Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ғажайып физика» сайыс
  • 02.09.2016
  • 634 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19432

Күні: 20.11.15ж
Сыныбы: 8-9
Тақырыбы: «Ғажайып физика» сайыс
Мақсаты :
Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;
Көрнекілігі: формулалар, нақыл сөздер, тақырыптық суреттер;
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы сайыскерлер, аяулы ұстаздар және мектеп оқушылары!!Бүгін 8-9 сыныптар аралығында физика пәнінен өткелі тұрған «Ғажайып физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.

Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Бәріміз асып-саспайық
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықса бастайық.

Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:
1-топ « » тобы
2-топ « » тобы
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық:
Сайыс кезеңдері:
1. І кезең. «Өткел» - сұрақ –жауап.(әр топқа 10 сұрақтан)
2. ІІ кезең. «Логикалық сұрақтар»
3. ІІІ кезең «Ойлан тап!» -формула табу.
4. ІV кезең «Кім жылдам?»-есептер шығару.
5. V кезең «Мақал - мәтелдер» физикалық мағынасын түсіндіру
6. VI кезең «Үздік тәжірибе» - тәжірибе көрсету.

Мұғалім:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікті шеше біл, - әділқазылармен таныстыру.
1.
2.
3.

Мұғалім:
І тур. «Өткел» - сұрақ-жауап. (Әр топқа 10 сұрақ оқылады)
Әр жауап 1 балл.

1-топ
1. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы (диффузия)
2. Дененің температурысын өлшеуге арналған құрал (термометр)
3. Мұздың қату температурасы қаншаға тең?
4. Энергия дегеніміз не? (дененің жұмыс істей алу қабілеті)
5. Дененің ішкі энергиясын өзгертудің қанша тәсілі бар? (екі тәсілі бар: денелермен жылу алмасу және механикалық жұмыс істеу (үйкеліс, соққы, сығу))
6. Потенциалдық энергияның формуласы?
7. Жылу берілудің түрлерін ата?
8. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
9. Жылу мөлшерін қандай әріппен белгілейміз?
10. Жылу мөлшерінің формуласы қандай?

2-топ
1. Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс)
2. Пиза қаласындағы көлбеу мұнарада тәжірибе жасаған кім? (Г.Галилей)
3. Еркін түсі үдеуінің мәне нешеге тең (9,8 м/с2)
4. Табиғаттағы күштеді ата (ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші,т.б.)
5. И.Ньютон 1687 жылы қай заңды ашты (Бүкіләлемдік тартылыс заңы)
6. Күшті өлшейтін құрал?
7. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар ? (скалярлық шамалар)
8. Үдеудің өлшем бірлігі?
9. Центрге тартыш үдеудің формуласы?
10. Ньютонның бірінші заңы?

ІІ тур.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Табиғаттың , қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну
Физика дүние кілті бүгін де
Мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашу екі топқа кезек қойылады. Әрбіреуіне 1ұпай.
1-топ
1. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.
(Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері).
2. Көсеу ұзын болса қол күймейді.
( Жылу өткізгіштік).
3. Тау мен тасты су бұзады , адамзатты сөз бұзады.
(заттың агрегаттық күйлері)
4. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
( Отын энергиясы, сақталу заңы).

2-топ
1. Аузы күйген үрлеп ішеді. (Булану құбылысы).
2. Шоқ қайдан болса
Жылу сонда болады. (Жылу берілу).
3. Қол жұмылмай жылынбайды (Жылу өтімділігі).
4. Тонның жылуы - терісінен емес жүнінен. ( Жылу өткізгіштік).

ІІІ тур. «Ойлан тап!» -формулаларды аяқтау. Әр топқа 5 формула беріледі. Берілген формуланы аяқтайды және ненің формуласы екенін айтады. Әр жауап 1 балл.

1-топ

Q = q*…


Q = r*…

2-топ

ІҮ тур «Кім жылдам? » - есептер шығару. Әр топқа 3 есептен беріледі. Бағалануы: 5,4,3
1-топ
№1
250 г суды 5 0С-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері кетеді? (ссу=4200 Дж/кг*0С)
№2
100кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (qa=3,0*107 Дж/кг)
№3
168 кДж жылу мөлшерін алған 4л судың температурасы неше градусқа көтеріледі? (ссу=4200 Дж/кг*0С)

2-топ
№1
Массасы1500кг автомобиль 1,5м/с2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады? Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500Н-ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күшін табыңдар?
№2
Массасы 200г дене 1,5м/с2 үдеумен қозғалу үшін оған қандай күш қажет?
№3
Биіктігі 6м ағаштан алма үзіліп түсті. Ол қанша уақытта жерге түседі? (g=9,8м/с2)

Y тур. «Логикалық сұрақтар» Әр жауап 1 балл.
1-топ
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

2-топ
1. Ньютонның заңының ашуына себеп болған не? ( алма)
2. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
3. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
5. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

1-жүргізуші:
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста, деп келесі турымыз «Үздік тәжірибе. Әр топ өздерінің өткен тақырыптарын тәжірибе жүзінде көрсеті. Бағалануы: 5,4,3
VІ тур. «Қызықты тәжірибе» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
2-жүргізуші:
Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап апты
Физика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ Даналарға туса игі
Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділқазылардан қорытынды сұраймыз. Марапаттау.
1-жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кезедесерміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Бірлік ауылы №102 орта мектебі



Тақырыбы: «Ғажайып физика»
(8-9сыныптар)

Пән мұғалімі: С.Жанназарова

Бірлік ауылы №102 орта мектебі

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
(Ашық сабақ 7-сынып)



Пән мұғалімі: С.Жанназарова

2015-2016 оқу жылы

1-ТОП

Q = q*…


Q = r*…

2-ТОП

1-топ
№1
250 г суды 5 0С-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері кетеді? (ссу=4200 Дж/кг*0С)
№2
100кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (qa=3,0*107 Дж/кг)
№3
168 кДж жылу мөлшерін алған 4л судың температурасы неше градусқа көтеріледі? (ссу=4200 Дж/кг*0С)

2-топ
№1
Массасы1500кг автомобиль 1,5м/с2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады? Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500Н-ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күшін табыңдар?
№2
Массасы 200г дене 1,5м/с2 үдеумен қозғалу үшін оған қандай күш қажет?
№3
Биіктігі 6м ағаштан алма үзіліп түсті. Ол қанша уақытта жерге түседі? (g=9,8м/с2)

VІ тур. «Қызықты тәжірибе» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

VІ тур. «Қызықты тәжірибе» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады? Тәрбие.орг сайтынан «Ғажайып физика» сайыс Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: С.Жанназарова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 634 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar