«Ағылшын тілі cабағында оқушылардың сөздік қорын жаңа әдіс тәсілдер арқылы дамыту» функционалдық сауаттылық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 937
  • Ағылшын тілінен ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22678


Жамбыл облысы ,Меркі ауданы
№ 39 орта мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
«Ағылшын тілі cабағында оқушылардың сөздік қорын жаңа әдіс тәсілдер арқылы дамыту» функционалдық сауаттылық .
Ағылшын тілін оқыту – заман талабы. Қай заманда болмасын адамзаттың алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру- өзекті мәселелердің бірі.
Елбасы жолдауында кез-келген орта білім беретін мектеп балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы-дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген.
Өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Түрлі - түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да сурет астына оқылуын жазу керек. Үй ішіндегі бұйымдарға немесе кабинеттегі бар заттарға, мысалы есікке DOOR, терезеге WINDOW, тақтаға BLACKBOARD, қабырғаға WALL, гүлге FLOWER - деп жазып іліп қойса, оқушы есікті т. б көріп тұрып, оны қалай аталатындығын көреді, естиді, сонымен бірге әріпті танымаса да деген сөздің қалай жазылатындығы яғни таңбалар көзбен көру арқылы баланың есінде қала береді. Ағылшын тілін оқыту –заман талабы
Функционалдық сауаттылық дегеніміз-мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысының нәтижесі.

Ағылшын тілі cабағында оқушылардың сөздік қорын жаңа әдіс тәсілдер арқылы дамыту барысын ең алдымен оқушылармен сөздікті қолданамын. Оған
– Сөздіктерді қайталау арқылы;
- Аудио (видео ) таспалар арқылы;
- Бейне сюджеттер арқылы;
- Постерлер арқылы;
- Дайын Power Point арқылы;
- Презентациялар арқылы.
Сөздік жұмыс жүргізу тәсілдері сөздікті пайдалана отырып сөздік қорын дамыту - оқу бағдарламасында мемлекеттік стандартқа сай жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған белгілі бір бағдарлама бойынша мемлекетіміздің мекемелері жұмыс істеп келеді. Кез келген мұғалімнің алдында тұрған мақсат ол мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады.
Ағылшын тілі мұғалімдері ең бірінші тілді үйретуде ең басты 4 дағдыны қалыптастыруды негізге алады. Олар тыңдай, жазу, оқу, сөйлеу. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда біз оқушылардың деңгейіне сай білік дағдыларын үйретеміз. Соның ішінде сөздік дағдыны дамытуда оқушы шынайы өмірдегі жағдайаттарда мектептегі алған білімдерімен ұштастырып сол білімдерін пайдалануға үйретеміз. Функционалдық сауаттылықтың негізі осы болып табылады. Оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатында әрине ең бірінші олардың жас ерекшеліктерін ескереміз. Мысалы бастауыш сыныптарда ойын тәсілдері және қайталау тиімді болса орта буында рөлдік , диалог тық оқыту түрлері, ал жоғарғы сыныптарда белгілі бір тематикалық тақырыптарда диспут, дебат, пікірталас яғни жоғарғы сыныптарда жауапкершілік қасиеті басым болады.
Бүгінгі баяндамамда бастауыш және орта буындағы оқушыларының сөздік қорын дамытудың бірнеше тиімді тәсілдерін ұсынамын.
Бірінші жарты жылдықта 1-ші және 2-ші сыныптарда оқушылар ағылшын әліпбиі,сандар, түстер , пішіндер, жанұя мүшелері туралы үйренді.
Мысалы. What is this ? (Мынау не?) деп сұрасам?
It is a car. (Ол машина ) деп жауап береді .
Whose car is it? (Ол кімнің машинасы ?) деп сұрасам?
It is my father’s car.(ол менің әкемнің машинасы. ) деп жауап береді .
What colour is this car? (Мыны машинаның түсі қандай ?) деп сұрасам ?
It is blue. (Ол көк .) деп жауап береді.
(видео)- [Неllo, Hello.] ,
[What is your name? ]
[ This is my father!]
[ This is monkey’s banana ]
[What colour is it?]

Орта буында ғы сынып оқушыларына мен диалог, өлең, тақпақтар жаттату , түсінік айтқызу арқылы сөздік қорын дамытамын. Осы жағдайда балалардың cөйлеу мәдениеті дамиды.
(видео)- [Diologue]
[Poem]
[ At the doctor]
[Song Little Alice]
[Astana]
Осылардың барлығын орындай келе оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығы артып, және оны тілдік қатынас ортада пайдалана біледі. Осындай жұмыс түрлерінің тәтижесінде шығармашыл –озат оқушылардың белсенділігі артады.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім”, деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында заманауи сауаты бар , кәсіби шыңдалған педагог мамандар тұрады . Тәрбие.орг сайтынан «Ағылшын тілі cабағында оқушылардың сөздік қорын жаңа әдіс тәсілдер арқылы дамыту» функционалдық сауаттылық Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гульнура Отарбаева

Пікірлер: 0

avatar