"Деформация"

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 772
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 04/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19446


Қаратау гуманитарлық -техникалық колледжі
Физика пәнінің оқытушысы А.Серикова

Деформация. Серпімділік, пластикалық, беріктік.
Мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге деформация түрлері және оның қасиеттері, Гук заңы, механикалық кернеу туралы түсіндіру. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дәрістің типі: құрамдастырылған сабақ
Дәрістің түрі: семинар
Оқыту әдістері: Дамыту технологиясы, ойын технологиясы.
Негізгі ұғымдар: Деформация, серпімділік, пластикалық, беріктік, механикалық кернеу, Гук заңы.
Пән аралық байланыс: математика, информатика.
Әдебиеттер:
Негізгі: «Физика» Б.Кронгарт В.Кем Н.Қойшыбаев «физика және астрономия» 7.1. тарау. Деформация түрлері. Серпімді, пластикалық, берікті, мортты. 182-189 беттер.
Қосымша: А.Я.Мякишев және Б.Б.Буховцев «физика 10 сынып». 5.1 тарау 120-129 беттер
Сабақ көрнекілігі: Тірек-сызба, тілме қағаздар, тест сұрақтары.
Сабақ жабдығы: Тақта, интерактивті тақта, видеороликтер, слайд, бетонның беріктігін өлшейтін құрылғы, серіппе, доп, шар, пластилин және т.б.

Дәрістің барысы: (90мин)
І.Ұйымдастыру кезеңі. Білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың сабаққа дайындығы.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Фигура құрастыру (кристалдың қаңқасын жасап, оны қорғау)
2. Футбол ойыны. Сұрақ-жауап.
1. Қатты дене дегеніміз не?
2. Кристалдар деген ұғымды қалай түсінесің?
3. Қатты денелердің сипаттамасы?
4. Монокристалдар деген не?
5. Поликристалдар деген не?
6. Жұғатын сұйық?
7. Жұқпайтын сұйық?
8. Құрылымдық түрлері?
9. Аморфты денелер?
10.Кристалдың түрі?
3. Тест бойынша жұмыс:
1.Кристалдар дегеніміз не?
А)Сұйық денелер В)Қатты денелер С)газ тәрізді денелер
2.Кристалдық торлар дегеніміз не?
А)Орныққан қаңқасы В)Орналасқан орындары С)Атомдарының ретті орналасуы
3.Түйіндер дегеніміз не?
А)Орныққан қаңқасы В)Торлардың орналасқан орындары С) Газ тәрізді денелер
4.Анизотропия деген не?
А)Алыс реттілік В) Құрылымына байланыстылығын С) Таңдалған бағытына байланыстылығын
5.Балқу дегеніміз не?
А)Кристалдық күйден сұйық күйге өтуі В)Жылу өткізгіштік қасиет С)Серпімділік модулі
6.Балқу температурасы дегеніміз не?
А)Біртекті емес температура В)Балқуға ұшарататын температура С)Температураның қатаюы
7.Кристалдардың түрлері қандай?
А) монокристалдар және поликристалдар В)деформация С)созылу және сығылу
8.Аморфты денелер дегеніміз не?
А) Біртекті емес температура В)Көрші атомдары белгілі тәртіппен орналасқан С)кристалдар
9.Аморфты денелерге қандай заттар жатады?
А)мыс, фарфор, алюминий В)болат, мырыш, жез, хлор
С) шыны, пластмасса, шайыр, смола
10.Аморфты денелерде балқу температурасы болады ма?
А)ия В)жоқ С)дұрыс жауабы жоқ

Жаңа тақырыпты меңгерту: слайд арқылы көрсету
Тақырыбы: Деформация. Серпімділік, пластикалық, беріктік, морттық.
1. Деформация түрлері.
2. Механикалық кернеу.
3. Гук заңы.

Жаңа материалды бекіту:
Сәйкестендіру әдіс бойынша білімгерлерге тапсырма беру.
Формула сыры және сиқырлы сандық ойыны арқылы білімгерлердің ойлау қабілетін арттыру.

Дұрыс жауабын тап! Ия жоқ ойыны арқылы.
Жаңа сөздер Атқаратын қызметі Ия, жоқ
Деформация Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін
Ия
Деформация түрлері Пластикалық, мортты, қату, керілу Жоқ
Деформацияның қасиеттері Пластикалық, серпімді, берікті, мортты Ия
Гук заңы Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ және деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған. Ия
Механикалық кернеу Деформацияланған қатты денедегі ішкі күштердің әрекетін сипаттайтын шама Ия
Пластикалық Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін
Ия
Беріктік Екінші материалдың бетіне сызған кезде із қалдыратын Ия
Морттық Іс жүзінде аз жүктемелер кезінде серпімді деформацияланатын, ал сыртқы жүктемені арттырған кезде қирайтын материалдар Ия
Серпімді Моно және поли Жоқ
Роберт Гук Химик, философ Жоқ
Иілуге мысал Болат, шыны, пластмасса жоқ
Созылу мысал Шар, доп, стержень Ия
Сығылу мысал Мыс, кристал Жоқ
Жылжу мысал Алмаз, алюминий, шайыр Жоқ
Бұралу мысал Смала, пластилин, темір Жоқ
Деформация
латынша Қайнау, булану Жоқ

Сөзжұмбақ шешу. Деформация
• Периодты түрде қайталанып тұратын қатты денелер?(кристал)
• Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қалпына келетін деформация?(серпімді)
• Дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін деформация? (пластикалық)
• Шамасы жағынан тең, бағыттары жағынан қарама-қарсы деформация?(созылу)
• Екінші материалдың бетіне сызған кезде із қалдыратын деформация?(беріктік)
• Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін не дейміз?(деформация)
• Деформация латынша қандай мағынаны білдіреді?(бүліну)

Бағалау: Білімгерлерге баға қою. Жауап парағы арқылы білімгерлердің ұпайларын санап, бағалау.
№ Аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ
Фигура
құрастыру Футбол
ойыны Тест
сұрақтары Сәйкестен
діру әдісі Ия, жоқ
ойыны Сөзжұмбақ Қорытынды
Аманбай Нұрсұлтан

Үйге тапсырма: Теориялық: Деформация түрлері. Серпімділік, пластикалық, беріктік, морттық. Г.Я.Мякишев және Б.Б.Буховцев «Физика 10 сынып» 7 тарау. 187-191 беттер аралығы.
Практикалық: Деформацияның қандай түрлерін білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер. Серпімді. Мысалы: шар, доп. Тәрбие.орг сайтынан "Деформация" Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серикова Адас Турекожаевна

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы Физика және информатика

Пікірлер: 0

avatar