Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы
  • 02.09.2016
  • 877 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19434

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бірлік ауылындағы
№102 орта мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Жанназарова Салтанат Нурадиновна
Күні:
Сыныбы: 9
Пәні: Физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкелі күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау.
2.Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша алғанбілімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: білімді жинақтау, жүйелеу, сұрақ-жауап,есептер шығару, кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жоспар:
І. «Білгір физик»
ІІ. «Сен білесің бе?»
IIІ.«Жүйрік болсаң жетіп көр»
IY. «Ой толғаныс»
І. «Білгір физик»


1.Динамика нені зерттейді?
2.Санақ жүйесі дегеніміз не?
3. Инерциялық санақ жүйесіне мысал келтір
4.Ньютонның бірінші заңын тұжырымда.Мысал келтір.
5.Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қандай?
6.Галилей мен Ньютонның дене қозғалысы жөніндегі қорытындысы неге негізделген?
7.Үдеу дегеніміз не?
8. Ньютон Исак (1643-1727) Ньютон зерттеулері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. (жалғастыр)
ІІ. «Сен білесің бе?»
Ньютон Исаак (1643 – 1727)
Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.
Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.
Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.
Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады.
“Күш ” деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн.Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі – ньютонмен өлшенеді.




Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:
Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы
IIІ.«Жүйрік болсаң жетіп көр»
Күш. Масса. Ньютонның екінші заңына есептер шығару
І деңгей
1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады?
2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.
3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?
4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?
5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ?
ІІ деңгей
1) Массасы 5кг дене 15 м\с 2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әрекет ету керек ?
2) Жеңіл автокөлігінің массасы 2т, ал жүк автокөлігінің массасы 8т . Жүк автокөлігінің тарту күші жеңіл автокөлігінің тарту күшінен екі есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.
3)1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 600 кг машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз.
ІІІ деңгей
Ғ күшінің әсерімен массасы m-ге тең дене а үдеумен қозғалады. Кестені толтырыңдар.
а 0,4м\с 2 2км\с 2 0,1м\с 2 5см\с 2
m 8кг 3г 200кг 10г
F 2Н 6мН 20Н 1 кН

IY. «Ой толғаныс»
Мына өрнектердің арасында қандай байланыс бар?
N
тіректің реакция күші,Н F
күш,Н A
механикалық жұмыс,Дж t
уақыт, с
k
қатаңдық
m
дененің массасы,кг
μ
Үйкеліс коэффициенті
S
жол,м

ІY.Сабақты бекіту.
Y.Оқушыларды бағалау Тәрбие.орг сайтынан Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанназарова Салтанат Нурадиновна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 877 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar