Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Жырлайды жүрек»
  • 06.04.2016
  • 424 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18495

Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Жырлайды жүрек»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Ақын өмірі мен өлеңдері туралы оқушылардың жан – жақты білуі.
Балаларды ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқуға дағдыландыру. Оқушыларды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, тілін дамыту. Отанды елді сүюге, имандылыққа, өнерге деген құштарлық сезімін ояту.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері:
М. Мақатаевтың суреті, ақындардың лебіздері, отбасының суреттер, естеліктер, талант туралы тағылымды ойлар, шарлар.

Тәрбие сағатының әдіс - тәсілі: Баяндау, көрнекілік.

Жоспар:
І-бөлім зерттеу «Ақынның жұмбақ әлемі» ақынның өмір баяны.
ІІ-бөлім «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу
ІІІ-бөлім «Ақын –халықтың жүрегінде» естелік сөздер.
ІҮ-бөлім «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» М.М сөзіне жазылған әндерді орындау.
Ү-бөлім «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» арнау өлеңдері
Тәрбие сағатының барысы:
1. Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар мен қонақтар қасиетті Қарасаз жерінде туып, қанатын қатайтып, қысқа ғұмырында өшпестей із, мәңгілік мол мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақын Мұқағали атамызға арналған «Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгін менің туған күнім ой пәлай.
Мына жұртым неге жатыр тойламай. Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай,-деп жырлаған Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай осы кеште айтылатын өлең-жырлар, қойылымдар мен баяндамалар, би мен әнде ұлы ақынның құрметіне арналады.
Шарасынды шаттықтың мүңбасым,
Нұр сәуле боп жүректе нұры қалсын.
Мұқағали мұзарттың мұзбалағы,
Шашып өткен әлемге шұғыласын-дей отыра кешімізді Мұқағалидың өмір баянынан бастасақ кезекте ортаға әр топ өз зерттеу нәтижелерін оқиды.Ақынның өмір баяны.Орташа балл-7 бал
«…Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын. Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз… Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентік-пей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.Келесі кезекте топтардың ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқиды.Орташа бал-10 ұпай.
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.
Келесі кезекте ІІІ-бөлім «Ақын –халықтың жүрегінде» естелік сөздер.Әр топ ақынға арналған естеліктермен таныстырады.
-Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! – иә өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді.
ІҮ-бөлім «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» М.М сөзіне жазылған әндерді орындау.

Туған халқым! Қатемді кешір менің
Сенің арқан-сескенбей,есіргенім
Егерде жырың болмай,ұрың болсам
Алақанға саласың несін мені .
М.Мақатаевқа арналған өлең жолдарын арнау.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Енді үш топқа Мұқағалидің Мақатаевтың өлең шумақтарынан үзінді беріледі.Бұл үзіндінің ішіндегі жоғалған әріпті тауып үш тілде атау керек

І-ші топқа Ең ... бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенің.
ІІ-ші топқа Ақ ұлпа жерді жапқанда,
.... сырға таққанда....
ІІІ-ші топқа Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
.... тартылған теңізден, жылғалардан.
Бүгінгі жарыс сабағымыздың қорытындысына жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізін қабыл алыңыздар/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.
жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймын.Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер! «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешіміз қорыта келе Мұқағали Мақатаев сөз жұмбағын ұсынамыз .
1сұрақ.Мұқағали Мақатаевтың шын есімі кім?
2сұрақ-Мұқағали Мақатаевтың ұлының есімі?
3сұрақ Мұқағали Мақатаевтың туған жері?
4сұрақ М.М дүниедегі ең қымбат жанға арнаған өлеңі қалай аталады?
5сұрақ М.М бала кезде қайтыс болған қызының есімі?
6сұрақ М.М қай айда дүниеге келді?
7сұрақ М.М жарының есімі?
8 сұрақ М.М Мәскеудің қай Университетінде білім алған ?
9сұрақ М.М қай қалада оқыды?
10 сұрақ М.М сөзіне жазалған асыл жандарға арналған әнің аты?
11 сұрақ М.М ұлты кім?
12 сұрақ М.М қазақтың қай ақын қызына арнап өлең шығарды?
13 сұрақ М.М әжесінің есімі кім?
14 ұрақ М.М қызының есімін ата?
15сұрақ М.М қай ауданда дүниеге келген?
Ендігі кезекті әділқазы алқаларына сөз берейік .Бүгінгі кештің қорытындысын шығару үшін.

Ендігі кезекті оқушыларға берейік:
2. Мұқағали өмірі жайлы қысқаша мағлұмат.
Таңшолпан: Биыл М. Мақатаевтың туғанына 83 жыл толады.
Ақын 1931жылы 9 - ақпанда Қарасаз ауылында дүниеге келді.
Ауылда мұғалім, диктор болып жұмыс істеді. Өмірінің соңына
дейін өлеңдер мен поэмалар жазып өшпес мұра қалдырды.

Гаухар: Мұқағалидың азан шақырып қойған аты - Мұқамедқали.
Ақынның өзіде есейген шағында бұл есімнің қадір қасиетін
Түсініп, құжатқа Мұқағали есімін жаздырып алған.
М. Мақатаевты поэзияның төл басы деп атауға болады.

Алмас: Мұқағали Мақатаевты поэзияның төл басы деп атауға болады.

Аяжан: Мұқағали үйінің тұңғышы болған. Ақынның 2 інісі Тоқтарбай мен
Көрпеш бар.
Мұқағали әжесі Тиынның қолында өскен.

Хор:»Көгершіндер» әні
3. Нұрдос: Қазынам бар,
Қисапсыз шектеледі.
Қызғанады біреулер жек көреді,
Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін.
Алам десең алдымен зертте мені,- деп жырлағандай ақынның жазған
күнделіктерінен оқу.

Гаухар: 9 - наурыз 1973 жыл.
Шолпаным айта жүретін, Шолпанымның ұрпағы айта жүретін
өлең, ертегі жазып көрейінші.....
..
Ернар: 15 - қараша 1973 жыл.
Сонымен хош бол, Москва....
Шын уайым, шын қайғы осылай болады екен - ау.

Аяжан: 9 - сәуір 1973 жыл.
Адам өмірінің бақыты - балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе,
санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені!

4. Б. Алмас: Қарасаз қара шалғын мекенде өстім,
Жыр жазам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.- деп жырлаған М. Мақатаев
тың өлеңдерін бүгінгі ұрпақ жатқа айтады.

«Үш бақытым»
Ерболат: Ең бірінші бақытым Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін,
Ол бар болса мен бармын қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Гаухар: Ал екінші бақытым Тілім менің,
Тас жүректі тілімнен түңілмедім,
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бегзат: Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Кім мықты?- десе біреу, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ келдағы от ал менен.

Нұрдос: Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Альбина: Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытқа жаратар ма!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

«Қайран, Қарасазым - ай»
Нүргүл: Тамаша еді жазғы орман,
Құстар сайрап мәз болған.
Көлшіктерде суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.

Жәнібек: Шыбын шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ,
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.

Санжар: Елік ертіп лағын,
Еңкейеді су атқа.
Елеңдетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.

Жаным: Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтеріле алмайды.
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар зулайды.

Саян: Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана - торпақ шапқылап,
Оқыралап, ойнаған.

Санжар: Тамаша еді жазғы орман,
Тамашалап мәз болған.
Қайран Қарасазым - ай,
Үйрек ұшып Қаз қонған.

«Отан туралы»

Жансая. Қ: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Алмас. К: Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған.
Жаным менің.
Кеудемді жарып шықта,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Жансая. Қ: Отан, Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуіңде күйік екен,
Отанды сүйгеніңде күйік екен.

«Әке»

Б. Алмас: Әке сенің жасыңнан асып барам,
Кезі - кезі келгенде тасып та алам.
Кезі - кезі келгенде жасып қалам.
Мына өмірге, бәрбір, ғашық балаң.

Нүргүл: Сірә, сенің халқыңнан ғажап бар ма.?!
Жыр ұсынам халқыңа - қазақтарға.
Сен көрмеген қызықты көріп жүрмін,
Құралақан емеспін азаптан да

Едіге: Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.

К. Алмас: Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұса, қолынан бермейтұғын.

«Шеше сен бақытысың»

Ернар: Шеше, сен бақыттысың, жыламағын,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Мен едім тәңіріңнен сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын.

Қ. Жансая: Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын,
Өлмеймін, мен де өзіңдей асылданмын!
Таусылып өз - өзіңнен шашылмағын,
Байрығы берекеңді қашырмағын!

Альбина: Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған, бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

Аяжан: Тәңірім кеше көрсін кесірімді!
Аспанға жазам шеше, есіміңді!
Ана, сен бақыттысың, тербете бер,
Иілген құба талдан бесігімді....

Ерболат: «Пай - пай, өмір»

Пай, пай, Өмір!
Өтесің - ау бір күні.
Тиясың - ау қуанышты күлкіні.
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген – көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің – ау, бір күні!

Жаным: Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз - ау, «әй, кетеміз пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз кету үшін келгенбіз.

Жәнібек: Өмір деген – бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде,
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

«Арманда ұлым»
Ерболат: Арманда ұлым,
Арманда ұлым!
Кім боласың, қандай өмір сүресің,
Ол өзіңнің үлесің,
Ақылымды тыңда, мейлің тыңдама.
Тілегім бар бір ғана
.
Таңшолпан: Шығып алда арманыңның шыңына,
Сосын мейлі ұшып өл де сырғана.
Болса ақылың біл мынаны жалғанда,
Жолай көрме арманы жоқ жандарға.
Арманда ұлым, арманда,
Арманда ұлым, ақтық демің қалғанша.

Хор: «Мектебім»
5.«Менің анкетам» атты өлеңін сахналық көрініс ретінде орындалады.
Нұрдос: - Туған жерің?

Алмас: - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931 жыл.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, Және дағы тәуірмін,
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
- Ана тілің?
- Қазақша.
- Мекен жайың?
- Мекен жайым - Жер менің.
- Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

«Арыз жазып кетейін» өлеңін орындайтын: Алмас, Саян, Ернар, Едіген.
6. Ақынға арналған бұрышпен таныстыру.
М. Мақатаевтың суреті, отбасымен, туыстарымен түскен суреттерімен
таныстыру, ақындардың лебіздерін оқу.
Сұрақ - жауап:
1. Мұқағали ата кім?
2. Ол кісі биыл неше жасқа толып отыр?
«Есіңе мені алғайсың?» өлеңін орындайтындар: Таңшолпан, Альбина.
Көрініс: «Бесік басында»
Аяжан
Ұқсайды бар тыныштық жер бетіне,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым ұйықта бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүние, асылдарың!
Бақыт байлық - барлығы менің үшін,
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.

Санжар. К: Өлеңдерім жай болып атылғанда,
Атылғанда аспаннан оқылғанда.
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға –
деп жырлаған Мұқағали
ақын жыр құдіретіне еріксіз бас игізеді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын.

Таңшолпан:
Мұқағали әрбір қазақ баласының мақтанышы. Әр оқушы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Мұқағали есімімен таныс болады, ол кісінің шығармашылығының дәмін татады

Жансая. К: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Хормен: Мектебің мынау классың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың
«Құттықтаймын, мама туған күніңмен!» әні: Аяжан, Жансая. Қ
Аяжан:
Мұқағали есімі әр оқырманның есінде мәңгі сақталмақ. Мен Абай атамыздың мына бір өлеңін еске ала отырып ертеңгілігімізді аяқтағым келеді.
Көп адам өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге болама айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

7. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ұстаздарға, ата - аналарға сөз беріледі.
Кері қайту Тәрбие.орг сайтынан «Жырлайды жүрек» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джуматаева Айжан Муратовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 424 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar