Жылдық тәрбие жұмысының жоспары

  • Жүктеулер: 18
  • Көрсетілім: 593
  • Тәрбие сағаты
  • 07/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19914


Түсінік хат

2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының үлгі жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ-ның алдын алу» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы қараша айында бекітілген «Қазақстан Республикасы Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» басшылыққа ала отырып құрылды.
Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: Жаңаша ойлай білетін, жоғары азаматтық және адамгершілік, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікке ие жеке тұлға тәрбиесі.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттық ретінде қалыптасуы мен өз - өздерін танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбиенің міндеттері:
 Білім беру ұйымдарында денсаулық зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
 Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
 Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде эстетикалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
 Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру. Тәрбие.орг сайтынан Жылдық тәрбие жұмысының жоспары Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калиева Камшат Тулегеновна

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебі физика пәні мұғалімі, 11 сынып жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar