Жарқырап, жайнай берші, Тәуелсіз елім!

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 311
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21449


«Жарқырап, жайнай берші , Тәуелсіз елім!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер –рәміздер жөніндегі білімдерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,елінің Туының, Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Коррекциялық: Окушылардың есте сақтау қаблетин дамыту; өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
Сабақтың түрі: Ауызша журнал
Көрнекілігі: Мемлекетіміздің рәміздері: Туы, Елтаңба,Әнұран, Н.Ә.Назарбаевтың портреті
Кіріспе бөлім: Құрметті оқушылар бүгінгі «Жарқырап, жайнай берші , Тәуелсіз елім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25- жыл толғалы отыр . Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан-байтақ жеріміз- ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы. Біз өзіміздің әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен, тілімізбен мақтана аламыз.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында, адам – қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі. Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек. Ұлттық идея - халық мұраты. «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық.
Әнұран орындалады.

Негізгі бөлім: Журналымыздың бірінші беті: Тұңғыш Президент.
1-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
Гүлдана: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Айбек: Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім

Күміс: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

Журналымыздың екінші беті: Ата Заң
2 –оқушы: ҚР Конституциясында Қазақстанда тұратын барлық азаматтар өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауга, медециналық қөмек алуға құқылы, сонымен қатар олар ҚР қорғауға, рәміздерді құрметтеуге, табиғат байлығын сақтауға міндетті деп көрсетілген. ҚР Ата заңының 9-бабында «Қр мемлекеттік рәміздерді –Ту, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген. ҚР Ата Заңынығ 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.
«Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген сөзін әрбір қазақстандық азамат жадында сақтау керек. Еліміздің символы- мемлекеттік рәміздері қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Бұл біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Альбина: Ата Заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қорғайды
Арқа тұтып ел бүгін


Мариям: «Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халәміз адам құқұын қорғайды.
Дейді заңы мен мемлекет үлкенге де, балаға:
«Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!»
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заң күні бұл.

Журналымыздың үшінші беті: Еңселі Елтаңба
3-оқушы: Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер
Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Гүлдерайым:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Рысгүл:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.

Журналымыздың төртінші беті: Тұғырлы туымыз.
4-жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Дильназ: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Амангелді: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады

Журналымыздың бесінші беті: Асқақтаған Әнұран.
5-оқушы: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Ардақ: Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

Ғайнежамал:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:Бүгінгі сабағымызда, Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл болып, содан бері карай, Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен халқымыздың қол жеткізген ірі жетістіктеріне тағы да бір тоқталып өтейік:
-Ең басты жетістігіміз- еліміздің тәуелсіздік алуы.
-Қазақстанды бүкіл әлем таныды
-Шекарамызды бекіттік
-Конституциямызды қабылдадық
-Мемлекеттік рәміздер қабылданды
-Қазақ тілі-мемлекеттік тіл болды.
-Ұлттық теңге айналымға еңгізілді
-Мемлекет астанасы Ақмолаға көшіріліп, Астана қаласы бой көтерді.

Қазақстанның болашағы –сендер, сондықтан да білімді, адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола біліңдер! Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, аман болсын. Тәуелсіздігімізді қадірлей білейік. Тәрбие.орг сайтынан Жарқырап, жайнай берші, Тәуелсіз елім! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карабалина Гульфайруз Ерболатовна

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar