Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен.
  • 02.02.2016
  • 634 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15162

Баяндаманың тақырыбы:
Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен.
Жоспары:
Кіріспе.
« Блум таксономиясы — жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі»
Негізгі бөлімі. Блум таксономиясы – сабақтарда (өткізген ашық сабақтар топтамасынан,оқушылар шығармашылығынан ).
3.Қорытынды (кері байланыс,рефлексия).
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы.(www.cpm.kz)
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы — дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін білім саласындағы мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.
Білімгерді шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Студенттің шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс.
Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Білімгерлердің дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен мектепті дамыту жоспарының басымдығын «Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы студентердің танымдық қабілеттерін арттыру » деп алдым. Өйткені, мұғалім студенттердің сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді .
Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы білім алушылардың сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту. Менің таңдаған тақырыбым Халықаралық бағдарламаның негізінде іске асатындықтан оқыту мен оқу үрдісінде маңызды орны бар деп есептеймін.
«Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін» (Дж.Дьюи,2000)
Оқыту мақсатының диагностикалық қойылымы, оқыту мақсатының оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалып, оқушының іс-қимылының көрінуімен сипатталады, осылайша нақты тануға және өлшеуге болады. Осы мақсаттағы неғұрлым белгілі жүйе, өзіндік ерекшелігі бар Б. Блум таксономиясы болып табылады. әлемде бұл жүйені негізінен оқытуда жоспарлау және оның нәтижелерін бағалау кезінде пайдаланады. Ағылшынның педагог-әдіскері Дж. Петти Блум таксономиясын жан-жақты қолдануға болады деп әділ бағасын бере білген. Мәселен, таксономияның алты негізгі сатысын білу мен қабілеттіліктің иерархиясы ретінде қарауға болады. Бұл сатыларды оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың деңгейі ретінде қарау керек. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін.
Осы ретте білім алу мен түсіну деңгейінде оқыту функционалдық білімді қалыптастыру үшін шала-шарпы оқуға алып келеді, мұғалімдер жоғары деңгейде ойлауды талап ететін – қабылдау, талдау, синтездеу және бағалау сияқты тапсырмалар ұсынуы тиісті деп түйіндейді. Оның айтылған бұл негіздемесін біздің де көп жылғы тәжірибелеріміз айғақтайды.
Осылайша оқыту мақсатының диагностикалық қойылымы дамып келе жатқан оқытуды ұйымдастыру мен өткізудегі, жекелей-әрекеттік тәсіл негізінде студенттердің функционалдық сауаттылығының қажетті шарттары болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан қорытынды шығара отырып, білімгердің ізденіс-зерттеушілік қабілетін дамыту тапсырмалар жүйесін тігінен қатарластыра, яғни ұсынылып отырған білім беру мазмұнын иерархиялық тұрғыдан беруді талап етеді.
Бұдан басқа біздің зерттеуіміз, көпжылдық практикамыз көрсеткендей, осы парадигма тігінен қатарластыруды, ұсынылған әдістемелік жүйені иерархиялық тұрғыда, соның ішінде оның ұсынылған құрамдас бөліктерінің барлығын иерархиялық бойынша талап етеді. Сондықтан да осы технологияны «оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы» деп атадық (ОҮӨӘЖТ). «үшөлшемділік» көпдеңгейлілікті, иерархиялықтың, яғни оның әрбір құрамдас бөліктерінің: мақсатының, мазмұнының, әдісінің, нысаны мен оқыту құралының тігінен (жоғарыдан) болуын белгілейді. Оқытудың дәстүрлі «білімділік» оқитындардың «даму баспалдағының» бірінші сатысы ғана болып табылады.
Біздің зерттеуімізше, мұндай иерархия оқытудың әдістемелік жүйесінің құрамдарын ғана құрып қоймайды, сонымен бірге ынталандыруды, белсенділікті, білуді, білім сапасын, игеру үдерісін, сондай-ақ өзінің танымдық әрекетін де қабылдауға мүмкіндік береді. Л.С. Выготскийдің айтуынша, даму үдерісінің иерархиялық мәні бар (өзекті және жақын арадағы даму аймағы).
Бұл орайда дамып келе жатқан оқыту барысы әрекеттің әмбебап тәсілі ретінде негізгі құрамды қалыптастыру үдерісін көп деңгейде ұйымдастыруды көздейді.
Күтілетін нәтижем: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы студенттердің белсенділігі, өзіндік сана — сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Топта осындай сұрақтар қою арқылы студенттер үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады. Студенттер шығармашылық деңгейге қөтеріледі.
Баяндаманың тақырыбына байланысты Блум жүйесін өз сабағымда қолдану барысындағы ашық сабағымның жобасын ұсынамын.

Пәні: Физика
Мамандығы: «Бастауыш білім беру»
Сабақтың тақырыбы: Импульс.Импульстің түрлері.Импульстің сақталу заңы.Энергия және жұмыс. Энергияның түрлері.Энергияның бір түрден екінші түрге айналуы.Энергияның сақталу заңы. Есептер шығару.
Дәйек сөз: «Табиғатта туындайтын өзгерістерде,егер әлденеге бір нәрсе қосылатын болса, онда бұл нәрсе басқадан алдынады......
Дене басқа денені итеріп қозғалысқа келтірсе,онда ол басқаға қанша қозғалыс берсе,соншасын өзі жоғалтады»

М.В.Ломоносов
«Барлық физикалық құбылыстар сол бір сақталу заңдарына
бағынған»
Р.Фейнман
Олай болса біз де « 5Т»- қағидасын ұстана отырып,механиканың барлық заңдарының ішінде маңызды орын алатын,физиканың ең жалпы әрі әмбебап екі сақталу заңына қорытынды жасайық.
5Т: Тәртіп- тәртіп болмаған жерде білім нәтижесі болмайды;
Тыныштық- ұжымдасып отырып оймен жұмыс істегенде тыныш-
тықты қалаймыз;
Талап-«Талаптыға нұр жауар»
Тазалық- қажет
Төзімділік-бүгінгі сабақта төзімділік өте қажет


Сабақтың мақсаты: Импульс, Импульстің сақталу заңы. Энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заңын және Импульстің сақталу заңын –заң ретінде қабылдауды бекіту. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, импульс шамаларын бекіту. Теориядан мен практиканың байланысын көрсету.Теориялық білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.
Міндеттері :
1. Импульс.Импульстің сақталу заңы. Механикалық энергияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, толық механикалық энергияның сақталу заңы көрсету. Жұмыс пен энергия арасындағы байланысты ұғындыру.Механикалық козғалыстың жоғалуының мүмкін еместігіне көз жеткізу.
2. Оқушылардың логикасын дәлелді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау қабілеттерін жетілдіру,дамыту.
3.Ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа татулыққа, төзімділікке тәрбиелеу.Кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі:Қорытындылау сабағы. Практикалық сабақ.
Әдісі:Сұрақ-жауап,Практикалық жұмыс,Топпен жұмыс,Синтез,Рефлекция.
Өзін-озі тану пәнінің элементтерімен кіріктірілген сабақ
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Слайдтар,кестелер,тақырыпқа байланысты плакаттар, «Білім кірпіші», «Білім қоржыны» ,бағалау парақшасы.

Оқытудың нәтижелері:
Тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді,қорытынды жасайды.
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.
Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Теориялық білімдерін практикалық жұмыс орындауда қолдана алады.
Есептерді талдап шығаруға машықтанады.
Тірек сызба сызуға машықтанады.

Қамтылатын модульдер:
1- модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы,түсіндірмелі,практикалық,тірек-сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,
3- модуль –бағалау,
4 – модуль-АКТ пайдалану (слайдтар), Формулалар,ережелер,тұжырымжар;
7- модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:
Үй тапсырмасын тексеру
Топпен жұмыс
рефлексия

Қызығушылығын ояту.
Бір жас жігіт данышпанға келіп айтыпты: «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын».
«Бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.»
Данышпан – ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып «нені таңдайсың?» - деп сұрапты.
Қасықты – депті жас жігіт.
Данышпан оны бес рет қайтала депті. Жас өспірім бес рет қайталайды.
Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаң да ол орындалмайды.
Онда не істеу керек?
Оған қолыңды созып алу керек.Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңдерді пайдаланып білгеніңді түсініп, практикада қолдануыңды тилеймін.
I-Білу.Үй тапсырмасын тексеру үшін және өткенді еске түсіру үшін сәйкестендіру кестесін толтыруды ұсынамын.
1- тапсырма.
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Механикалық энергия
А) күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі
2 Дененің потенциалдық энергиясы Ә) дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы
3 Дене импульсінің бірлігі
Б) жылдамдық бағытымен сәйкес келеді
4 Күш импульсі В) дене массасы мен қозғалыс жылдамдығының
көбейтіндісіне тең
5 Дене импульсінің өзгерісі
Г) күш векторының бағытымен сәйкес келеді
6 Дене импульсі векторының бағыты
Ғ) өзгермейді(сақталады)
7 Күш импульсі бағыты
Д) Ғ=ma
8 Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы Ж) p1+p2= p1 '+p2 '
9 Реактивті қозғалыс
З) күш импульсіне тең
10
Ньютонның екінші заңын өрнектейтін формула И) кг*м/с

II-Түсіну. Сыни тұрғыдан ойлау .(модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісі қолданылды.)
1. Энергия қандай шама?
Ж:Энергия-скалярлық шама, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама.Энегидененің жұмыс істеу қабілеттілігінін сипаттамасы.
2. Кинетикалық энергия дегеніміз не?
Ж:Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы.
3.Потенциалдық энергия деген не?
Ж:Потенциялық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
4. Жұмыс пен энергия арасындағы байланысты түсінейік?
Ж: Жұмыс кинетикалық және потенциалдық энергияның өзгерісіне тең. Механикалық жұмыс энергия өзгерісінің өлшемі, жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. Денені үдету үшін атқарылатын жұмыс ,дененің кинетикалық энергиясы ретінде жинақталады.
Потенциалдық энергияның өзгеруі сол жүйеге түсірілген күштердің атқарған жұмысына тең.
5. Дененің толық механикалық энергиясы?
Ж.Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістерінің қосындысы.
6. Толық механикалық энергияның сақталу заңы.
Ж:Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен бүкіләлемдік тартылыс күшімен серіпімділік күштері арқылы өзара әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Энергияның сақталу заңының мәнісі осында Ет = Ек + Еп = const
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.» - деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.
Физикалық мағынасы: Білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен, біліммен ғана жеңу керек.
Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайджәне жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Бұл заң барлық жерде орындалады.
Осы талдау нәтижесін іс жүзінде дәлелдеу үшін мен сендерге деңгейлік тапсырмалар беремін.Осы тапсырмаларды орындап,тақтаға жазып ,есептеулер жүргізулеріңіз керек.

Е=mgh

Еm=Ek+En

Есептер шығармас бұрын: алгоритм «формула» оқушылармен формулаларды түрлендіруді еске түсірейік:
Формуланы пропорция түрінде жаз.
Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып жаз.
Белгісіз көбейткішті тап.
Энергия:
III-Қолдану. Деңгейлік есептер шығару.

І. Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық
энергиясын анықтаңыз.
ІІ. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?

ІІІ.Қатаңдығы 104Н/м 3см сығылғанда,оның потенциалдық энергиясы қанша

ІҮ.Массасы 40 кг жылдамдығы 2 м/с баланың импульсін есептеп тап№


№2
Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға болады?


І. Массасы 40 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға болады?

ІІ.ф-10,№ 14 жаттығу, 2 есеп (Ж:Еп= 400Дж , Ек= 36 Дж, Ет=436Дж.)

ІІІ.Денеге 25 секунд бойы 250 Н күшпен әрекет еткендегі күштің импульсі қандай?

ІҮ.Ф-10,№ 12 жаттығу, 4-есеп ( Жауабы:1,2 м/с)

IV-Талдау. Шаманы таны.
1.Энергия.
2.Потенциалдық энергия
3.Кинетикалық энергия
4.Жұмыс
V-Синтез. Топтарға жекелеген тапсырмалар беріледі.
I- 5 жолды тұжырым.
II- Эссе, Венн диаграммасын торлтыру.
III- Тірек сызба құру.Энергия.
IV- Тірек-сызба құру. Импульс.

Рефлексия: Мен не білдім, не білуім керк, нені білмедім?
1-топ
Символдар мен өлшем бірліктері
Потенциялдық энергия
Серіппенің үзаруы немесе қысқаруы
Серіппенің қатаңдығы

Символдар мен өлшем бірліктері:
N
A
t


Символдар мен өлшем бірліктері
Кинетикалық энергия
F Дененің массасы
V Дененің жылдамдығы
α

Символдар мен өлшем бірліктері:
Дененің импульсі( (кг м)/с)
Денеің массасы (кг)
Дененің жылдамдығы(м/с)

"Білім кірпіші" («Білім қоржыны») тақырып бойынша түсінгендерін көрсету үшін кірпіштен үй қалауы керек.
Жұмыла қөтерген жүк жеңіл мақалының мағынасын түсіндір. (Топпен жұмыс орындау арқылы бір-бірімізден үйрендік, үйреттік.)

VI-Бағалау. Сарапшылар топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды.
Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылады.
Үйге тапсырма. §12-16 тақырыптарды қайталап,тірек конспект толықтыру.
Қорыта келгенде:
Блум таксономиясы — жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.П.Рымкевич, П.А.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1975 жыл «Просвещение»
2. Р.Башарұлы, Г.Байжасарова, У. Тоқбергенова «Физика 10-сынып» Мектеп баспасы 2010 ж.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
5. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы
6. Интернет жүйесі, «Ustaz.kz» сайты Тәрбие.орг сайтынан Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: Қонақ
Көрсетілім: 634 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar