Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жасыл желек әлемінде
  • 09.04.2016
  • 890 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18556

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.7Kb)

Имухаметова Т.С.
Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жасыл желек әлемінде
Мақсаты: 1.Өсімдік және оның түрлері,өсімдіктердің өсіп-өнуі туралы білім негіздерін кеңейту
Дәрілік өсімдіктер туралы іздену, сұрау, білу, зерттеу.
2.шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін,
ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Туған өлке табиғатындағы өсімдік дүниесін қадірлеу, қастерлеу, туған жер
экологиясын қорғауға үлес қосу.
Көрнекіліктер: өсімдік суреттері, гербарийлар, сөзжұмбақтар, шырша, шырша бүршіктері,сызбалар, слайдтар.
Сабақ барысы;
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, жасыл желек өсімдік,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Оқушыларды отырғызу,сабаққа зейіндерін аудару.

II. Негізгі бөлім
Жұмбақ шешкізу.
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Ол не?
(шырша)
-Бүгін біздің сыныбымызға өсімдіктер әлемінен сұлу шырша қонаққа келді.
-Біз шыршамен қай мерекеде бәрге боламыз?
-Егер сендер шыршаның тапсырмаларын орындай алмайтын болсаңдар,ол сендерге өкпелеп,
жаңа жылда келмей қалады.Ал жақсы орындасаңдар ,келеді.Бүгін сабаққа жақсы қатысқан
оқушыларға өзінің бүршіктерін сыйлап отырады.
Қазір біз үш топқа бөлініп жұмыс істейміз.
1-топ – «Жасыл желек»
2-топ – «Ақ қайың»
3-топ – «Шипалы шөп»
Қай топ шыршаның бүрін көп жинаса,сол топ жеңімпаз болады.
-Енді топтардың атымен таныстық,топ жетекшілерін сайлап алайық.

1-тапсырма «Білімді мыңды жығады»
Сұрақтарға жауап беру.
-Табиғат дегенді қалай түсінеміз?
-Ол қалай бөлінеді?
-Өсімдікті неге тірі табиғат дейміз?
-Өсімдік мүшелерін ата.
-Өсімдікке ең қажетті жағдайлар?
-«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді ата.

2. Постер құрау. «Топтастыру» стратегиясы
1-топ
-Тірі табиғатқа не жатады?
Тірі табиғат

Адам жануар өсімдік

2-топ
-Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?Мысал келтір.

Өсімдік

Ағаш Бұта Шөп
емен итмұрын жусан
қайың қарақат,т.б өгейшөп

3-топ
-Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар?
Оттегі


Баспана ӨСІМДІК Тамақ



Киім, жиһаз Жауарлар азығы

-Өсімдік мүшелерін атаңдар.
(тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс,тұқым)

«Құрастыру» ойыны.
жеке-жеке өсімдік мүшелерін құрастырып,тұтас өсімдік суретін шығару.
2топқа 2сурет беріледі.

а л м а
қ а р а ғ а й
қ а й ы ң
ш ы р ш а
Сөзжұмбақтар шешу.
т о Б ы л ғ ы
и т м Ұ р ы н
қ а р а қ а Т
қ а р а ғ А н


Дидактикалық ойын «Өсімдік дәрігері»
Оқушыларға гербарийлар таратылады. Дайындалған гербарийде өсімдік бар да, кейбір мүшелері жоқ,соны әр оқушы ойлана отырып,қай мүшесі жоқ екенін қарындашпен кел-
тіріп береді.

«Дәрілік өсімдіктер»
Әр топ дәрілік өсімдік туралы дайындап келген мағлұматтарын айтады.
-1-оқушы
-Мен-жолжелкенмін,көп жылдық өсімдікпін.Жол жиегінде өсемін.Сондықтан жолжелкен деп атаған.Мамыр қыркүйек айларында гүлдеймін.Емдік мақсатқа жапырағымды ,дән-
німді,тамырымды қолданады.
2-оқушы:
Мен қара Мендуанамын.Күй таңдамай өсе беремін .Мамыр,тамыз айларында гүлдеймін.
Тілің ауырса емдеймін.ерареаннр,мен өте улымын.Мені тергенде,вненркеин ересектер мен
дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.
3-оқушы
Мен –кәдімгі жусанмын.Маусым,шілде айларында гүлдеймін.Сырқатты емдеу үшін менің түбірім мен тамырымды қолданады.
4-оқушы
Білмейтіні жоқ елдің,-
Дейді әжейім-Ал ұғып,
Қабығында еменнің
Қасиет бар дәрілік.
Өзімде ішіп көргенмін,
Ішектің емі қашаннан
Қайнатынды Еменнің
Қабығынан жасалған
Мақал-мәтелдер айтысу
• Көлдің көркі-құрақ ,таудың көркі-бұлақ.
• Бір тал кессең,он тал ек.
• Орман көп болса,олжаң көп.
• Дана көптен шығады ,дәрі шөптен шығады.
• Еменнің шілгені –сынғаны,
• ердің екі сөйлегені-өлгені.
• Атадан мал қалғанша,тал қалсын.
• Тірі нәрсе шөп деген,
• Шипалы қасиетті көгал деген.
• Көкті жұлма-обал деген.
• Ер –елдің көркі,
• Орман –тоғай-жердің көркі.
Мәнерлеп оқу
Әр топтың оқушыларына тақырыпқа байланасты жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Жұмбақтар шешу
Өсіп тұрған бұл не? Қалың киімді ұнатады,
Жаз болса,жайнап, Шешіндірсең жылатады.
Саясында ән салып, (Пияз)
Құстар жүрген сайрап.
(Ағаш)

Аспай піскен , Іші жұмсақ,сырты қатты,
Қайнамай түскен. Еті жұмсақ,сүті тәтті.
(Жеміс) (Қарбыз)
Дөңгеленіп өседі, Қырға кілем жайдым.
Желге еріп көшеді. (Қызғалдақ)
(Қаңбақ)
III. Сабақты қортындылау кезеңі
Сонымен,балалар өсімдік адам өміріне пайдалы ма әлде ...
Өсімдік: дәрі,сусын,тамақ,отын,көлеңке,ауа т.б.
Әр топтың жинаған бүршіктерін санап, ұпайларын анықтау.

«Жүректен жүрекке»
Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
-Гүлдей бер, Жер-Ана!
-Аспаның ашық болсын!
-Аспаныңды бұлт торламасын!
-Тоғайың аң мен құсқа толсын!
-Суың мөлдір, таза болсын!
-Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
-Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
-Күнің жарық болсын!т.б. Тәрбие.орг сайтынан Жасыл желек әлемінде Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Имухаметова Торгын Саметовна

Қарағанды облысы "Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 890 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar