Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқушының шығармашылық қабілеттерін шет тілі сабақтарында дамытудың жолдары
  • 07.05.2016
  • 446 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18951

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (22.5Kb)

Оқушының шығармашылық қабілеттерін
шет тілі сабақтарында дамытудың жолдары


Қызылорда облысы
«Болашақ» медициналық колледжінің
кәсіптік шет тілі пәнінің мұғалімі
Өтепбергенова Гүлшара Бағдатқызы

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналады. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадам жасалуда. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім және сапалы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н.Назарбаев
Қазақстан халқына Жолдауында «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденеді
біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олардың өз ішінде
жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар. Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.Олар бейбіт,абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,»- деген болатын.Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу,оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет’’. Оқушының дарындылығының даму,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.Ұстаздың алдында қолын созған,өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді зерттеу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Көбінесе « дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді,тұрақты , ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсінбеушілік туғызатын , әр нәрсеге көз қарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететтін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін ұстағаны жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Оқушыны ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады. Бойында осындай мүмкіндікті туғыза отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретудегі мақсатым:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуіне, ізденуіне ықпал ету, өзіне деген сенімін қалыптастыру.
- оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқау.
Шығармашылықпен істелетін жұмыстың мазмұны:
- өлең жаттау, аудару, әңгіме жазу, сурет салу, екеуара сөйлеуге мүмкіндік беру, мазмұндама жазу, қосымша оқулықтармен жұмыс, ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу;
- пәндік олимпиадаларға, Кенгуру – лингвист ,Бритиш Булдог сайыстарына қатыстыру;
- кәсіптік бағдар беру;
Білім мен тәрбиенің тұғыры тіл болғандықтан еліміздің жас ұрпағы алдында мемлекеттік тіл – қазақ тілін, орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті қойылып отыр.
Бұл жайында елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында да ерекше аталып өтілген еді. Олай болса “Тілдердің үш тұғырлығы” жобасын басшылыққа ала отырып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу – ұстаздар алдында тұрған басты міндет.
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл- ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буын оқушылары шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Бәрімізге белгілі, бір топта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Сондықтан әр оқушының ұқыптылығын , еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана, топтың ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма беріледі. Мысалы: үй тапсырмасы өлең жаттау керек болса, кейбір оқушылар оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді, дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.
Бүгінгі күн талабы – оқушыларды ойландыру, іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын, тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясын негізге ала отырып мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мынадай тәсілдерді пайдаланып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
1. Мәтінді өзгертіп баяндау.
Бұл тапсырма оқушы деңгейіне қарай өте жақсы оқитын оқушыларға беріледі.
2. Мәтіннен іріктеліп алынған сөздердің антонимдерін анықтау.
Жұмыстың бұл түрі шәкірттердің сөздік қорының молаюына, тіл байлығының өсуіне тікелей ықпал етеді.
3.Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.Мысалы,төмендегідей мәтін беріледі.Hello! My name is Ahmed. I come from Egypt. I speak Arabic. I live in big city.Екі оқушы шығып мынадай диалог құрастырады:
Dauren: Hi! What’s your name?
Ahmed: Hello! My name is Ahmed.
Dauren: Where do you come from?
Ahmed: I come from Egypt.
Dauren: What language do you speak?
Ahmed: I speak Arabic.
Dauren: Where do you live?
Ahmed: I live in a big city.
Осы тәсілмен кез – келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Шәкірт өз ойын хабарлы сойлем түрінде баяндай білумен бірге сұраулы сөйлем жасаудың амал - тәсілдерін игеруге, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруға жаттығады.
Келесі тапсырма түрі “Мәтін құра” Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелеп беруін талап етемін.Мысалы:
I live in a small town.I come from China. Hello! I speak Chinese. My name is Li.
Топтың оқушылары сөйлемдерді тез-тез орындарына қойып, мәтінді айтып беруге дағдыланған.
Hello! My name is Li. I come from China. I speak Chinese. I live in a small town.
Осы мәтінге қарап оқушылар әркім өзі туралы жазып айтып береді. Мысалы:
Hello! My name is Zhandaulet. I come from Kazakhstan. I speak Kazakh. I live in a small town Kyzylorda.
Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде “жақсы-жаман” “Good - bad” ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамауы керек.
E.g. T: Crocodiles. P: They are bad. They have sharp teeth. We don’t like them. They are dangerous.Etc.
T: Camels. P: They are good. They are domestic animals. They give us milk. We make shubat out of their milk. Etc.
Осылай әр оқушы бір –бір сөйлемнен айтып шығады.

Келесі бір тапсырма түрі “Тақырыбын тап”. Тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді шағын әңгіме құрайды және әңгіменің тақырыбын белгілейді. Мысалы: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like? How many pupils are there in your class? Etc.
Оқушының шығармашылығын дамытуда дамыта оқыту технологиясын да қолданамын.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын істeрдің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Тіл дамыту жұмыстарының бір түрі - шығармашылық жазба жұмыстары. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт - бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты-логикалық ойлaуды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру.
Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есіне ұстауы қажет :
- баланың бойындағы құмарлығын , қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
- өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын , ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері. Ағылшын тілі мектепте, 2009, №3
2. Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу. Шет тілін оқыту әдістемесі, 2011, №1
3. Жеке тұлғаның қабілеттілігін дамыту – дарынды тұлғаны тәрбиелеу Иностранные языки в школе, 2011, №1
5.Тілді меңгеру – уақыт талабы. Білім технологиялары.Ағылшын тілі мектепте, 2010, №2.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан.
7. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №5, 2009
8. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языки в школах Казахстана. Наурыз – Сәуір. №2(50)/2010 ж Тәрбие.орг сайтынан Оқушының шығармашылық қабілеттерін шет тілі сабақтарында дамытудың жолдары Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өтепбергенова Гүлшара Бағдатқызы

Қызылорда облысы, "Болашақ" медициналық колледжі Кәсіптік шет тілі пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 446 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar