Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жырым саған арналады Елбасы.
  • 05.01.2017
  • 118 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20785

Тақырыбы: Жырым саған арналады, Елбасы!
Мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру. Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ:Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру
ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларды Отан сүйгіштігіне, адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет етуге, президент өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Елбасының суреттері мен нақыл сөздер, топтастыру сөздері.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «жырым саған арналады, Елбасы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын! Тәрбие сағаты мынадай кезеңдерден тұрады:
Кезеңмен таныстыру.
I-кезең. «Менің балалық шағымның аспаны»
II-кезең. «Біздің тұңғыш Президентіміз»
III-кезең. «Жырым саған арналады, Елбасы»
ІҮ-кезең. «Елбасының мұраты не деп ойлайсыңдар?»

І–кезең «Менің балалық шағымның аспаны»
Сұрақ-жауап жүргізу:
-Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
– Біздің елордамыз қай қала? (Астана)
-Қыстың бірінші айы \желтоқсан\
-Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі \Әнұран\
-Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі \Қарағанды\
-Қазақстанда шығатын ең басты қазба байлығы, қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\
-Ащы және тұщы судан тұратын Қазақстанның ірі көдлдерінің бірі \Балқаш\
-Еліміздің бұрыңғы астанасы, \Алматы\
-Қазақстанның ең суық жері \Атбасар\
-Қазақстанның мемлекеттік Рәміздерінің бірі Әнұранның авторы \Жұмекен\
- Бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері?/ Нұрсұлтан Назарбаев. /
Мұғалім: – Ендеше, балалар, Біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы өз білетінімізді ортаға салайық. Сонымен елбасымыздың балалық шағына саяхат жасайық!.

Елбасының балалық шағына саяхат.
Оқушылар елбасымыз жайлы қандай мәліметтер білеміз? (Оқушылар елбасының балалық шағы жайлы мәліметтер айтады) :
1-оқушы: Балғын
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
1-оқушы: Мадина
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-оқушы: Данияр
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы: Жаннұр
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
ІІ–кезең «Біздің тұңғыш Президентіміз»
-Балалар, еліміздің Рәміздері туралы не білеміз?
1-оқушы: Мадина
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
2-оқушы: Балғын
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
3-оқушы: Жаннұр
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қайта қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды
Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.
4-оқушы: Данияр
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

Мұғалім:-Ата Заң жайлы кім айтады, қанекей, не білеміз?
1-оқушы:Мадина
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
2-оқушы:Балғын
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
III–кезең «Жырым саған арналады, Елбасы»
1-оқушы: Мадина
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Балғын:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз

Жаннұр:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Музыкалық номер.

«Атамекен » әні орындалады.

ІҮ-кезең. «Елбасының мұраты не деп ойлайсыңдар?»
/топтастыру жасау/
Сабақты қорытындылау:
Оқушылар , бүгін біздер елбасымыз жайлы сабақтан толық мәліметтер алдық деп және оны өмірлік қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз деп ойлайсыңдар ма?
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, қой аузына бозтоғай жұмыртқалаған осындай керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар? Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі елбасымыздың арқасында. Елбасымызды құрметтеп, қолда барда алтынның қадірін білейік, ағайын! – дей отырып,
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Назар аударғандарыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Жырым саған арналады Елбасы. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дуйсембаева Айгуль Изаятовна

ШҚО Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылы, "Қызылбұлақ орта мектебі"КММ Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: kuzulbylak-mektep
Көрсетілім: 118 | Жүктеулер: 2 | Пікірлер: 1
Барлық пікірлер: 1
avatar
1
Өтемағыналы тәрбие сағаты
avatar