Ауа ылғалдылығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 655
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20352


Сабақтың тақырыбы: Ауа ылғалдылығы Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы, Қапиза Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп -гимназиясы
Мерзімі: 18.10.2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Сегізбаева Жамила Асетілдақызы
Сынып: 8 «а» сыныбы Оқушы саны: 22 Қатысқаны: 20
Сабақтың мақсаты: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау.Оның зияны мен пайдасын білу.Алған білімдерін өмірде пайдалана алу.

Табыс критериі А. Ауаның ылғалдылығын біледі.

В. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайтын құралды біледі және өлшей алады.


С. Психрометрдің құрылысын біледі, ауаның ылғалдылығын өмірмен байланыстыра алады
Тілдік мақсат Тақырыптағы термин сөздердің мағанасын біледі
Кілт сөздер мен ұғымдар:Салыстырмалы ылғалдылық,шық нүктесі,психрометр,психрометрлік кесте.
Сабақ алды тапсырма Әр оқушы 5 сұрақтан тұратын тест дайындап келу
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Уақыт Ресурстар
Ұйымдастыру

Проблеманы анықтау. Жақсы психологиялық ахуал туғызу
Тренинг «Сөйлейтін қолдар….»

5 сұрақтан тұратын физикалық диктант, жұппен тексереді,шешіп болған соң тексеріп бағалау парақшасына балын қояды.
Ақпараттағы ақаулық әдісі бойынша қайталау
Қаныққан бу-.....
Қанықпаған бу-....
Булану-....
кебу-
Топ ережесін жаздыру.
Топ көшбасшысы ,хатшы, уақыт төрешісі,скипер
Теледидардан ауа райы мәліметі айтылуда:Бүгін Алматыда к.н ашық,температура+18 градус,атмосфералық қысым 760 мм сын. Бағ,ауа ылғалдылығы 65 пайыз.
Осы мәліметте біздің бүгінгі сабағымызға қатысты,бірақ өзіміз толық білмейтін термин бар ма?
Сабақтың мақсаты: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын түсіну,өмірдегі маңызын білу,прибор көмегімен анықтау.Алған білімдерін өмірде пайдалана алу.
Табыс критерийі:
1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын формуласын анықтаймыз
2. Тұман,шық, қырау қалай пайда болатынын түсіндіреміз
3. Ылғалдылықтың өмірдегі маңызын білеміз,
4. прибор көмегімен ылғалдылықты анықтау.
5. Алған білімдерін өмірде пайдалана алу. 1 мин

5мин

5минут

1 мин

1минут

2 мин



Оқушылар қолдарындағы сөйлемнің жалғасын іздейді

топ мүшелері атқаратын жұмыстарының төс белгісі,бағалау парағы,табыс критерийі жазылған парақ

спирт шамы,пробирка,су, мұз,тығын

Миға шабуыл.

Проблеманы шешу

Проблеманы қолдану – Ауа ылғалдылығы туралы нақты не білуіміз керек? Кандай сұрақтарға жауап беруіміз керек?
Сөйтіп,біздің сабағымыздың мақсаты: ауаның салыстырмалы ылғалдылығын , шық нүктесін білужәне ылғалдылықты өлшейтін приборлармен танысу,психрометрмен жұмыс істей алу,оны білу не үшін керек екенін түсіну .
(Слайд 11) Сабақ жоспары парталарыңда тұр..
– Ауа ылғалдылығының анықтамасын оқулықтан табыңдар? (Ауа ылғалдылығы – атмосферадағы су буы)
– Ауада су буы қалай пайда болады? (булану, кебу)
– Естеріңе түсіріңдер, кебу қалай жүреді, кебу жылдамдығы неге тәуелді? (Су қоймалары бетінен, өсімдік жапырақтарынан. Кебу жылдамдығы дененің бастапқы температурасынан, заттың тегінен, еркін бетінің ауданынан, желден)
– Ауа ылғалдылығы қандай құбылыс түрінде көрінеді? (конспект) (бұлт, жаңбыр, шық,тұман, қылаудың пайда болуы)
(Слайды 12 – 16) – Ауа ылғалдылығының маңызы мен әсері қандай?
–Ауа ылғалдылығы маңызды шама болғандықтан оны есептей білуіміз керек.

– 84-беттен анықтама қарау
– Тәжірибе жүзінде ауадағы су буын қалай табуға болады?
(Слайд 19) Тәжірибе.колбадағы суық суға кар салып бөлмеге кіргізсек колбаның жоғары жағында су тамшылары пайда болады.Неге?Себебін түсіндір.
– Шық нүктесі.
(Слайд 21) – Салыстырмалы ылғалдылықты өлшейтін құралдар
Жұптықтық жұмыс
Психрометрлік кестемен жұмыс.
Мақсаты:тәжірибе кезінде жұппен жасау,бақылау,талдау.

Топтық жұмыс
Физикалық тәжірибе жасау
« Бөлме температурасы ылғалдылығын анықтау»
Құрал -жабдықтар:ылғал шүберек,термомертр, психрометрлік кесте .
Топта талданатын сұрақтар:
Психрометр құрлысы.– Психрометрдің негізгі элементтерін атаңдар. (құрғақ және ылғал термометр)
– құрғақ термометр не үшін керек? ( ауа температурасын өлшеу үшін )
– ылғал термометр не үшін керек? (су температурасын өл )
– Неге екі термометр көрсетуінде айырма бар? (Буланғанда термометр салқындайды)
- Неге ауа ылғалдылығы көбейген сайын құрғақ және ылғал термотетр айырмашылығы азаяды? (ауа ылғалдылығы көбейген сайын булану баяу жүреді де,ылғал термометр баяу салқындайды)

Мақсаты: тәжірибе арқылы жаңа тақырыптағы негізгі ойды түсіну.
1. ЖикСО әдісі бойынша тақырыпты өздігінен игеру. Әр топ тақырыпты 3 бөлімге бөліп ,топпен талдап,постер құрады,қорғайды
Топтық жұмыс
Мақсаты:тәжірибе кезінде топпен жасау,бақылау,талдау.
4. Кіріктірілген жеке тапсырма (Үлестірме материал № 2)
5. Жұптық жұмыс
(Үлестірме материал № 3)
1) Сапалық есептер шығару.
Мақсаты: Тақырыпты түсіну деңгейін анықтау.
6.Дарынды оқушыға жеке тапсырма. (бейнетаспа арқылы әртүрлі заттың қатаюы кезінде көлемінің өзгерістерін түсіндіру.) 2 мин

10мин

4 мин

5 мин

7 мин

5 мин

3 мин



косымша ресурстармен жұмыс

Тәжірибеге нұсқаулық
Құралдар:спирт шамы,мұз,термометр

оқулық,ватман,түрлі пламастерлер

оқулықтағы 4-кесте

Штатив
спирт шамы
Металл ыдыс.
балауыз
су,мұз

интернет,Білімленд сайты

Психрометрлік кестемен

психрометр
Рефлексия

Кері байланыс

Өзіндік рефлексии
1) Нені орындай алдым?
2) Нені орындай алмадым?
3) Неге орындай алмадым?
Мақсаты: жасалынған жұмысқа талдау жасай алу,өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыру.

Өзін-өзі бағалау парағын толтыру

Үйге тапсырма §18, Негізгі ұғымдар мен терминдерді жаттау.5 сұрақтан тұратын тест құрастыру
1. Жеке тапсырма:
2. Сабақты қорытындылау,баға қою 3 мин

3мин Бағалау парағы

8-сынып оқулығы Тәрбие.орг сайтынан Ауа ылғалдылығы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сегізбаева Жамила Асетілдақызы

Пікірлер: 0

avatar