Жолда жүру ережесін сақтайық тәрбие сағаты

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 92
  • Тәрбие сағаты
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23221


Жолда жүру ережесін сақтайық!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық!
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
2. Жол қапуіпсіздігін есте сақтауға, білуге, жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. Ой өрісін шығармашылық тұрғыда дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын сақтықта тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: суреттер

Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын жұмбақ жасыру арқылы сабаққа аудару
Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берейік.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. ( Жол сақшысы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызы да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. (Трамвай)
5. Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
Міне, балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз жолда жүру ережелерін сақтау, қағамдық көліктердегі тәртіп жайында болмақ.
Олай болса, балалар бүгін бізге қонақ келіп тұр. Ол қонақ жол инспекциясы екен. Сендерге оқушылар жолда қалай журу керек екендігін, жолда жүру ережесі жайлы айтып кетпекші.
- МАИ қызметкері:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сендерге сендердің өмір қауіпсіздіктеріңе алаңдау мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам – өміріміздің жазымнан сақтандыратын көмекшіміз екені барімізге анық. Оның сырын білу баршамызға міндетті деп ойлаймын.
- Балалар сендер көшеде жүру ережесін білесңіңдер ме екен, көрейік.
Сұрақтарға жауап беріп өз білімімізді көрсетейік
1. Көшеде жүру ережесін бізге білу бізге не үшін қажет?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек. Көшеде жүе білу машина астына түсуден, апаттан өмірімізді сақтайды.
2. Жиекжол дегеніміз не ?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көліктер жүретін көшенің ортасымен.
4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе « Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденен сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6. Ал балалар, жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
7. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт – бес адам қатар жүруге болмайды.
МАИ қызметкері:
- Оқушылар, сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме ?
Жол тәртібін сақтап, өз өмірлеріңізге қамқор бола алатындарыңызға сенімдімін.

*Ән «Көліктер»
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау – саламат жүреміз
Көлік, көлік, көліктер
Күлімдеген әдемі
Көшелерден жүреміз
Күнде тынбай, күнде тынбай
Көшелерден жүреміз

*Шығармашылық тапсырма
Жағдаят:
Сырым қыдырып............. әжесіне бармақшы
Жету үшін, ауылға белгіні еске алмақшы
Жету үшін адаспай ережені сақтайды
Жол белгісін білмесе, әжесінің үйін таппайды

Сырым :
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Достарым : - Көмектесіңдерші, Көмектесіңдерші...........

Жасырмай айтсам сырымды
Жол апатына тап болдым
Бағдаршамға қарамай
Жолда ойнап тап болдым
- Көрдің бе сен жолда жүру ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың. Жол ережесі дұрыс өмір сүріп, абай болуды талап етеді. Мен сені жолда жүру ережесімен таныстырайын. Тыңда .......... (Жол белгілерімен таныстырамын)
Сақтандыру , ескерту белгісі:
Өзі қызыл, үшбұрышты есакертуің мен боламын,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болсажүргізіші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаға

Тыйым салу белгісі:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзімь шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үнемдеймін бар ма тағы сұрағың.

Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой , шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Нұсқау белгісі:
Баратын сапардың қашыған, тұрағын
Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

Сырым :
- Енді мен бәрін білдім, жол ережесін бұзбаймын, Достарым сендерге көп рахмет!
Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман болып қалайық!
*«Жолда жүру ережелерін білейікке назар аударыңыздар»
1. Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тощқтағанша, не өтіп кеткенше сен күтіп тұр.
2. Мектепке келе жатқанда жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орыныңда ақ жолақтың сызылған тұста күте тұр.
5. Аялдамажа тұрған автобустың артқы жағымен айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
6. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға өте қажет.

Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді
Бір көзім «жүгір» дейді
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Есіңде сақта !
* Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
* Жол қиылысында аса абай бол.
* Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
* Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.
* Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
* Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңа содан соң оң жағыңа қарап, арнайы жаяу жүргінші жолымен жүр.
* Көшеде бейтаныс сөйлесіп, ілесіп кетпе.

Көшеде біз сақ болайық жас достар
Қаймықпасын ата – анамыз біз үшін
Сақтап жүру әрдайым жол ережесін
Жас өспірім атына сай болайық жас достар!

Қортындылау:
Өмірдің өзі бағдаршамға ұқсайды екен – ау!
Бағдаршамының «Жүр!» деп жасыл түсі жанғандай, «өмірге кел!» деген бұйрықпен жарық дүниеге келдік.
Бағдаршамның сары түсі «Дайындал!» дегенді білдіретіндегідей, өмірге кел адам өлімге
Қарай қадам басып, жалғаннан мәңгілікке кетуге дайындалады.
Бағдаршамның «Тоқта!» дегенді білдіретін қызыл түсі жанғандай, күндердің бір күнінде тағдырдан тоқта деген бұйрық келеді. Сол сияқты оқушылар бәріміз, осы жол ережесіне қатты көңіл бөлуіміз қажет.
Жол ережесін мәңгі еске сақтап, абай болып жүрейік. Тәрбие.орг сайтынан Жолда жүру ережесін сақтайық тәрбие сағаты Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тастанбекова Гаухар

Алматы облвысы, Іле аудан, Көкқайнар ауылы №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar