Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Тiреумен қозғалатын дененің салмағы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 850
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22496


Cабақтың тақырыбы: Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Тiреумен қозғалатын дененің салмағы.
Сaбақтың мақсаты:
1. Білімділік: Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Тiреумен қозғалатын дененің салмағы туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: Салмақтың адам өміріндегі маңыздылығы көрсету арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету, жеке тұлғалық қабілетін дамыту
3. Тәрбиелік: Білімін жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыр, сенімділікке тәрбиелеу.
Cабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау , кітаппен жұмыс, демонстрация,ой қозғау, жаттығулар орындау, кесте толтыру
Cабақтың көрнекілігі: динамометр, плакат, эл.оқулық, карточкалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін, сабаққа қатысуын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Білімдерін жан-жақты тексеру.
1.Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңдар
2.Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды?
3.Бүкіләлемдік тартылыс заңын қандай жағдайда қолдануға болады?
4.Г.Кавендиш гравитациялық тұрақтыны қалай анықтады?
5.Неліктен барлық денелер үшін өзара тартылыс байқала бермейді?
4.Сабаққа мақсат қою
Гагариннің сөзі: «Ұшу кезінде мені орындыққа жаншып, қол – аяғымды қозғалтуға мүмкіндік бермейтін үлкен күштің пайда болғанын сездім»Сонда Гагаринге әсер еткен қандай күш екен.
Әрине орындыққа әсер адамның әсер ететін күшті біз білеміз. Ол – салмақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Тiреумен қозғалатын дененің салмағы.
5.Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауырлық күші. Бүкіләлемдік тартылыс теориясын жердегі құбылыстарға қолданғанда, денелер неге төмен қарай Жерге құлайды? деген сұрақ туады. Біз денелердің тартылуы Жердің гравитациялық өрісі әсерінен деп жауап береміз. Бұл жауап дұрыс па? Ғылыми сөздермен сұрақтардан қорғанамыз деп біз көптеген жаңа сұрақтар тудырамыз. Гравитациялық өріс – дегеніміз не? Ол денелерге қалай әсер етеді? Неге барлық денелер, соның ішінде Жер де өз айналасындағы кеңістікте осы өрісті тудырады? Бұл сұрақтарға көптеген дұрыс жауаптар болғанымен, Э. Роджерс айтқандай, осындай сұрақтармен жас физикті жылауға дейін жеткізуге болады. “Шынында да физика тартылысты түсіндірмейді, оның себебін анықтамайды, дегенмен ол туралы пайдалы деректер береді… Біз денелер Жер тартқандықтан құлайды деп айта аламыз. Ал, енді Жер неліктен денелерді тартады деп сұраса, бар айтарымыз: “Жәй, себебі тартады. Табиғат солай құрылған” (Э. Роджерс). Біз айтылғанды ескеріп, Ньютон айтқандай денелердің құлау себебі туралы “гипотеза шығармаймыз”, бірақ денелер қандай заңмен және қандай күштердің әсерінен құлайтынын анықтайық. Жердің денелерді өзіне тарту күшін, ауырлық күші деп, ал Жердің гравитациялық өрісін - ауырлық өрісі деп атайды. Ауырлық күші төмен, Жердің ортасына бағытталған. Бұл күш дененің ауырлық центрі деп аталатын нүктесінен өтеді. Біртекті дененің (мысалы: шар, тікбұрышты немесе дөңгелек пластина, цилиндр және т.б.) ауырлық центрі сол дененің симмертрия центрінде болады. Кейде дененің ауырлық центрі дененің ешқандай нүктесімен сәйкес келмеуі мүмкін (мысалы, сақинада).
Жалпы жағдайда, қандай да бір дұрыс емес формалы жазық дененің ауырлық центрін анықтау керек болса, мынадай заңдылыққа сүйенуге болады. Егер денені әр нүктесінен жіпке асатын болсақ, онда жіп қалдырған бағыттар бір нүктеде қиылысады, осы нүкте дененің ауырлық центрі болады. Денеге єсер ететін Fт ауырлық күшін табу үшін, дененің массасын еркін түсу үдеуіне көбейту керек:
Fт= mg.Бұл формуланы дене Жер бетіне жақын болғанда ғана қолдануға болады. Себебі, осы жағдайда ғана g анықталған және 9,8 м/с2 тең. Жалпы жағдайда дене Жер бетінен (54-сурет) кез-келген h биіктікте орналасса, еркін түсу үдеуі белгісіз, сондықтан ауырлық күшін бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша табу керек: Мұндағы Mж — Жер массасы, m — ауырлық күші әсер ететін дене массасы, ал r — Жер центрінен денеге дейінгі қашықтықтық (r = Rж + h, мұндағы Rж — Жер радиусы). Сонымен Жердің денені тарту күшін анықтау үшін гравитациялық тұрақтыны Жер мен дене массаларына көбейтіп, Жер центрінен денеге дейінгі арақашықтың квадратына бөлу керек.
Жер бетінен дене биіктеген сайын ауырлық күші азая береді. Яғни, Жердің гравитациялық өрісі Жер бетіне жақын арада күштірек, алыстаған сайын әлсірей береді. Басқа да аспан денелерінің гравитациялық өрістері ара қашықтықтан осындай тәуелділікте болады.

6. Түсініктерін тексеру:
§16 дайындық сұрақтарын талдау.
1. Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?
2. Еркін түсу үдеуі қандай шамаға тәуелді?
3. Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
7.Білімдерін бекіту
№13 жаттығу
8.Үйге: §16 , 13-жаттығу (1,2) Тәрбие.орг сайтынан Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Тiреумен қозғалатын дененің салмағы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейилханова Гульшат Садыевна

Алматы облысы Іле ауданы К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar