Ашық сабақ "Кішкентай өрмекші"

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 817
  • Ағылшын тілінен ашық сабақтар
  • 15/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19484


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№65 технологиялық картасы
Топ: Ересек (Ә)
___Апта Сәуір

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы Little spider – Кішкентай өрмекші
Мақсаты Ағылшын тілінде «өрмекші» сөзін және өзге де жәндіктердің атын үйрету, «жоғары, төмен» сөздерін меңгерту.
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыру
Көрнекіліктер Қорап, өрмекші мүсіні, ара, қанқызы,
Лексикалық бірлік Butterfly – көбелек, bee – ара, ant – құмырсқа, fly – шыбын, bug – қоңыз, spider - өрмекші
Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-
қозғаушылық Балалармен жеке-жеке амандасып, көңіл-күйлерін сұрайды.
- Балалар, мен жаңа келе жатып жолдан бір қорап тауып алдым. Ішінде не барын көрейікші (жылтыр қорапты көрсетеді). Мұғаліммен амандасады, өз көңіл күйлерін айтады.

Мұғалімнің қал-жағдайын сұрайды.

Ұйымдастыру-
іздестіру - Oh, it`s a spider! Look, a spider! Ол сондай әдемі, сүйкімді емес пе? (қолдан жасалған немесе ойыншық өрмекшіні алып шығады).


- Little spider!
Фонетикалық жаттығу
- Ол біздің қонағымыз. Ол далада тоңып қалған болар.
- Алақанымызға салып оған жылы ауа үрлейік (алақанына үрлейді, [h] дыбысын шығарады).
[h-h-h-h-h]. Қане, енді бір-біріне беріп тұрыңдар.
Good for you!
- Балалар, Spider бізге қайдан келді?Ол өзінің достарынан адасып қалған ғой. Оның жолдастары ant және bee (суреттерін көрсетеді).
Сергіту сәті
Let`s do like a spider
Әуенді үнтаспада ойнатады.
Little spider,
See the little spider.
Climbing up the wall,
See the little spider,
Stumble and fall.
See the little spider,
Tumble down the street,
See the little Spider,
Stop down at my feet.
Well done!
Мұғалім басына сиқыршы қалпағын киеді:
- I`m a magic man. Look and say. What I have?

Ара, құмырсқа, өрмекшінің муляждарын алып шығады.
«Magic man» дидактикалық ойыны
- Мен қазір сиқыр жасаймын. Мына байғұс жәндіктерді өзіммен бірге алып кетемін. Бірақ, сендер оларды құтқара аласыңдар.
Ойын шартын түсіндіреді, 2-3 рет қайталап ойнатады. Сиқыршы жәндіктерді балаларға көрсетіп , үстінен өзінің жылтыр орамалымен немесе шүберегімен еш нәрсе сыртқа көрінбейтіндей етіп, бүркеп жабады. Орамалдың үстінен қолдарымен айналдыра сиқырлы сөздер айтады:
spider-mider-rider,
ants-fonts.
-bo-bo-be-be! – деп шүберекпен жасырып, жәндіктердің біреуін жоғары көтере бастайды.
Балалар қай жәндіктің жоқ екенін дереу тауып, атауын дауыстап айтады. Дұрыс тауып атаса жәндікті көрсетіп, орнына қайта қояды, дұрыс атай алмаған жағдайда жәндікті балаларға көрсетпей қалтасына салып алады немесе арнайы қорапқа сала қояды. Well done! Қорапқа үңіліп қарайды. «Өрмекші» сөзін ағылшын тілінде бірнеше рет қайталайды.

Өрмекшіні тамашалайды, қызықтайды, ұстап көреді.

Кезек-кезек алақандарына салып, [h] дыбысын шығарып үрлейді.

Өз ойларын айтады.

Қимыл-қозғалыстарды белсенді орындайды, өрмекшінің әрекетіне еліктейді.

Жәндіктердің атауын ағылшын тілінде атап шығады.

Шүберектің астында жасырылған жәндікті тез анықтап, атауын бірге дауыстап айтады.
Рефлексивті-
Түзетушілік - Сендер ақылды бала екенсіңдер. Кішкентай жәндіктерді қорғап қалдыңдар. This is for you (түрлі-түсті күлтешелері бар гүлді алып береді).
- Let`s put them on the flower
- Санжар, put the spider
- Айзере, put the ant
- Ералы, put the bee. Good for you!
- Сендерге жәндіктер ұнайды ма? Ендеше оларды өздеріңнің топтарыңа ала барыңдар. Good bye!

Сұрақтарға жауап береді.

Мұғаліммен қоштасып, топтарына жәндіктерді алып кетеді.
Күтілетін нәтиже
Не білуі керек Жәндіктер туралы ұғымды, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін.
Нені игерді Ағылшын тілінде «өрмекші, құмырсқа және ара» сөздерінің айтылуын, [h] дыбысының айтылу ерекшелігін.
Нені біледі Ағылшын тілінде айтылған өтініштер мен ұсыныстарды өздіктерінен түсініп, орындауды. Тәрбие.орг сайтынан Ашық сабақ "Кішкентай өрмекші" Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махметова Айымгуль Жумагалиевна

Павлодар қаласы МҚКК №7 сәбилер бақшасы Ағылшын тілі мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar