Жол тәртібін сақтайық!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 40
  • Тәрбие сағаты
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23220


Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайыық!»
Мақсаты: - Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды сақтыққа тірбиелеу.
Көрнекілігі : Жол белгілерінің суреті,
Барысы
Мұғалім:
Арманға алда күткен асығамыз ,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталады сәлемменен!
Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды бастайық.
1-оқушы
Шуақты күндеріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін мүмкін емес.
2-оқушы
Қай көше қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да .
Жол жүру ережесі заңды тіртіп ,
Ол- ортақ үлкен – кіші, баршамызға!
Мұғалім:
Балалар бағдаршамның шығу тарихына назар салайық. Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адмның аты тарихта сақталмаған. Оны көше қыйлысына ынғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер – миханигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. 1914 жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршам пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын. 1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер. Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай – ақ Әйтеке би кентінің кей бір көшелерінде де бар.
Бағдаршамның қызыл көзі:
3-оқушы
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр, қозғалма,
Ереже бұл « Сен тоқта!»

Бағдаршамның сары көзі:
4-оқушы
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға ,
Жүруге әлі болмайды.
Дайындықты сақтайды.

Бағдаршамның жасыл көзі:
5-оқушы
Мен көзімді ашқанда ,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білген жандар,
Өтуге еш қорықпайды.
*Сонымен қатар есте сақтауға тиісті мына белгілерді де ойларыңызға тоқи жүріңіздер. \тақтадан көрсету\
Жол белгілері:
1. «Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші , жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.
2. «Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне әр қашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, бар ма тағы сұрағың?
3.«Нұсқау» белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой – шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
4.«Көрсеткіш» белгісі
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн – түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
* «Біліміңді шыңдап көр» \Сұрақ – жауап\
1.Бағдаршам деген не? / жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/
2.Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз, жолдың ортасына жеткесоң сол жағымызға қараймыз/
3.Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? / он төрт жастан бастап болады/
4.Көлік жүретін жер қалай аталады? /аялдама/
5.Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светафор/
6.Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
7.Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек /оқ қол жағымен жүру керек/
* СЕРГІТУ СӘТІ \ баяу әуен ырғағымен\
Оқушылармен бағдаршам ойыны ойналады
Қорытынды
Біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік. Жол ережелері жазылған суреттер көрсетілді.
Айналайын, абайла!
Жан – жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Жол тәртібін сақтайық! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаньбек Айнұргүл

Алматы облысы, Іле ауданы,Көкқайнар ауылы №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar