Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Fruit
  • 03.02.2016
  • 939 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15397

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (767.5Kb)

Fruit
Мақсаты: Жеміс атауларымен таныстыру. Салауатты тамақтануға баулу. Шет тіліне қызығушылықты тәрбиелеу.
-Hello children!
-Hello teacher!
-How are you?
-I am fine, thank you
-Ok. Sit down.

Балалар қараңдаршы бізге қаншама қонақтар келіп отыр. Барлығымыз қонақтармен ағылшын тілінде амандасайық.
-Hello teacher!
-Hello. Sit down children. Ал енді балалар біз өткен тақырыпты қайталамас бұрын 3-топқа бөлініп алайық. Менің алдымдағы суреттерді алып кімде алманың суреті барлары 1-топ Apple тобына, бананның суреті барлар 2-топ banana тобына,ал 3-топ orange тобына апельсиннің суретін алғандар отырады. 3-топқа бөлініп болсақ өткен тақырыпта Verbs, яғни етістіктерді өттік. Ал енді секіру, жүгіру, жымию, ұйықтау сөздерінің ағылшынша айтылуын айтайық. Jump, run, smile, sleep сөздерін қимылымен қайталайды.

New lesson
Сонымен қатар оқушылар күшік, ит және пілде бізге қонаққа келіпті. Олар бос келмей бізге хат ала келіпті. Оны ашып оқуға қалай қарайсыңдар?
Балалар, біздің достарымызды мазалап жүрген сұрақтары бар екен, біз оларға көмектесеміз бе?
-Әрине көмектесеміз.
-Олай болса мұқият тыңдап жұмбақтың шешуін табайық.
1-топ
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
2-топ
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты -....... (Жүзім)
3-топ
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы. (Алма)

Ал балалар бүгінгі тақырыбымыз не деп ойлайсыңдар.
-Жемістер
Дұрыс айтасыңдар, ал енді қандай жемістерді білесіңдер.
-Алма, алмұрт, жүзім, шие, өрік, апельсин.
-Жарайсыңдар балалар. Енді біз осы жемістердің ағылшын тілінде қалай айтылатынын үйренейік.
New words: Балалар енді жаңа сөздермен танысайық. Apple – алма, banana – банан, pear – алмұрт, orange – апельсин, big – үлкен, little – кішкентай.


Apple –алма banana – банан pear – алмұрт orange – апельсин


Big apple – үлкен алма
Little apple – кішкентай алма

Балалар мында қараңдаршы. Мына ағаш қандай ағаш деп ойлайсыңдар?
- Жеміс ағашы.
Бірақ бұл ағашта жемістер жоқ екен. Енді біз осы ағашты жемістерге толтыру үшін тапсырмалар орындайық.
Егер кім дұрыс жауап берсе алдарыңдағы жемісті ілеміз. Түсінікті ме?

3 топтан banana, pear, orange жемістерінің big or little екенін айту.
1-топ: big banana, little banana
2-топ: big pear, little pear
3-топ: big orange, little orange.
Ал қазір балалар бейне тақтаға қарап сергіту сәтін жасап жіберейік.

Балалар осының бәрін бір сөзбен қалай атауға болады?
- Жемістер
Жемістерді ағылшынша Fruit дейміз.
- Балалар жемістер қайда өседі.
- Ағашта.
- Ол ағаштар қайда өседі?
- Бақшада.
- Жарайсыңдар балалар.
Ал енді біз ойын ойнайық.
Game.
Балалар сендерге жеміс ағаштары беріледі, бірақ ағаштардың жемістері адасып кетіпті. Сол үшін мына жемістердің арасынан 1 топ apple деген жемісті, 2 топ banana деген жемісті, 3 топ orange деген жемісті тауып алып талдарына ілу керек.

Топтық жұмыс
1 топ берілген жемістердің суретін бояп атын және түсін ағылшынша атап беру керек.
2 топ берілген суретті дұрыс қарастырып, жартылай салынған жемістің суретін аяқтап, танысқан жемістерін ағылшынша атап кету керек.
3 топ берілген суретте не артық екенін табу керек. Неге артық екенін дәлелдеп беру керек.

Балалар біз түстерді де өттік. Жемістердің түстерін ағылшын тілінде айтайықшы қане.
1 топ apple тобы алманың түсін айтады. Red, yellow, green apple.
2 топ banana тобы бананның және алмұрттың түсін айтады. Yellow banana and yellow pear.
3 топ orange тобы апельсин және жүзімнің түсін айтады. Orange orange and green, black grape.

Рефлексия
Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаған болса бас бармақпен бағалайық. Ал енді жеміс ағашына қарайықшы. Сендердің еңбектеріңмен жеміс ағашы жеміске толды.
Барлықтарыңа рахмет.
Stand up, please. The lesson is over. Goodbye children!
Goodbye teacher. Тәрбие.орг сайтынан Fruit Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Намурадин Айсана Қанатқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ағылшын тілінен ашық сабақтар | Логин: aisanakanatovna
Көрсетілім: 939 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar