Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 584
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 03/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20753


Сабақтың тақырыбы:
Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық Мектеп: «№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Күні: Мұғалімнің аты жөні: Жолдасбекова Самал Еркінбекқызы
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)  Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық жайлы мағлұмат беру
 Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
 Бірін-бірі бағалауға баулу
Оқыту мақсаттары Барлық оқушылар Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық жайлы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады,формуланы есеп шығаруда қолданады.
Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, бағалайды,барлайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар: Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық жайлы түсіне алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Бір қалыпты, бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері, жол, уақыт, координата, жол, уақыт
Алдыңғы оқу Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Құрал-жабдықтар Дидактикалық материалдар
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Басталуы
10 мин

Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.
Аудиториядағы заттар
3 топқа бөлінеді
-ойлау жұмысына ынталандыру
-белсенді іс әрекетке жұмылдыру

1. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1. Орын ауыстыру деп нені айтамыз?
2. Орын ауыстыру қандай әріппен белгіленеді?
1. Жол дегеніміз не?
4. Жол қандай әріппен белгіленеді?
5. Бірқалыпты қозғалысқа анықтама бер.
6. Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтір.
2. Теңдікті түрлендір: (2 мин)
Жылдамдық км/сағ м/с
20км/сағ= .......
65см/сағ = ......
300мм/мин= ....

№ 1 Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
№2 Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
-Сәлеметсіз бе?

Аудиториядағы заттар арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

Ыстық орындық әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.

Берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды. Топ басшылары бағалау критерийлері арқылы сабақ кезеңдеріңде топ мүшелерін бағалап отырады.

Бағалау
парағы

Ортасы
30 мин

Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық туралы интерактивті тақтадан материал көрсету.
Өткен сабақпен байланыстыра сұрақ қою

«І топтың сұрағы:
1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға
болады ?
2. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
3. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы ара
қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?

ІІ топтың сұрағы:
1. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?
2. Жылдамдықтың 54 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
3. Автомобильдің 2 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.

ІІІ топтың сұрағы:
1. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?
2. Жылдамдықтың 25 м /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.
3. Велосипедші 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын
табу керек.

Есептер шығару.
Ойлан,жұптас,талқыла әдісі
І топтың сұрағы:

1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 60 мин ішінде 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м /с – пен өрнекте.
2. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.

ІІ топтың сұрағы:

1. Автомобиль жерге қатысты 15 м /с жылдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішіндегі жерге қатысты жүрген жолын тап.
2. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.

ІІІ топтың сұрағы:

1. Ұзындығы 200 м поезд 36 км / сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақытты тап.
2. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.

Бекіту тапсырмалары: «Жедел тест»
1.Жылдамдықты ....... әрпімен,жолды..... әрпімен,уақытты .....әрпімен белгілейді
2. Векторлық шаманы ата
А) уақыт ә) жылдамдық в) жүрілген жол
3. Жылдамдықты өлшеу құралы
А) динамометр ә) спидометр в) сызғыш
4. Жылдамдықтың 108 км/сағатпен берілген мәнін м/с пен өрнекте
А) 108000 м/с ә) 30м/с в)300 м/с
5. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы
А) =S/t Ә) =S*t в) =(S-S0)/t
6. Мыналардың сәйкестігін тап
Жол а) кг
Уақыт ә) км
Масса б) сек
Интерактивті тақтадан көрсетілген материал бойынша, сұраққа жауап беру арқылы сабақтын тақырыбы мен мақсатын ашады

- оқушылар жаңа тақырыпты Инсерт әдісі арқылы оқиды;
- топ болып тақырыпты талқылайды.
Берілген тақырыптарға топ болып Кластер жасайды. Топ ішінде спикер сайлап Кластерді қорғайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды

Сұраққа жауап береді, есептеу арқылы теңдікті түрлендіреді.

Әрбір топ өздеріне берілген есептерді тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.
Берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды және экранға қарап өз-өзін тексереді.

Маркер, ватман, бағдаршам

Аяқталуы
5 мин
«Бағалау парағы» критерий арқылы бағалау
Оқушыларға кері байланыс қағаздарын таратып береді. Күнделікке баға қойдырады.
Стикерге кері байланыс жазып береді. Стикер
• Қосымша ақпарат: Үйге тапсырма беру: §19 6-жаттығу
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пән аралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
АКТ мен байланыс
Құндылықтармен байланыс.
Формативті бағалау:
Екі жұлдыз, бір тілек, Бағдаршам
Суммативті бағалау:
Критерий арқылы бағалау парағы Электронды оқулық, презентация
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1
2
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1
2


Тексерілді:

Кестемен жұмыс

Шама Белгіленуі Формуласы Өлшем бірлігі
Жылдамдық
Орташа жылдамдық
Жол
Орын ауыстыру

Бекіту тапсырмалары: «Жедел тест»
1.Жылдамдықты ....... әрпімен,жолды..... әрпімен,уақытты .....әрпімен белгілейді
2. Векторлық шаманы ата
А) уақыт ә) жылдамдық в) жүрілген жол
3. Жылдамдықты өлшеу құралы
А) динамометр ә) спидометр в) сызғыш
4. Жылдамдықтың 108 км/сағатпен берілген мәнін м/с пен өрнекте
А) 108000 м/с ә) 30м/с в)300 м/с
5. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы
А) =S/t Ә) =S*t в) =(S-S0)/t
6. Мыналардың сәйкестігін тап
Жол а) кг
Уақыт ә) км
Масса б) сек Тәрбие.орг сайтынан Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: САМАЛ ЖОЛДАСБЕКОВА

Пікірлер: 0

avatar