Гук заңнан ашық сабақ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 703
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 26/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19125


7Ә сыныбында физика пәнінен ашық сабақ.\
Пән мұгалімі: Нугуманова М.Б.
Сабақтың тақырыбы:Деформация.Гук заңы.Динамометр.
Сабақтың мақсаты: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы ,динамометр туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру. Міндеттері: 1. деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу міндеті.
2. Деформация және Гук заңы,динамометр туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
3.Оқушының функционалдық сауаттылығын есеп шығара алу дағдысын қалыптастыру.
4. Алған білімді өмірде пайдалана білу,өз бетінше дағдыландыру.
Қолданылатын модуль:"Білім берудегі жаңа тәсілдер","Акт қолдану","Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету"."Оқытудағы басқару және көсбасшы".
Стратегиялар: диалогтік оқыту,сын тұрғыдан ойлану.
Ресурстар:Интерактивті тақта,слайд,жұмыс парағы,бағалау парақшалары.

Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-ірекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе
Ынтымақтастық атмосферасын құру

Үй тапсырмасын тексеру "Сәйкестендіру тесті"

Негізгі бөлім

"Ой қозғау"

Сабақтың тақырыбын мақсатын айту

.

"Мағынаны ажырату"

Жаңа тақырыпты бекіту .Оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру

Миға шабуыл
Есеп шығару.

Демалыс сәті.

Қорытынды Оқушыларды қарсы алу,қал-жағдайын сұрау.Оқушыларды түрлі-түсті карточкалар арқылы топқа бөлу

Өткен сабақты "сәйкестендіру тестісі " бойынша жауап береді.

№ Сұрақтар Жауаптар
1 Денелердің инерттілігінің өлшемі А)заттың тығыздығы
2 Күш Ә)бағыты нада байланысты
3 Денелердің Жерге тартылу күшін- Б)Ньютон, килоньютон
4 Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама В)векторлық шама
5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама Г)масса
6 Күш бірліктері Ғ)ауырлық күші
7 Күш әрекеті сан мәніне ғана емес Д)күш

Демонстрация:

1.Серіппеге жүктерді ілу.( Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорциональ
2.Созу және сығу деформациясы
3.Динамометрмен көрініс«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.»
Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорциональ

Слайд
Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады
.
ДЕФОРМАЦИЯ-екіге бөлінеді:

1. Күштердің әрекеті тоқталғаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемі өз қалпына келетін болса-серпімді деформация деп аталады. 2. Күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін,дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгететін болса,ол пластикалық деформация деп аталады.
Слайд
Гук заңының анықтамасы:
Дененің созылу немесе сығылу кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының ұзгеруіне тура пропорционал.
Fсерп=kx k- қатаңдық (пропорционалдық коэффицентдеформация.)
ХБЖ-нде қатаңдық ньютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі.
х- дененің ұзындығының өзгеруі

Әр топқа тақырыптарды бөліп беремін

1,4-топ "Деформация",2,5-топ."Гук заңы",
3-топ"Динамометр тақырыптары бойынша ассоциация құрады.

Деңгейлік тапсырмалар.
1. 3Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар:( 50Н/м)
2.Динамометр серіппесі 4Н күштің әсерінен 5 мм-ге үзарды.Серіппені 16 мм-ге ұзартатын жүктің қатаңдығын анықта. (12,8Н)
3.320Н күштің әсерінен серіппе аморизаторлары 9 мм жиырылды.1,60Н күштің әсерінен серіппе қанша мм-ге қысқарады?
(45 мм)

1.Күш тақырыбына
Оқушылар қолдарын бір-біріне соғады..Денеге күш түсетіндей етіп,оңға-солға қарай қозғалады.

2.Сынып оқушылары деформацияға ұшырады.
Оқушылар орындарынан тұрып бір-біріне иықтарын тигізеді.Содан соң қолдарын жоғары төмен көтеріп керіліп созылады.

3 Күш және деформация тақырыбын жақсы түсінді.(Осы 2 жаттығуды қосып қайталайды)

Үйге тапсырма §26,27,28
10жаттығу 1,2 Мұғалімге амандасады, сұраққа жауап береді,топқа бөлінеді.
Сынып көшбасшысы сәттілік тілейді.

Әр топ өз тапсырмаларын сәйкестендіреді.Жауап парағын басқа топпен алмастырады

Топтар бірін-бірібағалайды

7 жауап -"5"
6 жауа -"4"
4-5жауап-3

Дұрыс жауап.:

1Г,2В,3Ғ,4А,5Д 6Б,7Ә Тәрбие.орг сайтынан Гук заңнан ашық сабақ Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нугманова Маржан Бурхановна

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы №16 мектебі Физика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar