ЖЫР ЖҰБАН

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 217
  • Тәрбие сағаты
  • 04/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19575


«Тақырыбы: "Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» атты Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтің жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру. Шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну. Студенттің жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке баулу. Кештің барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі: "Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» атты Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кешті ақынның 95 жылдығына орай ұйымдастырып отырмыз. Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Тәрбие.орг сайтынан ЖЫР ЖҰБАН Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Домбаева Лаззат Кыраубаевна

Ақтау қаласы, МГК Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar