“12 жылдыққа білім беруге көшу жағдайында шет тілі пәндерін жаңаша оқытуда мұғалімнің шығармашылық және зерттеу әлеуетін арттыру”

  • Жүктеулер: 164
  • Көрсетілім: 717
  • Ағылшын тілінен презентациялар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22680


Бүгінгі сөзімді мен, халқымыздың ұлы ағартушысы Ыбрай Алтынсаринның мына айтқанымен бастағанды жөн көрдім, «Мәселенің барлығы мынада, яғни баланың жанын ұстаз түсіне біледі ме? Мұғалім бала санасына айқын және оны қызықтыратын әдісті таба біле ме? »
Осы ойды ұстанып, мен өз тәжірибемде оқыту әдісі ретінде жобалау технологиясы әдісін қолданымын және бұл әдіс оқушыны оқыту мен дамытуда аса тиімді деп санаймын. Педагогика ғалымдары бұл әдісті «21 ғасыр әдісі» деп атайды екен. Педагогика ғылымдарының докторы Е.С. Полат «жобаға» әдіс және педагогикалық технология ретінде былай анықтама береді: «Жоба әдісінің негізінде оқушының танымдық дағдыларының дамуы жатыр, яғни алған білімдерін өз бетінше құрастыру іскерлігі, ақпарат кеңістігінде бағдар алу, сыни тұрғысынан ойлау»

Америка ғалымы Дж. Добсонның айтуынша
Жобалау жұмысы бұл – өзара қатынас түрі, оқушылар шет тілін игеру барысында түрлі мәселелерді шешуде топ, шағын ұжым болып бірлескен әркеттерді орындайды.
Бұл технологияның оқушылардың өзара бірлесіп әрекеттену,өзара үйрету идеясына негізделген. Бұл жағдайда лидер барлық жауапкершілікті өзіне алады, ал қалған оқушылар бір біріне көмектесіп, табысқа жетуді көздеп, барлық күш-жігерін соған жұмсайды. Бір бірінен жауапкершілікті талап етіп, қадағалап, достық пен жауапкершілік сезімдері арта бастайды. Тәрбие.орг сайтынан “12 жылдыққа білім беруге көшу жағдайында шет тілі пәндерін жаңаша оқытуда мұғалімнің шығармашылық және зерттеу әлеуетін арттыру” Ағылшын тілінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гульнура Отарбаева

Пікірлер: 0

avatar