Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Шетел тілін оқытудың инновациялық моделінің басты мәселесі
  • 15.04.2016
  • 484 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18656

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы № 98 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанбекова Арайлым Шынбергенқызы

Баяндама

Шетел тілін оқытудың инновациялық моделінің басты мәселесі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы»-«Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Ал 2008 жылғы ақпанда Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», -деді. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тіл-мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде, оның дүне жүзіндегі аренаға шығып басқа елдермен саяси- экономикалық мәдени қатынастарды қалыптастыруы Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шет ел тілінің ролін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әртүрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рол атқарады.
Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономиалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде пән ретінде де қолданылады. Неміс, француз, қытай, корей, парсы, араб, т.б. тілдері негізінен пән ретінде қолданылады. Ағылшын тілі сабақтарында көп тілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады.
Интеграция дегеніміз-пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақты түрде іске асыру.
Интеграция тұтастықты қалыптастырып білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, Бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.
Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
• Студентердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану;
• Заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану;
• Үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету;
• Әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу ;
• Сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;
• Танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту,ақпараттық оқыту, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «ХХІ ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 миллиард арасында тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең көп қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ.60 жылдардан бастап кеңінен ағылшын тілі тарала бастады. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Оның ішінде: БҰҰ, ЮНЕСКО, Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы және т.б.
Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектеп тер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Ағылшын тілін білу – ол тек қана сөздікпен оқу емес, сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлеуді тыңдау арқылы қабылдау, өз ойыңызды ағылшынша еркін білдіру және дұрыс акцентпен сөйлеу.
Ағылшын тілін оқытуда алты деңгейі бойынша топтар білім алады. Олар: «beginner», «elementary», «pre-intermediate», «intermediate», «upper- intermediate», «advanced».
1. Вeginner. Бұл деңгейде сөйлеудің фонетикалық дағдылары, дауысты, дауыссыз дыбыстар, дыбыстардың тіркесіп келуі, дифтонг, буын, екпін туралы мағлұмат алып, сөйлеудің интонациялық дағдылары қалыптасады. Сабақтар барысында күнделікті қарым-қатынастар жағдаяттары үйретіледі: сабақта, отбасында, дүкенде, көлікте, асханада, қонақ үйде, т.б. бұл деңгей соңында сіз өзіңіз, отбасыңыз, қайда тұратыныңыз, немен шұғылданатыныңыз, бос уақытты қалай өткізетініңіз туралы шағын әңгіме құрастыра аласыз.
2. Еlementary. Бұл деңгейді сіз мағынасын білмейтін сөздерді оқи аласыз. Сіз өзіңіз туралы қысқаша мәлімет бере отырып және ағылшын тіліндегі мәтінді оқисыз, бірақ көп сөздерді айтуда қателер жібересіз. Сабақтар барысында ауызекі сөйлеудің грамматикалық құрылымдары:
-мен оқи аламын, мен жасай аламын, мен жасағым келеді, т.б. кейбір етістік шақтарын есте сақтау дағдысы қалыптасады. Тыңдау арқылы өзіңіз өтпеген сөздер мен құрылымдарды қабылдауға үйренесіз.
3. Рre-intermediate. Бұл деңгейді өткеннен соң ауызекі сөйлеудің кең
ауқымды етістіктерінің шақтарын біле аласыз. Сондай-ақ сұрақ қоюды үйренесіз. Бұл деңгейде аудио таспаларды тыңдау кезінде алған ақпараттың кейбір деректері түсініксіз болса да жалпы мағынасын ұға аласыз.
4.Іntermediate. Бұл деңгейде етістіктің барлық шақтарын осы, келер, өткен шақ формаларын пайдаланып, сөйлей аласыз, синонимдер мен антонимдер есебінен сөздік қорыңыз жетіледі, телефон арқылы сұхбаттар формаларын меңгересіз, жақсы деңгейде тіл білушілердің сөйлеуін қабылдауға үйренесіз.
5. Upper- intermediate. Осы деңгейде сіз ағылшын тілін меңгерудегі биіктіктерге жете аласыз. Сіз саясат, өнер, оқыған әдебиет тақырыбына шағын баяндама жасай аласыз, бірақ көптеген ауызекі сөздер сізді тұйыққа алып келеді. Теле-радио жаңалықтарын тыңдау кезінде барлығын түсіне алмайсыз.
6. Аdvanced. Бұл деңгейге келіп, сіз еркін ағылшын тілі дәрежесіне қол жеткізе аласыз. Сіз өз қызметіңіз саласында барлығын айтып, түсініп және жаза аласыз.
«Тіліміздің үштұғыры» мәдени жобасын жүзеге асыру аясында академик С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық-методологиялық негіздерін енгізді. Шетел тілі бойынша ойлаудың жаңа түрін игерген, дүниетанымдық мәдениеті бар, көпмәдениетті сана-сезімі дамыған, сонымен қатар қазақ, орыс және шетел тілдерін жете меңгерген маманның кәсіби білікті үлгісін:
а) заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану арқылы аудармаға оқыту бойынша ғылыми педагогикалық мамандарды;
б) мемлекеттік тілдің басты роліне сүйене отырып, жобада көрсетілген барлық тілдерінде жұмыс істей алатын аудармашы мамандарды (қазақша-ағылшынша, қазақша-орысша және т.б) арнайы мақсатта даярлау арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің концептуалдық әмбебаптандырылуын қамтамасыз ету деп анықтайды. Демек, халықаралық саяси-экономикалық қатынастарды әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуде білікті мамандарды дайындау қажеттілігі оқу мен білім саласына да белгілі міндеттерді жүктейді.
Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»// Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
6 ақпан, 2008 жыл

2. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории А, 2005-262 стр. Тәрбие.орг сайтынан Шетел тілін оқытудың инновациялық моделінің басты мәселесі Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сұлтанбекова Арайлым Шынбергенқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ағылшын тілінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 484 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar