Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ
  • 22.11.2016
  • 114 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20151

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (51.9Kb)

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Бұгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келе, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған
«Желтоқсан жаңғырығы» атты тарихи- әдеби кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.
1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!, -
деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

2-жүргізуші:
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді. Тәрбие.орг сайтынан ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: КОНЫРАТ НУРБАНУ

ЛОБАНОВ ОРТА МЕКТЕБІ КММ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 114 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar