Гук заңы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 745
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 12/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22594


ШҚО, Абай ауданы М.Әуезов орта мектебі, физика пәнінің мұғалімі: Мұсатай Гүлшат Мейрамбекқызы
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Сабақтың аты §35 Гук заңы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты  Гук заңы жайлы мағлұмат беру
 Гук заңын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
 Өзгені бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже  Гук заңы жайлы мағлұмат алады
 Гук заңын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
 Өзгені бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Ғ-түсірілген сыртқы күш,
-дененің созылу немесе сығылу шамасы.
-серіппе қатаңдығы. Өлшем бірлігі .
.
Гук заңының дұрыстығын дәлелдейтін тәжірибе:

Күшті өлшеу үшін динамометрлер қолданылады.

Тапсырмалар Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
1. Күш дегеніміз не?
2. Күш немен сипатталады?
3. Күш сызбада қалай кескінделеді?
4. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
1. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
2. Серіппе қатаңдығы деп нені айтады?
3. Қатаңдық бірлігі қандай?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут) (суретпен жұмыс)



VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 Білу Гук заңы дегеніміз не?

2 Түсіну Гук заңының формуласы, өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз?

3 Қолдану 100 Н Күштің әсерінен серіппе 10см-ге созылды. Серіппе қатаңдығын табыңдар?

4 Талдау Қатаңдықтары 200 Н/с және 150 Н/м серіппеге жұмсалатын күшті салыстыр?
5 Жинақтау Техникада Гук заңының қолданылуын түсіндір?
6 Бағалау Гук заңын білу біздің өміріміз үшін маңызы неде?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар 13-жаттығу. №2
Кейінгі оқу §35 гук заңы Тәрбие.орг сайтынан Гук заңы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусатай Гүлшат Мейрамбекқызы

ШҚО, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar