыларымен сән үлгісін көрсетеді.)
2-Жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Концерттік нөмірлер: /Ұлдар орындауында/
«Жайдарман» ойыны
«Қазіргі заман» биі
«Мерекем» әні
III. Қорытынды:
1-Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ қазыларға сөз беріледі.
/ Сайысқа қатысушы арулар марапатталады. Ұлдар сыйлықтарын ұсынады./
3. Қорытынды сөз.
1-Жүргізуші: Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті.
2-Жүргізуші: Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.
Бірге:Мерекелеріңіз құтты болсын! Тәрбие.орг сайтынан Жайраңдаған құрбылар Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Коппағамбетова Ардақ Ғалымжанқызы

Пікірлер: 0

avatar