«ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕСІН МӘҢГІЛІК»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 443
  • Тәрбие сағаты
  • 19/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22842


«Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!»
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа, елін, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлардың суреттері.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн!
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, балалар! Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Жер жүзіне нұр шашып, Жеңіс күні 9-мамыр бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қаңға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын –қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған.
Балалар: Отанда –опасызға орын жоқ.
Ерлік –білекте емес жүректе.
Ерлік –тәрбиеден туады.
Үлкенді ізетте,
Кішіні күзетте көр.
Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі қандай?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне ән шырқайық.
Ән: «Бейбіт күн тілегі».
72 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
72 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде сонан бері 72 рет,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары,
Талай құс сонан бері қайта оралды,
Соғыстан қаза болғандар тек оралмады.
Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігімен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске алайық. Енді гүл шоқтарын қоюға рұқсат етіңіздер.
Балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.
Арсен:
Алақай –ай! Әйгілі!
Тоғызыншы мамыр бүгін
Алғаш күні шаттықтың,
Соңғы күні қайғының.
Асылай:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Хансұлтан:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Фатима:
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Жанел:
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды,
Қорғап батыр атанды.
Нұргүл:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін.
Тәрбиеші: Иә, содан бері 72 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал 9-шы мамыр бұрын соңды болмаған 1000 зеңбіректен, 30 дүркін салют атылады. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Сағыныш:
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі.
Әлия аты-көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
Әлішер:
Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу бұл әнім.
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік ұланың.
Айкөркем:
Әлем бізді ұққан күн,
Жауды ініне тыққан күн.
Батыр атам алдынан,
Әжем күліп шыққан күн.
Айболат:
Елін, жерін сүйетін,
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!
Гүлім:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Марат Оразымбетовтың «Жеңіс күні» атты әніне бейне материал көрсетіледі.
Тәрбиеші:
Ағалар саптан шықпасын.
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам.
Сәбилер тыныш ұйықтасын,-дей отырып, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Тәрбие.орг сайтынан «ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕСІН МӘҢГІЛІК» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжеғали Ақбөпе Қуанышқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы Қарашатау орта мектебі Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar