Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 41
  • Тәрбие сағаты
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23218


Мақсаты:
-Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету
-Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
- Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Әдістері:сұрақ жауап, түсіндіру, жұмбақтар
Құрал-жабдықтар: суреттер
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Біз қалаға сапарға шығайық.
Алдымен жол жүру сызбасымен және аялдамаларымен таныс болайық
Аялдамалар:
І.«Білгенің жөн»
ІІ.«Біліміңді шыңда» \жұмбақтар шешу\
ІІІ.«Өнерлі өрге жүзер»
Бірінші аялдама
«Білгенің жөн»
Кіріспе
Мұғалім:
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.ҚР 2001 жылы жас жол инспекторларының 1 слеты өтті.

*Ой қозғау
1.ЖЖЕ кімдер білу керек?
2.Не үшін білулері керек?
3.Жол элементтері нелер?
4.Бағдаршам дегеніміз не?
5.Жол инспекторының қызметі қандай?
6.Жолда жүру ережерін білесіңдер ме?
7.Жолда қандай ережелерді сақтаған жөн?
8.Сендер өздерің күнделікті автобупен мектепке келесіңдер, сондағы қандай ережелерді айтып бере аласыңдар?
Екінші аялдама
«Біліміңді шыңда»
Жұмбақтар шешу
1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
*Сергіту сәті.
Үшінші аялдама
« Өнерлі өрге жүзер».
Балалар, қазір біз жолда жүру ережелеріне байланысты суреттер көрмесін жасайық.
1. Жүргіншілер деген кім?) көшеде жаяу жүрген адамдар
2. Мына белгі нені білдіреді?) басты жол
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?) болмайды
4. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?
аялдамалардан
5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
тротуармен
6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?14
7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?) тыйым белгілері
8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? жасыл
Қорытынды.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі — заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.
Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.
Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.
Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық! Тәрбие.орг сайтынан Жолда жүру ережесін сақтаймыз! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туркебаева Гүлсім

Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы № 44 орта мектеп

Пікірлер: 0

avatar