Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
What time is it?
  • 01.02.2016
  • 479 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15108

Сабақтың тақырыбы: What time is it?
Сыныбы: 3 сынып
Күні:
Сабақтың негізгі мақсаты:
1. і_е дыбыстары бірге қолданғанда дауысты дыбыстардың оқылу ережесімен таныстыру
«What the time?» сұрағымен оған берілетін « It’s ____ o’clock» жауап түрімен таныстыру
2.Сабақ тақырыбы негізінде сөйлеу білігін мен оқу дағдысын жетілдіру
3.Жалпы сұрақ қойып, оларға жауап беру білігін қалыптастыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбук, СД дискілері
Жаңа сөздер: in the morning, in the afternoon, in the evening,at night, What the time? It’s ____ o’clock
Қайталау: numbers 1-12, verbs, getup, brush teeth,wash face, play football, go to school, play chess, read stories, go to bed, listen to music, do homework
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, мультимедия- лингофон құрылғылар,СД дискілер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика

Сабақ оқушылардың сәлемдесуінен және сабақ тақырыбын хабарлаудан басталады.
І.Warm up
Hello children! Sit down, please! Бүгінгі сабақта біз « і» дауысты дыбысынан тұратын сөздерді меңгеруді жалғастырамыз, «а» және «о» әріптерінің оқылуын қайталаймыз.Сағат қанша? сұрағын қойып, оған жауап беріп, үйренеміз, сондай – ақ жаңа ән жаттаймыз. ТЕД туралы әнді еске түсіріп, дискіні қосып, оқушылар тыңдап, ән салады.

Фонетикамен жұмыс
Оқушылармен бірге сөздің соңында дыбысталмайтын е әрпі бар а және о әріптерінің оқылу ережесін қайталау.Тақтаға бірнеше сөз жазып, сөз соңында е «дыбысталмайтын» әрпі бар сөзді тауып, оқуды тапсырам.Оқушылар оқиды, мұғалім сөздердің астын сызады.
Тақтада: cat, nose, bone, gate, dog, case, mum, home, banana, plane, bus, tape, school, kite, pen, nine

Ex1 p16 (CD №11) Listen, point and repeat (Тыңда, көрсет және қайтала)
Дискіні қосып, оқушылар сөздерді тыңдай отырып, оқулықтағы суреттерді көрсетеді.Одан соң дискіні екніші рет қосып, әрбір сөзден кейін тоқтатып қойып, оқушылар сөздерді қайталайды.

Ex2 p16 (CD №11) Listen and tick
Тыңдап түсіну дағдысын қалыптастыруға және [аі] дыбысы бар сөздерді аңғара білуді дамытуға арналған жаттығу.Мұғалім сөздерді өзі таңдайды немесе төмендегі сөздерді пайдалана алады.Оқушылардың міндеті – мұғалім атаған сөздерді белгілеу
answers: kite, bike, line, prize, white.Жаттығуды тексерем.

II.Presentation
Ex4 p17 (CD №12) Listen, point and repeat (Тыңда, көрсет және қайтала)
Сөздерді тақтаға жазып, жаңа сөздермен таныстыру : in the morning, in the afternoon, in the evening,at night.Оқушылардың назарын предлогтардың қолданылуына аудару.Дискіні қосып, оқушылар бірінші бөлімін тыңдап, суреттерді оқулықтан көрсетедіЕкінші бөлімін тыңдап, қайталайды.Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту.
Now children lets play a game
Мұғалім етістіктерді атайды, ал оқушылар оынң күннің қай мезгілінде істейтіндерін айтулары керек.Егер картинамен жұмыс істейтін болса, онда оқушылар картинаны таңдап алып, картина бойынша сөйлейді.Ал қалғандары оны қай мезгілде жасайтындарын айтады
T: get up T: sleep
PL1: in the morning PL3: at night
T: have lunch
PL2: in the afternoon
Remember айдары
Оқушылардың назарын кестеге аударып, тақтаға сағаттың суретін салып, оқушылар циферблаттағы цифрларды атайды.Оқушыларды What time is it? What’s the time? сұрақтарымен таныстыру.Оқушылар хормен қайталайды.
T: What’s the time?
PL1: It’s five o’clock
Сергіту сәті
ІII.Practice
Ex.6 p18 (CD №13) Listen and sing (Тыңда және ән сал)
Bobby- дің суретіне қарап, оның не істейтінін көрестетін уақыт бойынша сұрайды.Одан әрі әнді жаттайды.


Ex.7 p18 – Write (Жаз)
Бұл жаттығудың мақсаты – мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру білігін қалыптастырып, жазу.Жаттығуды оқулыққа қарандашпен немесе дәптерлеріне орындайды.
Answers:
What does Bobby do at 7 o’clock? He gets up at 7 o’clock
What does Bobby do at 8 o’clock? He goes to school at 8 o’clock
What does Bobby do at 1 o’clock? He comes home at 1 o’clock
What does Bobby do at 2 o’clock? He has lunch at 2 o’clock

Ex8 p19 Speaking.Ask and answer (Сөйлеу.Сұра және жауап бер)
Оқушылар бірге осы беттегі сөз тіркестерін оқиды.Оқушылар не істейтіндерін «+» және нені істемейтіндерін «х» белгісімен көрсетеді.Үлгіні пайдалана отырып, жалпы сұрақтар құрасырады.Мұғалім сөз тіркестерін бос орынға қойып, оған қысқаша түрде жауап беру керектігін түсіндіреді.Жұппен жұмыс істейді.Мұғалім сынып ішін аралап, оқушыларды тыңдайды, қажет болған жерде түзетіп, көмектеседі.
IV.Homework
Ex:1-5 p12-13 (workbook) Тәрбие.орг сайтынан What time is it? Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ағылшын тілінен ашық сабақтар | Логин: Қонақ
Көрсетілім: 479 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar