«Жабайы жануарлар» "Wild animals"

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 40
  • Ағылшын тілінен ашық сабақтар
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23259


Ақтау қалалық білім бөлімінің « №17 «Күншуақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

№7 «Балдырған» естиярлар тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әректінің конспектісі

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
"Wild animals"

Тәрбиеші:Мамыкова Г.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Туреева Р.Б.

Ақтау қаласы, 2017 жыл

Білім беру саласы:Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту Тақырыбы: «Жабайы жануарлар» - "Wild animals" Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар, олардың балалары туралы білімдерін пысықтау. Балалардың ойлау қабілеттерін, сұрақ қою және сұраққа жауап беру арқылы дамыту. Бір-біріне айтқан ойларын тыңдай білуге тәрбиелеу. Дамушылық: Балаларды жануарлар дүниесімен таныстыра отырып, олардың тіршілік ету ортасымен таныстыру. Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетерін дамыту.Тапсырмалар мен ойын шарттарын дұрыс қолануға дағдыландыру. Тәрбиелік: Сабырлылық,шыдамдылық, ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, дидактикалық ойындар.
Көрнекіліктері: жабайы жануарлар суреттері, слайд, орман алқабы, автобус және геометриялық пішіндер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу оқу іс –әрекетіміз, әдеттегідей емес, ерекше болмақ. Бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр екен,қане амандасып алайықшы. Балалар: - - Сәлеметсіз! -- Здравствуйте! - Good morning! (қазақ, орыс, ағылшын тілінде сәлемдеседі) -Балалар кеше мен сендерге орман алқабына баратынымызды айтып едім, дайынсыңдар ма? Балалар: Дайынбыз. – Олай болса, бүгін біз орманға саяхат жасаймыз. - Балалар орман алыс қандай көлікпен баруымызға болады? Балалар: Ұшақпен, автобуспен баруға болады. -Балалар,міне біздің автобусымыз да дайын екен. Орманға автобуспен барамыз. -Автобусқа жүргізуші қажет,бізге кім жүргізуші болады? (Балалар арасынан жургізуші сайланады. Балалар жол сөмкелерін алып, геометриялық пішіндеріне қарап өз орындарын табады)
-Балалар жол ұзақ, орманға тез жетуге және көңілді болуы үшін ән айтайық.
Ағылшынша ән орындайды.
"Wheels on the bus"
Wheels on the bus go round and round,
Round and round, round and round.
Wheels on the bus go round and round,
All through the town.

The people on the bus go up and down,
Up and down, up and down.
The people on the bus go up and down,
All through the town.

The horn on the bus go beep, beep, beep,
beep, beep, beep, beep, beep, beep,
The horn on the bus go beep, beep, beep,
All through the town.

Орманға келеді. (орманда Қызыл телпекті қыз шығады) Қызыл телпекті қыз: -Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар: Сәлеметсіз бе! Қызыл телпекті қыз: Балалар, мен ормандағы достарыммен бірге шығып едім,біз ойын ойнап жүр едік, оларды таба алмай қалдым.Сендер маған көмектесіңдер ме? Балалар: Ия Қызыл телпекті қыз: Білмеймін маған мына қағазды олар беріп кетті. –Қане мен көрейінші. Ой, бұл жұмбақ екен. Экранға назар аударайық. Слайд экранда 1-тапсырма:
Жұмбақтар: 1.Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі, лиса, fox)
2.Қыс бойы жатады, Тәтті ұйқыға батады. (аю, медведь, bear)
3. Ит сияқты ит емес, Ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр, волк, wolf)
4. Бұтақтарға секіріп, Әр жерден қылт етеді, Кейде жаңғақ кеміріп, Жоғары өрлеп кетеді. ( тиін, белка, protein)
5.Қорыққанда желаяқ. Отырғанда томардай –ақ. (қоян, заяц, hare)
(үш тілде жұмбақтар шешуін айтады)
-Жарайсыңдар балалар,жұмбақтың шешуін таптыңдар, ал бұл жануарларды бір сөзбен қалай атайды? Балалар: -Жабайы жануарлар деп атайды. –Бұл жануарлар қайда мекендейді? Балалар: -Орманда мекендейді. - Қызыл телпекті қыз бен оның достарының тағы да тапсырмасы бар екен. 2-тапсырма: «Сипатына қарай тап» (Қызыл телпекті қыздың достары шығады)
Сергіту сәті:
«Ұзын құлақ сұр қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып, сыбдырды, Ойлы –қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып секірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңда, Көжегі екен өзінің.
–Балалар,орман аңдары туралы тақпақ білесіңдер ме? Балалар: Ия. Тақпақтар:
-Жарайсыңдар,балалар.Өздеріңмен алып шыққан жол сөмкелеріңдегі әр- түрлі ойыншықтарды қолымызға аламыз. 3-тапсырма: Д/ойын: «Не қайда мекендейді?»
4-тапсырма: «Төлдердің аналарын тауып бер»
Қызыл телпекті қыз: Рахмет,балалар.Сау болыңдар! -Спасибо, дети. До свидания! Thank you, children. Good Bye!
Балалар: Сау болыңыз, Қызыл телпекті қыз, достар. - До свидания! Good Bye! ( үш тілде) –Қане, балалар енді балабақшаға қайтатын уақыт жетті. Барлығымыз автобусқа отырайық. Жол қысқарсын, тобымызға тез жетіп алайық балалар,қане бәріміз ән айтайық.
Ағылшынша ән орындайды. "Wheels on the bus"


Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды: -Балалар біз бүгін қайда бардық?
- Children, where have you been ? –Орманға жасаған саяхатымыз сендерге ұнады ма?
- Do you like our travel by forest?
–Орманда кіммен кездестіңдер?
- Whom do you meet in the forest?
-Бүгінгі тапсырмалар не туралы болды?
- What about our today`s theme?

-Балалар қолымыздағы сыйлықтарымызды қонақтарға сыйға тартайық.
- Ok, children. Let`s give our presents to our guests.
Балалар жақсы тілектер айтып, сыйлықтарын қонақтарға береді. Тәрбие.орг сайтынан «Жабайы жануарлар» "Wild animals" Ағылшын тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туреева Р.Б

Пікірлер: 0

avatar