Жетім

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 439
  • Тәрбие сағаты
  • 17/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19032


Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі: Қалжанова Күлмайра Хамитовна
Пәні: Әдебиеттік оқу, 4-класс
Тақырыбы: М. Әуезов Жетім
Мақсаты: Білімділігі: М. Әуезовтің шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын байланыстырып сөйлеу арқылы айта білу.
Тәрбиелілігі: Табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты салыстыра отырып, мейірімділікке, әлсізді қорғауға үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сөздік жұмысы, СТО технологиясы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, М. Әуезов суреті, мәтінге байланысты материалдар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы төрт топқа бөлу)
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
«Ой бөлісу».
- «Жетім» сөзінін мағынасын топтау тәсілімен ашу.
Жетім: ешкімі жоқ, әке-шешесі жоқ, оған ешкім көмек бермейді, көңілсіз, кейбіреулер ренжітеді, аянышты, оның қорғанышы жоқ т.б.
Үйден оқып келуге берілген «Жетім» мәтіні бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.
1-тапсырма:
1-топ: жоспарды ретімен орналастыру;
2-топ: ақ түс пен қара түске түсінік беру;
3-топ: әңгіме басындағы табиғат көрінісін суреттеп айту;
4-топ: Табиғат Қасымға қалай көрінді?
2-тапсырма:
1-топ: Қасымның әжесінен айрылғандағы жоқтау сөздерін дауыс ырғағына келтіріп оқу;
2-топ: Жетімдіктің қорлығын Қасым қалай тартты?
3-топ: Қасымның көз алдына нелер елестеді?
4-топ: Әжесінің тілегін тауып оқу.
3-тапсырма:
1-топ: Мұхтар Әуезов туралы постер қорғау;
2-топ: 5 жол өлең
1-жол: Зат есім (1)
2-жол: Сын есім (2)
3-жол: Етістік (3)
4-жол: Сезімді білдіретін сөйлем
5-жол: Мағыналас сөз.
3-топ: Қасымға хат жазу;
4-топ: Иса мен Қадишаға хат жазу;
4-тапсырма: Әңгімені өз ойымен аяқтау.
Қорытындылау.
- Бүгін біз не білдік?
Бағалау: Балалар геометриялық фигуралар арқылы өз-өздерін бағалайды. Тәрбие.орг сайтынан Жетім Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалжанова Күлмайра Хамитовна

Ақтөбе қаласы №51 Гимназия Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar