Айгөлек - 2017 жыл

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 736
  • Ағылшын тілінен ашық сабақтар
  • 02/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22735


№123 « Елтай бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі пән мұғалімі: Минасипова Ажар Нуржановна
Айгөлек - 2017 жыл
Мақсаты:
- оқушылар арасындағы ән – би өнеріне қабілеті бар оқушыларымызды анықтау;
- оқушыларды қазақ халқының өнерін ары қарай дамытуына тәрбиелеу;
- оқушыларымызды елін, жерін сүйуге баулу.
Көрнекіліктер: шарлар, суреттер.
Білімжан :
Армысыздар, ағайын , құрбы – құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Аяжан :
Балдәурен – балалықтың балғын үні,
Балдәурен - қуаныш пен шаттық үйі.
Балдәурен бақыт кешкен балдырғанның
Жайраңдап, қырда ашылған қызыл гүлі.
Ақылжан :
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жадыраған жас достар.
Бүгінгі « Айгөлек » фестиваліне қош келдіңіздер.
Хор: « Айгөлек »
Білімжан: Иә, балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын, қызықты да бақытты кезең.
Аяжан: Дұрыс айтасың Білімжан. Біздің бақытты болып жүруіміз елбасымыздың, ата – анамыздың арқасы деп ойлаймын.
Ақылжан: Бүгінгі « Айгөлек » фестиваліне әншілеріміз бен бишілеріміз қатысқалы тұр.
Соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз.
Білімжан: Міне көптен күткен сәтте келіп жетті. Олай болса « Айгөлек » ән – би байқауын ашық деп жариялаймыз.
Аяжан: Ендеше бұл байқаудың әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:
1. Жанзақова Айгүл апайымыз
2. Рысбекова Баян апайымыз
3. Досмаилова Гаухар апайымыз
Ақылжан : Байқау кезеңдерімен таныстырып өтейік. Байқау 5 кезеңнен тұрады.
1. Жанды дауыс
2. Ұлттық би
3. Фонограмма
4. Шетел биі
5. Пародия
Өнерпаздарымызды сахна сыртына шығарып саламыз.
Білімжан: Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуенді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі.
Аяжан:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың бірінші бөлімі « Жанды дауыс » номинациясы бойынша 4а сынып оқушысы Көшкінбай Мерейді
« Әсем ән » әнімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Ақылжан :
Жарайсың Мерей, әнің керемет екен.
Ал енді ортаға 4ә сынып оқушысы Орынбай Гүлназды « Ана » әнімен шақырамыз.
Білімжан: Жарайсың Гүлназ әнді керемет орындадың.
Енді ортаға 3 сынып оқушысы Мырзақұл Балғынды «Балалық шақ» әнімен қарсы алыңыздар.
Аяжан: Жарайсың Балғын.
Келесі кезекте 2 сынып оқушысы Сәбит Нұрисламды «Анашым » әнімен қарсы алыңыздар.
Ақылжан : Тамаша Нұрислам. Өнерің өрге жүзе берсін.
Енді алдарыңызға 1 сынып оқушысы Қалдар Мадина « Құттықтаймын мама, туылған күніңмен! » әнімен шығады. Қарсы алыңыздар.
Білімжан: Жарайсың Мадина, әнің керемет екен. Осымен « Жанды дауыс » номинациясы өз мәресіне жетті. Енді әділ – қазыларымыздың бағасын білсек.
Аяжан:
4 а сынып оқушысы Көшкінбай Мерейдің бағалары
4 ә сынып оқушысы Орынбай Гүлназдың бағалары
3 сынып оқушысы Мырзақұл Балғынның бағалары
2 сынып оқушысы Сәбит Нұрисламның бағалары
1 сынып оқушысы Қалдар Мадинаның бағалары
Ақылжан: Аяжан мен саған қыздар туралы бір қызық айтайын.
Аяжан: Айта ғой Ақылжан.
Ақылжан: Сен білесің бе?
« Адамның - өмір бойы өсірген шашының ұзындығы шамамен 725 шақырымды құрайды екен. »
Аяжан: Иә, Ақылжан мынау бір керемет қызықты дерек екен.
Білімжан: Ал сендер білесіңдер ме психологтардың айтуы бойынша « көп күлетін адамдардың іші мұңға толы болады екен». Олай болса , құрметті көрермен қауым көңілді отырып, біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалап бір сергіп қайтыңыздар.
Ақылжан:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле , қане, достарым,
Кезекті сіздерге жолдадым – дей келе , сайысымыздың келесі бөлімі « Ұлттық би » номинациясы бойынша сайысқа қатысатын қыздарымызға ақ жол тілейік.
Білімжан:
4 а сынып оқушысы Баратбай Балнұрдың биін қабыл алыңыздар.

Аяжан:
Жарайсың Балнұр . Келесі бишілеріміз 4 ә сынып қыздары Орынбай Сәулемен Сартаева Ақботаның биін қабыл алыңыздар.
Ақылжан:
Билерің керемет екен қыздар. Келесі қатысушымыз 3 сынып оқушысы Бекболат Аяулым.
Білімжан :
Тамаша биледің Аяулым . Келесі бишіміз 2 сынып оқушысы Исабек Еркеназдың орындауындағы биін қабыл алыңыздар.
Аяжан:
Жарайсың Еркеназ, тамаша биледің.
Ақылжан: Енді әділ – қазыларымыздың бағаларын білсек...
4 а сынып оқушысы Баратбай Балнұрдың бағалары
4 ә сынып қыздары Сәуле мен Ақботаның бағалары
3 сынып оқушысы Бекболат Аяулымның бағалары
2 сынып оқушысы Исабек Еркеназдың бағалары
Білімжан:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Әнде шырқап би билеп - дей келе келесі « Фонаграмма » номинациясы бойынша сайысқа түсетін оқушыларымызға ақ жол тілеймін.
Аяжан: 4 а сынып оқушысы Серікбаева Әселдің орындауындағы « Көңілді күн » әнін қабыл алыңыздар.
3 жүргізуші : Жарайсың Әсел , әнің керемет екен. Келесі кезекте 2 сынып оқушысы Маханбеткәрім Бегарыстың орындауында « Жаным қазақ » әнін қабыл алыңыздар.
Білімжан : Керемет Бегарыс . Өнерің өрге жүзе берсін. Енді алдарыңызға 1 сынып оқушысы Сейткәрім Ақарысты « Менің анам » әнімен қарсы алыңыздар.
Аяжан: Тамаша Ақарыс, әнің керемет екен. Енді әділ – қазыларымыздан
«Фонаграмма » номинациясы бойынша сайыскерлеріміздің бағасын білсек...
4 а сынып оқушысы Серікбаева Әселдің бағалары
2 сынып оқушысы Маханбеткәрім Бегарыстың бағалары
1 сынып оқушысы Сейткәрім Ақарыстың бағалары
Ақылжан:
Уа, жарандар, жарандар
Бәрің бері қараңдар.
Бишілер келіп қалыпты
Бір сәт зейін салаыңдар - дей келе, келесі « Шетел биі » номинациясы бойынша сайысқа түсетін оқушыларымызға ақ жол тілеймін.
Білімжан:
4 а сынып оқушысы Жұмаділ Нұргүлдің « Өзбекше биін» қабыл алыңыздар.
Аяжан : Керемет Нұргүл. Тамаша биледің. Келесі біздің сайыскеріміз 4 ә сынып оқушысы Кәден Жансая өзінің « Испан биін » ұсынады. Қарсы алыңыздар.
Ақылжан: Жарайсың Жансая. Өнерің өрге жүзсін. Келесі біздің қатысушымыз 3 сынып оқушысы Сәбит Әуестің биін қабыл алыңыздар.
Білімжан :
Тамаша Әуес биің қандай керемет. Енді 2 сынып оқушысы Айбекқызы Шұғыланың орындауындағы «испан» биін қабыл алыңыздар.
Аяжан: Жарайсың Шұғыла. Келесі қатысушымыз 1 сынып оқушысы Әбдікерім Мерей қыздарыңыздың « Үнді биін » қабыл алыңыздар.
Ақылжан: Аяжан , Білімжан , біздің оқушыларымыз барлығы да өнерлі екен.
Аяжан: Дұрыс айтасың, Ақылжан. Өнерлерің өрге жүзсін. Биікке самғай беріңдер. Енді әділ – қазыларымыздың бағаларын білсек...
4 а сынып оқушысы Жұмаділ Нұргүлдің бағалары
4 ә сынып оқушысы Кәден Жансаяның бағалары
3 сынып оқушысы Сәбит Әуестің бағалары
2 сынып оқушысы Айбекқызы Шұғыланың бағалары
1 сынып оқушысы Әбдікерім Мерейдің бағалары
Білімжан : Құрметті көрермен қауым қазір өнер көрсеткелі тұрған өнерпаздарымыз, әнші аға, әпкелерімізге еліктеп өсіп келе жатқан ұлдарыңыз бен қыздарыңыз.
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмаған.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын таңдаған – деп, келесі «Пародия » номинациясы бойынша сайысқа түсетін оқушыларымызға ақ жол тілеймін.
Аяжан: 4 а сынып оқушысы Артық Асылан мен Исабек Әлидің пародиясын қабыл алыңыздар.

Ақылжан: Керемет жігіттер.
- Аяжан , Білімжан сендер Аслан мен Әлидің қай әншілерге пародия салғанын білесіңдер ме?
Білімжан: Ақылжан бұл « Диета кейзет » болуы керек қателеспесем.
Аяжан: Ия жігіттер, бұл топ « Диета кейзет »
Жарайсыңдар жігіттер. «Диета кейзет» тобының әншілерін керемет келістірдіңдер.
Келесі біздің сайыскеріміз 4 ә сынып оқушысы Жұман Нұртайдың өнерін тамашалаңыздар.
Ақылжан: Тамаша Нұртай. Болашақ Қайрат Нұртас десекте болады.
- Келесі біздің қатысушымыз 3 сынып оқушысы Баймахан Асылжанды қарсы алыңыздар.
Білімжан : Керемет Асылжан, өнерлі жігіт екенсің.
Аяжан: Білімжан Асылжанның салған әншісі кім деп ойлайсың?
Білімжан: Еліміздің керемет әншілерінің бірі , қазақ тойларының падишасы Заттыбек Көпбосынұлы.
Ал, ендігі сайыскеріміз 2 сынып оқушысы Хасан Әсемайды қарсы алыңыздар.
Ақылжан: Рахмет саған Әсемай. Өнерлі екенсің.
Аяжан бұл қай әнші ?
Аяжан: Бұл қай әнші екенін көрермендерден сұрап көрейікші.
Бұл қай әнші? Білесіздер ме?
Дұрыс бұл Қарақат Әбілдина әпкеміз.
Білімжан: Дұрыс айтасың Аяжан. Ендігі қатысушымыз 1 сынып оқушысы Бекбау Батырбекті қарсы алыңыздар .
Ақылжан: Тамаша Батырбек. Бұл әнші ағамыздың әндерінің барлығы керемет. Оның әндерінсіз қазақтың тойы өтпейді. Солай емес пе? Бұл әнші ағамыз кім, білесіздер ме ?
Ия. Бұл әнші Асқат Тарғын.
Аяжан : Енді « пародия» номинациясы бойынша әділ – қазыларымыздың бағаларын білсек...
4 а сынып оқушылары Артық Аслан мен Исабек Әлидің бағалары
4 ә сынып оқушысы Жұман Нұртайдың бағалары
3 сынып оқушысы Баймахан Асылжанның бағалары
2 сынып оқушысы Хасан Әсемайдың бағалары
1 сынып оқушысы Бекбау Батырбектің бағалары
Әділ - қазыларымыз өнерпаздарымыздың бағаларын есептеп болғанша алдарыңызда «Дайындық топтың» оқушысы Сәбит Әлинұрдың әнін қабыл алыңыздар.
4ә сынып оқушысы Абай Сезімнің «Саржайлау» әнін қабыл алыңыздар.
Ақылжан: Осымен біздің « Айгөлек» ән – би байқауы өз мәресіне жетті.
Білімжан: Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған ұстазымыз , - дей келе сөз кезегін мектебіміздің директоры Ибраева Райхан апайымызға береміз.
Аяжан: Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Келесі кездескенше аман болайық көпшілік қауым. Тәрбие.орг сайтынан Айгөлек - 2017 жыл Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Минасипова Ажар Нуржановна

Пікірлер: 0

avatar