Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 550
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 25/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20214


9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §50. Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану
Сабақ мақсаты:
1. Фотоэффект құбылысы, техникада пайдалануы туралы түсінік беру
2.Оушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айтуға жетелеу. Ой-өрісін
дамыту.
3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,ой шақыру.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1.Фотоэффект дегеніміз не? Оның ашылуына қандай тәжірибе себеп болды?\

2. Фотоэффект құбылысын электромагниттік толқындық теорияға сүйеніп түсіндіруде қандай қиыншылықтар туды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.
Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.
Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады:
. Эйнштейн формуласы.
me-босап шыққан электронның массасы;
υ –оның жылдамдығы.
h- Планк тұрақтысы
Аш- электронның шығу жұмысы.
Фотоээфект құбылыс мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:
hν0≥Aшығу.
Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немес толқын ұзындығына ғана тәуелді.
Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.
Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралы фотоэлемент деп аталады.
Фотоэлементтің сыртқы түрі мен құрылысы:

Санағыш тетікті жұмысқа қосып отыратын фотоэлементтік реленің құрылысы:


IV. Қорытындылау. 39 – жаттығу (2)
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §50 39 – жаттығу (1) Тәрбие.орг сайтынан Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусатай Гүлшат Мейрамбекқызы

ШҚО, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar