Ашық сабақ "Түстер"

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 982
  • Ағылшын тілінен ашық сабақтар
  • 05/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19449


Бөлімі: «Colors» - Түстер
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: Ағылшын тілі
Мақсаты: 1.Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету.
2.Эстетикалық тәрбие беру.
3.Танымдық қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Түрлі түсті қаламдар, тақырыпқа байланысты суреттер, телефон
Лексикалық бірлік: Color-түс, red- қызыл, blue- көк, green- жасыл, yellow- сары, yes - иә, no- жоқ

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық - Good morning!
- How are you ?
- Nice to meet you!

Балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Шаттық шеңбері:
Good morning, good morning
Good morning to you.
Good morning, good morning
I am glad to see you! - Hello, teacher!
- I`m fine thanks.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып «Good morning» тақпағын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру - Балалар, бізге біреу қарандаштар тастап кетіпті.
Кенеттен біреу қоңырау шалады.
Ол Микки болады. Өзінің қонаққа келеалмайтынын айтады. Бірақ балаларғатүрлі – түсті қаламдар қалдырып кеткенін айтады.
-Балалар, бізге Микки қоңырау шалды. Ол бізге қарандаштар қалдырып кетіпті.
Мүмкін, біз олардың түстерін айтып үйренсін деген болар. Look around. Can you see pencils? Қарап көріңдерші, қандай қарындаштарды бізге тастап кеткен екен?

Орындықтың үстіне алдына сары, жасыл, қызыл және көк қарындаштарды қойып қояды.

-Look, these are pencils. Color pencils.
Балалар, мына түрлі түсті қарандаштарға қараңдаршы. Балалар сендер білесіңдер ме түсті қазақ тілінде «түс» ал, ағылшын тілінде «сolor» дейтінін. Қане барлығымыз қайталайықшы.
Well, lets make a circle and learn the colors!
Балаларды шеңбер бойымен отырғызады.
«Pass and say» дидактикалық ойыны
Pass and say the colors.
- Green
- Red
- Blue
- Yellow
- Well done!

Балалар, сендермен тағы бір ойын ойнайық.
«What color?» ойыны
Мұғалім жасыл, сары, қызыл, көк түсті қаламдарды кезек- кезек көрсетіп, «What color is this pencil? » деп, әр баладан сұрайды.

Сергіту сәті
«Green, red, yellow»
Жасыл түсті атағанда музыкамен тез жүру, «сары» дегенді естігенде баяу жүру, ал «қызыл» сөзін естігенде тоқтай қалу керек.

-Good for you! Well done!
- Балалар, барлығымыз бір серігіп алдық. Ал енді сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойнаймыз ба?
«Help me please» ойыны
Ортаға бір бала шығады және теріс қарап тұрады. Мұғалім баланың артына бір түсті іледі. Бала артында ілініп тұрған түсті табу үшін,түстерді ағылшын тілінде атайды.
Ойын осылай жалғасады.
- Good morning!
- OK
-Nice to meet you! Балалардың жауаптары.

Балалар мұғаліммен бірге қайталайды.

Түстерді атап шығады.

Балалар сұраққа жауап беру түрінде ойынды ойнайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Балалар түске сәйкес «Yes», «No» деп жауап береді.

Шаттық шеңберіне тұрып, «Good morning» тақпағын айтады.

Рефлексивті - түзетушілік Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Good bye! Иә.

Good bye! Тәрбие.орг сайтынан Ашық сабақ "Түстер" Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махметова Айымгуль Жумагалиевна

МҚКК №7 сәбилер бақшасы Ағылшын тілі мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar