Айналу денелерінің проекциялары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 666
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 09/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21626


Сабатың тақырыбы:Айналу денелерінің проекциялары
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін сызбаларды орындау арқылы толықтыру,біліктіліктерін логикалық тапсырмалар арқылы арттыру сұрақтарға жауап іздеуге,сызбаны ауызша оқып ,өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу.
2.Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және графикалық мәдениетін қалыптастыру.
3.Оқушыны тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ:
Әдісі:Іздену,талдау,шығармашылығын қорғау
Көрнекіліктері:детальдар,сызба аспаптары интерактивті тақта т.б
Пәнаралық байланыс:геометрия,бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасып түгендеу.
2.Фигуралар арқылы топқа бөлу
II.Үй тапсырмасын сұрау.«Ой қозғау»кезеңі.
1.Табандары көпбұрыш,ал бүйір жақтары төртбұрыш(тік төртбұрыш немесе паралелепипед)болатын көпжақ:
А) пирамида; В) призма
Б) паралелепипед; Д) кристалл
2.Көлбеу призма қай суретте көрсетілген?
А) В) С)
3.Қай суретте дұрыс пирамида көрсетілген?
А) В) С)
4.Қай суретте паралелепипед көрсетілген?
5.Қай суретте алтыжақ көрсетілген?
6.1-ші суретте көрсетілген:
А) төртжақ В) алтыжақ С) үшжақ
7.Заттың геометриялық пішінін талдау дегеніміз не?
8.Көпжақ дегеніміз не?
9.Пирамида табаны П1жазықтығында орналасса,П1,П2және П3жазықтығында қалай проекцияланады?-тең бүйірлі үшбұрыштарға.
IV.Жаңа сабақ.«Фрайер»әдісі
Қазіргі заманғы суретшілер геометриялық денелер формасын құрлыста кеңінен пайдаланылады. «Бейбітшілік және келісім сарайы»пирамида, «Мемлекеттік мұрағат»ғимараты тор формасында, «Бәйтеректің» ұшар басындағы самұрық жұмыртқасы шар,ал көптеген ғимараттар призма конус паралелепипед формаларында жасалған.Көріп отырғанымыздай геометриялық денелердің маңызы тұрмысымызда өте зор екен,сондықтан осы денелерден болашақта қандай ғимараттар жасауға болады.
Сарамандық жұмыс.Графикалық жұмыс
V.Сергіту минуты.Визуальдық иллюзиялар(ойлану)
VI.Бағалау.Кері байланыс парағын толтыру
VII.Үйге тапсырма. Тәрбие.орг сайтынан Айналу денелерінің проекциялары Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Райгул Бакбергенова

Пікірлер: 0

avatar